3. Қазақ философиясының кезеңдері


Қазіргі заман қазақ философиясының ерекшеліктері мен бағыттары



бет6/7
Дата11.02.2024
өлшемі305 Kb.
#491583
1   2   3   4   5   6   7
292978 2

Қазіргі заман қазақ философиясының ерекшеліктері мен бағыттары:
  • Кеңестік дәстүрдің күшті ықпалында болды;
  • Философияның идеологияға айналуы;
  • Таным теориясы, диалектикалық логика мәселелері;
  • Сана, идеалдық мәселелері;
  • Мәдениет, құндылықтар, әлеуметтік философия мәселелері;
  • жаратылыстану ғылымдары, философиялық методтар мәселелері
  • Қазіргі заман шетел философиясы ағымдарын зерделеп, жаңғырту;
  • Догмалардан арылып, әлемдік философияға жақындай түсу;
  • Тіл, діл, дін мәселелеріне көңіл бөлу.
    • Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин (1933 ж.т.) – қазіргі заман Қазақстан философиясының негізін қалаушылардың бірі. Қазақты бүкіл әлемге паш етіп жүрген ойшыл. ХХ ғ. 60-90 жылдарын Қазақстан философиясының «алтын дәуірі»,, таным теориясы, логика, методология, диалектикалық ойлаудың ұстемдік еткен заманы деп атасақ та болады.
    • Ж.Әбділдиннің негізгі шығармалары заманына сай орыс тілінде жазылған: «Теориялық танымдағы бастама мәселесі», «Логика мәселесі және таным диалектикасы», «Таным диалектикасы мен логикасының проблемалары», «Қазіргі ғылымдағы қайшылық принципі», «Осы заманғы ғылымдағы нақтылық принциптері», «Кант диалектикасы» және т.б. еңбектер жазды. 5 томдық «Диалектикалық логикасы» жарық көрді.
    • Ж.Әбділдин философиясында ғылыми –теориялық танымдағы бастама, алғашқы бастау мәселесіне жан –жақты талдау жасалған, оны тарихи –логикалық тұрғыдан қарастыра отырып, проблеманы нақты шешу мен ұғынудың қисыны дамытылған, бастама ұғымы мен соған қатысты категориялардың логикалық –гносеологиялық қызметі және мәні ашылып көрсетілген, ғылыми танымдағы оның методологиялық ролін ашу жүзеге асырылған. Бастама дегеніміз әлде бір дерексіз ой емес, ол өз дамуында бара –бара күрделенетін тұтастық.
    • Осыны әрі қарай дамыта келе жалпы мен жекенің, материя мен форманың, тарихилық пен логикалықтың, бүтін мен бөлшектің диалектикалық қайшылықты бірлігін көреміз. Бастаманы негіздеудегі маңызды логикалық –әдістемелік бағдар қызметін қайшылық, тұтастық, өзін –өзі негіздеу мен нақты тарихи принциптерді атқарады
    1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет