Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Магистрлік диссертация іскерлік басылымдарды негізге ала отырып, осы басылымдардың ерекшеліктері мен қағидаттарына, олардың жанрлық ерекшеліктеріне, олардың жіктелуін анықтауды мақсат етеді.
Іскерлік журналистика XХ ғасыр басында пайда бола бастағанына қарамастан, Қазақстанда оның БАҚ нарығындағы бағытын қарастыру жаңа заманда ерекше көзге түскен секілді. Сонымен қатар, еліміздің дамуы барысындағы тарихи ерекшеліктерге орай 1991 жылдан 2016 жылға дейінгі уақыт аралығында қазақстандық іскерлік журналистиканың күшті бағыттарын дамыту туралы сөз қозғау күрделі мәселе. Сондықтан, біз өз зерттеуімізде тәуелсіздік жылдарындағы іскерлік басылымдарды таңдап алдық. Осылайша, біздің зерттеуіміздің мақсатын анықтауға болады: заманауи әмбебап іскерлік басылымдарының жұмыс ерекшеліктерін мысалы қарастыруды мақсат етіп отырмыз. Жұмыстың мақсатына орай келесі тапсырмаларды орындау жолға қойылды:
Қазақстандағы іскерлік журналистиканың туындау тарихын және қалыптасуын, даму бағытындағы негізгі кезеңдерін және олардың әр кезеңдегі ерекшеліктерін анықтау.
Қазіргі іскерлік басылымдардың басты белгілеріне назар аудара отырып, іскерлік баспасөз құралдарының типтік сипатын анықтап, басты негіздемелеріне сай оларды топтастыру, әмбебап іскерлік баспасөздің өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Қазіргі БАҚ-тағы іскерлік журналистиканың жанрлық, тақырыптық ерекшеліктерін зерделеу негізгі мақсатымыз.
Сонымен бірге зерттеу жұмысы өз алдына мынадай міндеттер қойып отыр:
Іскерлік басылымдардың негізгі ерекшеліктерін анықтау;
қазақ баспасөзі тарихындағы іскерлік басылымдардың құрылымдық пішіндерін талдау;
іскерлік басылымдарды топтау;
1991-2016 жылдар аралығында іскерлік басылымдарда жарық көрген мақалаларды талдау және оларға баға беру;
іскерлік басылым беттерінде жарияланған мақалалардың бизнес ортасын, қаржы саласын ақпараттандырудағы ықпалына тоқталу.
Достарыңызбен бөлісу: |