12
МЭСИД
диаграммасының негізгі элементтері
МЭСИД диаграммасын пайдалануға бір мысал келтірейік.
Оң жəне теріс сандардан тұратын бір өлшемді жиым беріл-
ген. Осы жиымдағы оң элементтердің қосындысын оның теріс
элементтерінің қосындысына бөлгендегі бөліндіні анықтау қа-
жет. Төменде осы есептің диаграммасы мен соған сəйкес Паскаль
тілінің операторлары оның оң жақ бөлігінде келтірілген.
13
Программалау
тілдері – программаларды
ЭЕМ-де тікелей
орын дауға арналған алгоритмдерді жазу тəсілі. Программа –
алгоритмнің ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазылуы.
Əрбір машинаның өз тілі (машиналық тіл) болады жəне ол
тек осы тілдегі программаларды, яғни командалар тізбегін орын-
дай алады. Программаларды машиналық тілде жазу өте күрделі,
əрі адамды шаршататын жұмыс болып табылады. Програм ма-
лаушылардың жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында жасанды
тілдер, яғни программалау тілдері қолданылады.
Мұндайда жа-
санды тілде жазылған программа машиналық тілге аударылуы
тиіс. Аудару жұмысын, яғни программаны бір тілден екінші тілге
түрлендіру ісін транслятор атқарады. Жиі қолданылатын, тікелей
интерпретация жасайтын транслятор түріне Бейсик тілінің транс-
ляторы жатады, ол командаларды аударады да, оны бірден орын-
дайды. Мұндай транслятор жұмысының қорытындысы қажетті
нəтижелерді алу болып табылады.
Паскаль тілінің трансляторы – компилятор түрінде бола-
ды. Мұнда бастапқы жазылған программа мəтіні
машина тіліне
ауда рылады да,
объектілік модуль деп аталатын программа коды
шығарылады. Сонан соң объектілік модуль
Программа ара лық
байланыс редакторы деп аталатын программа арқылы өңдел-
геннен кейін барып қана жұмыс істеуге дайын болады.
14
Алгоритмдік, яғни программалау тілдері есептерді шығару
жолын баяндау-өрнектеу үлгісі, белгілі бір проблеманы шешу
негізінде орында латын əрекеттерге басшылық, ой еңбегін үнем-
деуге мүмкіндік беретін əдіс, есеп
шешімін табуды авто мат-
тандыруға қажетті іс-əрекет, жаңа проблеманы шешу кезінде
қол данылатын тəсілдер, күрделі процестерді өрнектеу жəне мате-
матикалық дəлдікпен анық етіп жазу құралы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: