3 Қазіргі іскерлік басылымдар: тарих пен тәжірибе


Іскерлік басылымдардағы тақырыптық, жанрлық ізденістер



бет6/14
Дата10.06.2023
өлшемі0.51 Mb.
#474915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
901014450238 kz 6M050400 Али Салтанат Файзуллаевна 2017

1.2 Іскерлік басылымдардағы тақырыптық, жанрлық ізденістер

Іскерлік журналистика - Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінің ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Іскерлік сипаттағы ақпаратпен оқырмандарды, көрермендер мен тыңдаушыларды қамтамасыз ететін медиа саны үздіксіз өсуде, қоғамдағы және экономикадағы болып жатқан процестерге бизнес-БАҚ-тың әсері артуда, іскерлік масс-медианың мәселелеріне журналистік қоғамдастықтың, бизнестің және қоғамның назары жоғарылауда.


Қазіргі уақытта іскерлік баспасөз бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі редакциялар ел экономикасының дамуын болжау жасап, талдауды жөн көреді. Сонымен қатар іскерлік баспасөз қор нарықтарының, валюталық құбылуы мен баға белгіленімдерінің өсуін қадағалайды. Бұл басылымдар жоғары және орта буындағы басқа бизнесмендер, менеджерлер және басқа да мамандардан басқа вакуумда және ақпараттық тежеуде қалғылары келмейтіндерге бағдарланады.
Қазіргі медиа нарығында аудиторияның түрлі сегменттерін қамтамасыз ететін және түрлі мақсатты міндеттерді орындайтын басылымдардың көп түрлері ұсынылған – жаппай, элиталық, тар шеңберде мамандандырылған болып бөліне береді. Бұл үрдіс туралы Ресей ғалымдары мынадай пікір айтады: «Іскерлік мерзімді басылым тек қана ресейдің екі астанасында ғана емес сонымен қатар өңірлерінде де (өңіраралық іскерлік басылымдар) жарарыққа шығып, дамиды. Аймақтарда бүкілресейлік болуға тырысатын алдыңғы қатарлы сапалы баспасөз пайда болады» [14,187-б.]. Қазақстанның өзінде экономикалық бағытта 50 астам газет, журнал басылып шығады екен. Экономиканың жалпы сұрақтары бойынша, салалық және өңірлік экономика бойынша, экономикалық білім алу, кәсіпкерлік, экономикалық қызметтің жеке бағыттары бойынша: аукционерлеу; банктік, кедендік, сақтандыру, бухгалтерлік іс, сондай-ақ, аудит, салық салу, инвестициялар, сыртқы мен ішкі сауда бойынша, халықаралық бизнестің, қаржы нарығының, өнім мен қызметтерді қамтиды. Қазіргі іскерлік басылымдардың даму кезеңінің ерекшілігі шетелдік бизнесмендерге, тұтынушыларға арналған журналдар мен бизнесмендердің өмірлері туралы журналдар болып табылады.
Іскерлік басылымдардың ерекшелігіне журналистика саласындағы зерттеулерде маңызды көңіл бөлініп келеді (Вырковский А.В., Еременко А.В., Засурский Я.Н., Кулев В.С.), соның ішінде қалалық іскерлік баспасөз (Толстунова М.А.) туралы да еңбектер бар. Бизнеске арналған баспасөз туралы арнаулы зерттеулер соңғы жылдары Ресейде бірнеше ғылыми еңбектерде көрініс тапты. Соның ішінде Е.И.Мордовскаядың «Іскерлік баспасөз мерзімді баспасөз жүйесінде» атты еңбекте іскерлік баспасөздің типологиялық формалары, қалыптасу және даму жолдары туралы, А.В. Еременконың «Ресейдегі іскерлік баспасөз: тарихы мен басылым моделі», В.Я. Сергачевтің «Аймақтың іскерлік баспасөзі: тарихы және дамудың перспективалары», сондай-ақ, «Ресейдің іскерлік баспасөзі: бүгіні мен келешегі» деген еңбектер де бар.
«Іскерлік журналистика» деген ұғымды саралай келе, А.А.Грабельников «іскерлік баспасөзді» бірнеше түрге бөліп қарастырады. Зерттеушінің пікірінше, талдамалы журналистік мәтіндер пайдаланылатын іскерлік баспасөз заңнамалық және нормативті ақпаратты таратып, оқырмандарды қазіргі бизнестің жағдайы жайында кеңінен хабардар етеді. Бұл ретте А.А.Грабельников іскерлік басылымды элиталық топтарға арналған сапалы басылымдарға төрт түрге бөледі: корпоративтік және ведомстволық басылымдар, кең оқырманға арналған танымал басылымдар, салалық талдамалы басылымдар [15,5-б.].
А.В.Еременко келесідей ұйғарымды ұсынады: «Іскерлік баспасөз –
бизнес-коммуникацияның қарамағында болатын, талданатын мәселенің экономикалық табиғатын ашатын біртұтас санаттық белгісі, яғни іскерлік мәселелер жиынтығы бар айрықша ақпараттық жүйе. Е.И. Мордовская іскерлік баспасөз ұғымын былай анықтайды: «Іскерлік баспасөз дегеніміз – бизнестің дамуына ықпал ететін ақпараттық кеңістікті құру мақсатындағы материалдарды (журналистік, статистикалық, заңнамалық, жарнамалық- ақпараттық және т.б.) жариялау арқылы бірінші кезекте кәсіпкерлік қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады» [16,78-б.],-дейді.
Біздің ойымызша, іскерлік баспасөздің басты белгілерін көрсететін ең дәл анықтаманы В.С.Кулев береді: «Іскерлік баспасөз нақты аудиторияға бағытталған» [17,38-б.],- деген тұжырымы орынды. Оның міндеті – кәсіпкерлердің қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру, нарықтық экономика принциптерін насихаттау, заңнамалық және нормативтік ақпаратты тарату, отандық бизнесменнің жағымды имиджін қалыптастыру, оқырманды бизнес әлемі жайында кеңінен хабардар ету. Бұл, ең алдымен, элиталық топтарға арналған сапалы басылымдар, корпоративтік басылымдар, сараптамалық басылымдар. Бұл – мамандарға арналған іскерлік газеттер мен журналдар – экономика, саясат, ғылым, мәдениет төңірегіндегі мәселелерді де қозғайды» [17,78-б.],-деген түсінік береді.
Соңғы екі онжылдықта Қазақстанда іскерлік БАҚ жүйесі қалыптасып үлгерді. Олардың құрамында іскерлік басылымдар (тек іскерлік ақпарат – экономика саласындағы жаңалықтар мен комметарийлер) мен іскер адамдарға арналған басылымдар (іскер адамдарды іскерлік, сондай-ақ басқа да қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету) бар. Іскерлік басылымдар республикалық және өңірлік деңгейде дамып келеді. Бұған бизнестің әртүрлі салаларында жұмыс істеп тұрған барлық құрылымдар мен ұйымдар (банктер, сақтандыру компаниялары, сауда және көрме фирмалары, әртүрлі қаржы институттары, өндірушілер, логистика, менеджмент, ұйым басқару, салық салу, жылжымайтын мүлік, сапаны басқару, электронды коммерция, құрылыс, көлік, сауда, құнды қағаздар, фондты нарық, туризм, құқық, бухучет пен аудит, кәсіпкерлік және т.б.) жағдай туғызуда.
Өңірлік іскерлік басылымдар өңірлік инфрақұрылым секторларының бірі ретінде (ақпараттық) алға шығып кетті. Жергілікті газеттер мейрамханалар рейтингісінен бастап, банктердің ұсыныстарына дейінгі барлық өзекті ақпаратты жариялау арқылы белгілі бір аймақтың қажеттілігін қанағаттандыратын ақпарат көзі болумен қатар, жарнама берушілерге арналған таптырмайтын ресурс ретінде де қолданылады.
Іскерлік баспасөз феноменін зерттеушілердің пікірі бір жерден шығуда, олардың айтуынша, іскерлік ақпарат кәсіпкерлікке қызмет көрсету және оны дамытуға бағытталған мәтіндік және сандық материалдар болып табылады. В.С.Кулев іскерлік ақпаратты мақсаты мен пайдалану сипатына қарай келесі түрлерге бөледі: қалпына келтіргіш, талдамалық, жедел-анықтамалық, жарнамалық-коммерциялық. А.А.Грабельников жедел-анықтамалық, жарнамалық-коммерциялық түрлерін ажыратқан.
Бірақ, біздің ойымызша, іскерлік басылымдардың әртүрлі бағыттылығын ескеруге мүмкіндік беретін ең әмбебап жіктемені Б.Я.Мисонжникова ұсынған, ол іскерлік БАҚ-ты былай бөлген: берілген типологиялық моделін сақтай отырып, тақырыптық жан-жақтылығымен ерекшеленетін жалпы пішіндегі іскерлік басылымдар; теориялық саяси-экономикалық компоненті күшейген және сол арқылы маңызды әлеуметтік-саяси оқиғаларды қарауға мүмкіндік беретін саяси-экономикалық бағыттағы іскерлік басылымдар; банктік капиталдың динамикасы, қаржы мекемелерінің әрекеттері, несие үрдістері мен деңгейлері, валюта бағамдары және т.б. жазылатын қаржылық бағыттағы іскерлік басылымдар; биржалық өмірдің қырлары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, акцияларға баға белгілеу және т.б. көрініс табатын биржалық іскерлік басылымдар; жоғары талдамалық, журналистік және полиграфиялық деңгейімен ерекшеленетін күнделікті газет басылымының ерекше түрі, яғни сапалы басылымдар. Мұнда оқырман (өнеркәсіп иесі, банк қызметкері, қаржыгер, кәсіпкер) дербес басқару шешімдерін қабылдай алу үшін экономикалық және қаржылық ақпарат жарияланады, сондықтан да оқырманға газеттің нақтылығы, жан-жақтылығы, жеделдігі аса маңызды. Әдетте сапалы басылым тақырыптық жағынан мынадай түрде құрылған: саяси өмір, әлеуметтік сала, экономика, мәдениет, спорт, тақырыптық шығарылымдар (ғылым, білім, туризм және т.б.).
Алдымен, іскерлік басылымдарда жұмыс істейтін журналист қызметінің аясына бизнес-ортадағы экономикалық талдамалық, маркетингтік, зерттеуші және кәсіпкерлік қызмет түрлері жататындығын атап өткен жөн. Іскерлік баспасөз құралдары экономикалық нарықтағы жағдайларды көрсетіп, кәсіпорынның қызметін, өндірістік ортаға жаңа технологиялар енгізілгендігі туралы ақпараттарды ұсынып отырады. Яғни біз, жоғарыда аталып кеткендей, кейбір зерттеу жұмыстарында берілген ақпараттардан өзге іскерлік журналистиканың ортаға әсер етуі туралы толықтай анықтамалар береміз
Іскерлік журналистиканың құрылымдық-қызметтік ерекшелігі үш түрлі факторлар тобына негізделеді: объектілі-заттық толықтыру әдіс, аудиторияның сипаты, осы үш топ арқылы коммуникативті байланыстар іске асырылады.
Іскерлік баспасөзге қатысты типологиялық сұрақтар бүгінде толықтай шешімін таппаған. Зерттеушілер бұл мәселе бойынша бір шешімге келе алмай отыр. Мысалы, Д.П.Гавра іскерлік БАҚ аудиториясының үш дәрежесін бөліп көрсетті:
– бизнес-субъектілер – кәсіби кәсіпкерлік іс-әрекет субъектілері;
– баға өндірісіне байланысты кәсіби өндірістік емес сипаттағы субъектілер;
– қарапайым экономикалық сипаттағы субъектілер.
Осы сипатта бөліп қарастыру іскерлік баспалардағы аудиториялар типіне қарай үш дәрежеге негізделеді:
– шағын мағынадағы іскерлік журналистика – бизнес-субъектілер үшін бизнес-журналистика;
– толық мағынадағы іскерлік журналистика – кәсіби (мамандандырылған) - экономикалық журналистика;
– кең мағынадағы іскерлік журналистика – барлық дәрежедегі аудиттриялар үшін [18, 58-б.].
М.А.Бережная іскерлік БАҚ аудиториясын келесі дәрежелер арқылы сипаттайды:
- Экономикалық журналистика аудиториясы (менеджерлер, экономисттер, қаржыгерлер, бухгалтерлер, логисттер, қамтамасыз етушілер);
- Іскерлік экономикалық емес журналистика аудиториясы (білікті мамандар - профессионалдар);
- Жалпы іскерлік журналистика аудиториясы – қарапайым (профессионалды емес) экономикалық әрекет субъектілері [19, 128-б.].
Баспасөз зерттеушілерінің көпшілігі жалпы іскерлік ақпарат секторын келесідей бөліп:
- Экономикалық ақпарат;
- Биржалық және қаржылық;
- Іскерлік ақпарат;
- Статистикалық ақпарат;
- Коммерциялық ақпарат.
Бүгінгі таңда іскерлік баспаларды шығарумен айналысатындар:
- Медиатоптар;
- Іскерлік баспа профильді болып саналмайтын бизнесмендер;
- Билік органдары;
- Экономика саласында жұмыс атқаратын қорлар мен ұйымдастырушылар.
Іскерлік журналдардың негізгі оқырмандары – компания, өндірістік кәсіпорындардың иелері мен басшылары, орта буын менеджерлері, билік органдарының өкілдері, өз бизнесін бастауға бет бұрған адамдар. Баспагерлер дәл мына аудитория туралы ақпараттар келтіреді: негізінен 35-50 жас аралығындағы ер азаматтардан тұратын, тұрақты жоғары кіріс көзіне ие, қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігі. Баспаның «іскер элитаға арналған журнал», «лауазымды тұлғалар үшін», «қалталы азаматтар үшін», «таныстыру дәрежесіндегі журнал» секілді тақырыпшалары бар. Кәсіпорындардың мамандары мен басшыларының назар аударуы үшін «танымал іскер» аталатын журналдар мысалы да кездесіп жатады.
Елдегі экономикалық ахуалдың айтарлықтай өсуіне қарамастан Қазақстанның іскерлік басылымдарының нақты аудиториясы соңғы жылдары тіпті артпаған және олар алдыңғысынша елдің жалпы оқырмандары арасында бар-жоғы 2% құрайды. Ал Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 50% құрайды. Күнделікті сарапшылардың бағалауы бойынша «Эксперт Казахстана», «Личные деньгии», «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер» басылымдарын Астананың 12% тұрғыны, ал жалпы Қазақстанның – 9% ғана оқиды.
Дегенмен іскерлік журналистиканың типтік жүйесіне қатысты түрлі зерттеулер позициясына оралайық. А.А. Грабельников «іскерлік баспасөз» және «іскерлік журналистика» ұғымдарын ажыратуды ұсынады: іскерлік баспасөз журналисттік мәтіндер, әсіресе талдаулар белсенді қолданылатын, заңнамалық және нормативтік ақпараттарды тарататын, оқырмандарды бизнес әлемімен таныстыратын баспасөзден тұрады. Ол іскерлік баспасөзді элиталы топтарға арналған сапалы топтарға бөліп көрсетті: корпоративті және мекемелік басылымдар; жалпы оқырмандарға арналған танымал басылымдар; салалық талдаулық басылымдар [15, 87-б.]. Ал іскерлік журналистика журналисттік мәтіндер тіптен кездеспейтін газеттер мен журналдардан тұрады. Оның орнына биржалық ақпарат, баға белгілеу, тауардың ағымдағы баға көрсеткіші, хабарландырулар және жарнама (көтерме және жекелей сауданы, қызмет ету аясы туралы ақпараттар шығаратын баспалар) жарияланады. Осылайша, біз жалпы іскерлік журналистика саласын іскерлік баспаға дейін жеткізіп, зерттеу нысанының аясын тарылтамыз.
Е.И.Мордовская іскерлік баспасөз ұғымына былайша анықтама берді – бұл «бірінші кезекте кәсіпорындардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында бизнесті дамытуға әсер ететін ақпараттық аумақты құру үшін материалдар басып шығаратын (журналистік, статистикалық, заңнамалық, жарнама-ақпараттық және т.б.) баспа» [20, 87-б.]. Ол іскерлік баспасөзді келесідей топтарға бөліп көрсетті: алдын ала арнайы білімді талап етпейтін (бұқаралық), қолжетімділік пен түсініктілігі жоғары дәрежеге ие басылымдар; арнайы мамандар мен кәсіби мамандарға арналған (мамандандырылған) баспасөз [20, 148-б.]. Сонымен қатар іскерлік баспасөздің келесі топтарын атап өтуге болады:
- Жалпыға бірдей іскерлік журналдар - бизнес-қоғамдастықтар мен бизнеске қатысты қызмет көрсететін мамандарға арналған басылымдар. Мұндай газет, журналдарда шығарылатын ақпараттардың басым бөлігі экономика, бизнес, қаржы, менеджментке қатысты жаңалықтар, талдау мен анықтамалық ақпараттар болып табылады. Алайда, аталған іскерлік баспа түрлерінде бос уақытты қалай өткізу, хобби, спорт және т.б. арналған тараулар да болады.
- Мамандандырылған (салалық және профессионалды) іскерлік журналдар – мазмұны, тек осы салаға немесе басқару, өндіріс және қаржылық қызмет ортасына тікелей қатысы бар тұлғаларға арналған БАҚ түрі.
- Корпоративті іскерлік журналдар – нақты кәсіпорын, корпорация, бірлестіктермен компания қызметкерлеріне, сала қызметкерлеріне (бәсекелестерді қоса есептегенде), атқарушы және заң шығарушы билік өкілдеріне қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін шығарылатын баспасөз түрі. Олардың басты айырмашылықтары – редакциялық саясаттың салыстырмалы тәуелсіздігі, сондай-ақ корпоративті тақырыпқа қарағанда салалық ойдың басым болуы.
- Іскерлік журналдар – мемлекеттік биліктегі органдардың баспалары – мемлекеттік биліктегі органдармен бекітілген немесе ҚР заңнамасына сай мемлекеттік тапсырмаларды орындайтын журналдар.
Зерттеуші Б.Я. Мисонжникованың ойынша шартты іскерлік БАҚ келесі түрлерге бөлуге болады:
- Жалпы бағыттағы іскерлік басылымдар – аталған типтік модельдің белгілерін сақтай отырып, тақырыптық бірегейлігімен ерекшеленетін баспасөз түрі;
- Саяси-экономикалық бағыттағы іскерлік басылымдар – теориялық саяси-экономикалық компоненттер анық көрсетілетін және сол арқылы маңызды әлеуметтік-саяси құбылыстар қарастырылатын баспасөз түрі;
- Қаржылық бағыттағы іскерлік басылымдар – банктік капитал динамикасы, қаржылық мекеме қызметтері, несие беру деңгейі мен тенденциясы, валюта курсы және т.б. анықталатын баспасөз түрі;
- Биржалық іскерлік басылымдар – биржаның жан-жақты түрі көрсетілетін: құнды қағаздарды сатып алу және сату, акциялардың ағымдағы бағасын анықтау және т.б. баспа түрі;
- Сапалы баспалар – күнделікті газеттік аралықтың өте ерекше түрі, мұнда үздік әлемдік баспасөздің ұзақ уақыт бойында дамуы нәтижесінде пайда болған жалпы типтік модель көрсетіледі. Сапалы басылымдар жоғары сараптамалық, журналисттік және полиграфиялық дәрежесімен сипатталады. Мұнда оқырман – кәсіпорын иесі, банкир, қаржыгер, коммерсант, тарапынан басқару барысында жеке қабылданатын шешімдерге қатысты қаржылық және экономикалық ақпараттар жарияланады, бұл үшін газет өніміндегі ақпарттардың туралық, жан-жақтылық, ұйымшылдығы қажет. Мұнда журналистердің публицистикалық ойлары ғана емес, сонымен қатар түрлі сала мамандарының ойлары да бағаланады. Мұндай басылымдарда үлкен көлемдегі ақпаратты жинақтау және оны өңдеу үшін арнайы құрылымдық-функционалдық жағынан жетілдірілген редакциялық аппарат қолданылады. Әдетте сапалы басылымдар тақырыптық құрылымы бойынша келесідей құрастырылады: саяси өмір, әлеуметтік орта, экономика, мәдениет, спорт, тақырыптық шығарылымдар (ғылым, білім, туризм және т.с.с.). біліктілік дәрежесі жоғары мамандар қызмет атқарады және ақпараттың туралығын тексеретін қатаң бақылау жүйесі болады.
Алайда, Б.Я. Мисонжникованың классификациясы біз үшін ең қолайлы болып көрінгенімен, сапалы баспасөз категориясы біраз күмән туғызады. Соңғы уақыттарда бұл атаумен бұқаралық басылымдардан берілетін ақпарат дәрежесімен ерекшеленетін өзге де барлық іскерлік басылымдарды түсіндіру қабылданғандықтан, біз оны әмбебап іскерлік баспасөз категориясына алмастырамыз, өз кезегінде біз зерттеп отырған басылымдар да осы категорияға жатады. Біз іскерлік басылымдардың басқа типтік түрлерін (мысалы, форматы, шығу уақыты, таралу аумағы және т.б.) қарастырмайтынымызды атап өткен жөн, себебі біздің зерттеуіміз барысында бұл маңызды болып табылмайды.
Осылайша, БАҚ-ты іскерлік типке жатқызу үшін мынадай іргелі белгілерді ажыратуға болады: аудиториялық (елдің экономикалық өмірінде болып жатқан процестерге қатысы бар оқырмандар), пәндік-тақырыптық бағыт (экономика) және мақсатты бағыт (іскерлік БАҚ мақсатты аудиторияны экономика әлемінде болып жатқан ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қызмет етеді). М.А.Толстунова ресейлік іскерлік баспасөздің ерекшеліктерін айта келе, «Ресей іскерлік басылымдары – негізгі мазмұны экономикалық ақпарат болып табылатын сапалы баспасөз» [21,148-б.],- деген әділ тұжырымға келеді. Іскерлік баспасөз аудиториясы бизнесмендер мен жеке кәсіпкерлерден ғана тұрмайды сонымен қатар, жетекші фирмалардың мамандары, саясаткерлер, шенеуніктер, ғалымдар, экономистер, менеджерлер, PR-мамандар, саясаттанушыларды дайындайтын қазақстандық жоғары оқу орындар. Іскерлік баспасөздің негізгі түр қалыптастырушы белгісі оның тақырыптары (экономика, бизнес мәселелері) болып табылады.
Іскерлік баспасөздің көпқырлылығы оның классификациясы үшін белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Сонымен қатар, іскерлік газет, журналдардың типологиясын айқындауға олардың жіктемесінің жоқтығы кедергі келтіреді, нәтижесінде, «іскерлік басылым» және «іскерлік журнал» ұғымдарын түсіндіруде өзгешеліктер туындайды. Зерттеушілердің көпшілігі іскерлік журналды іскерлік қоғамдастықтың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға міндеттелген басылым ретінде ғана қабылдайды. Іскерлік журналдың функционалдық ерекшелігі келесі белгілерге негізделген: біріншіден, журнал бағытталған аудитория сипаты; екіншіден, берілген ақпараттың пәндік-тақырыптық бағыты; үшіншіден, журналдың мақсаты. Іскерлік журналдың түр қалыптастырушы белгісіне оның іскерлік тақырыптағы көлемі мен сипатын жатқызамыз. Осы параметрлер бойынша баспасөздің бес түрін бөлуге болады: әмбебап, мамандандырылған, тар көлемде мамандандырылған, кәсіптік және «нүктелік».
Әмбебап іскер басылымдарға «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан» журнал басылымдары жатады. Бұл басылымдар жалпы экономикалық ақпарат пен биржалық мәліметтерді жариялаумен қатар, саясат, әлеуметтік мәселелер, мәдениет және т.б. жайында жазады. Бірақ оның негізгі мазмұны іскерлік ақпарат болып қалады. Сонымен қатар, газет мәдениет тақырыбының өзін қаржылық мүдделер призмасы арқылы қарастыруға ұмтылады. Қазақстан баспасөзінің тәжірибесінде әлі әмбебап іскерлік газетінің толық аналогы жоқ. Осы түрге Ресейдегі «Коммерсант» және «Финансовые известия» ұмтылды. Бірақ «Коммерсант» эволюциясы әмбебап жалпы саяси басылымдар жағына өтіп кетті де, «Финансовые известия» газет ретінде өз жұмысын тоқтатты.
Бағыты бойынша «Экономика және өмір» апталық газетін әмбебап іскер басылымдардың қатарына жатқызуға болады. Алайда, қолданыстағы мазмұнына сәйкес газет «Қаржылық газеті», «Қаржылық Қазақстан» секілді мамандандырылған іскерлік басылымдарға тезірек жақындап келеді. Бұл, ең алдымен, нормативтік құжаттарды және түрлі заң нормалары мен заңға тәуелді актілерді қолдану жөніндегі түсіндірмелерді жариялаудың есебінен болады.
Қазақстандағы баспасөздегі мамандандырылған іскерлік басылымдар қатарына «Kazakhstan Business Magazine», «Бизнес&Власть», «National Business», «Эксперт Казахстан», «Бизнес спектр Казахстана», «Forbes Казахстан», «PR-Партнер», «Деловой Казахстан» т.б. жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ, тар көлемде мамандандырылған іскерлік басылымдар қазақстандық баспасөзде «Қаржы және несие», «Бухгалтерлік есеп» және т.б. газет-журналдары ретінде кеңінен ұсынылған.
Кәсіби басылымдар, әдетте, өзінің кәсіби тиесілілігін титулға шығарады: «Қаржыгер», «Банкир» және т.б. журналдары. Бір жағынан, оларды мамандандырылған іскерлік басылым ретінде қарастыруға болады. Алайда, тақырыптық сипаты бойынша кәсіби басылымдар әмбебап болып келеді — олар, әдетте, кәсіпті ғана емес, кәсіптегі өмірді қамтиды. Бұл жағдай кәсіби басылымдарды баспасөздің дербес түрі ретінде бөлініп шығуға итермелейді.
Біз қарастырған барлық іскерлік басылымдардың бастауы олардың негізгі функциясы – бизнес-коммуникацияның қамтамасыз ету функциясы болып табылады. Ол іскер басылымдарға қойылатын сенімді ақпарат көзі болу деген негізгі талапты анықтайды. Іскерлік журналдар жүйесі БАҚ заңдылықтары негізінде құрылатын компоненттер жиынтығынан тұрады. Ол ресей іскерлік баспасөздің ішкі жүйесі ретінде қалыптасқан.
Іскерлік баспасөздің жанрлық жүйесі әрқилы. Іскерлік баспасөздің жанрлық жүйесін зерттей келе, М.А. Толстунова мынадай тұжырымға келеді: «Іскерлік баспасөзде пайдаланылатын журналистиканың негізгі жанрларына кеңейтілген заметка, сұхбат, шолу, мақала, пікір, есеп жатады. Рейтинг нәтижелері бойынша блиц-сауалнама үнемі жарияланады. Іскерлік басылымдарға көркем-публицистикалық жанрлар тән емес. Журналистік, жарнамалық және PR-мәтіндер ажырату мәселесін туғызатын «гибридті» жанрлар (жарнамалық және имидждік сұхбаттар мен мақалалар, баспасөз хабарламалары) кеңінен қолданылады» [21, 124-б.]. Қазақ баспасөзінде журналистика жанрларының барлық түрі кездеседі деуге болады және жаңа жанрлық нұсқалардың пайда болуы – «кеңейтілген заметка», «очеркті сұхбат», «дөңгелек үстел» т.б. кездеседі (1-кесте, 80 бетте).
Бірақ тек қана өңірлік емес, республикалық іскерлік баспасөзде бұл жанрлар бар. Іскерлік баспасөздің жанрлық жүйесінің өзегі ақпараттық заметка, сұхбат, репортаж, есеп, сараптамалық мақалалар, экономикалық және саяси шолу, пікір, рейтинг, болжам болып табылады. Төмендегі кестеде (1-кесте, 80 бетте) соңғы бір жылда жарияланған мақалалардың үлес-салмағы сараланған.
Іскерлік баспасөздің ең танымал жанрларының бірі сұхбат болып табылады, алайда, М.А.Толстунова «Бұл жанрдың материалдары ақпараттандырудың жеткіліксіз болуымен ерекшеленеді» [21,15-б.],- деп санайды. Сонымен бірге іскерлік басылымдарда сұхбаттан басқа блиц-сауалнама, сұрақ-жауап жанрлары пайдаланылады.
Диалогтың, талқылаудың дамуына байланысты қазіргі заманғы іскерлік журналистикада «дөңгелек үстел» жанры танымал болып келеді (сондай-ақ, оның бір түрі – «бизнес-жекпе-жек»). «Дөңгелек үстел» жанры бойынша жарияланымдарға саясаткерлердің, бизнесмендердің фотосуреттері қойылған, өткір, өзекті тақырыптарды қозғайтын әңгімелерінің жазбалары жарияланады.
М.А. Толстунова: «Іскерлік баспасөзде зерттеу жанрларының рөлі зор. Бұл жанрлар тобының материалдары газеттегі журналистік басылымдардың орта есеппен үштен бір бөлігін құрайды, ал іскерлік журналдарда зерттеу жанрлары жартысын алады, кейде олардың үлесі 80% дейін жетеді» [21,36-б.],- дейді.
Іскерлік баспасөзде үнемі пайдаланылатын жанр – мақала (проблемалық, ұсыныстық, ғылыми-көпшілік). Олар «Деловая неделя», «Капитал», «Эксперт», «Vox populi» газеттерінде жиі кездеседі. Сондай-ақ, іскерлік баспасөзде үнемі пайдаланылатын жанр – шолу, оны төрт негізгі топқа бөлуге болады: жалпы, тақырыптық, БАҚ-қа шолу, хаттарға шолу. Іскерлік басылымдардағы ең танымалысы тақырыптық шолулар болып табылады. «Деловая неделя» газетінің бірінші жолында саяси және экономикалық шолулар үнемі жарияланады. Кейбір іскерлік баспасөз беттерінде сәулет, кітап, мейрамхана, сайттар, кинопремьераға, аудио және видеопрокат жаңалықтары, гастрольдік бағдарламалар, көрмелер, фестивальдер, туристік, спорттық іс-шаралар және т. б. шолулары кездеседі, сондай-ақ «Деловая неделя» апталығындағы дәстүрлі жанрға БАҚ-қа шолу айналды.
Қазіргі заманғы іскерлік баспасөзде әлеуметтік резюме жанры жиі пайдаланылады (ғылыми мекемелер жүргізген әлеуметтік зерттеулердің негізгі нәтижелерінің баяндалуы), компаниялар мен ықпалды адамдардың (бизнесмендер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері) рейтингтері жарияланады.
Есеп жанры (отырыстар кәсіби көрмелер, тренингтер, форумдар, баспасөз-конференциялары туралы) танымал болып келеді, бәлкім, уақытты көп алмайтындақтан болар, сондай-ақ, өйткені оның жедел мазмұндау стилі іскерлік басылымға сәйкес келетін тип болғандықтан.
Бірқатар іскерлік басылымдар рецензия жанрына жүгінеді. «Кітапхана» айдары, «Оқуға кеңес береміз» айдары, «Жарнама саласы» және «Биржа» «Бизнес-құрал» айдарлары газет, журналдарда ғылыми-көпшілік әдебиеттерге, бизнес, менеджмент, маркетинг, жарнама, өмірбаян өткен және қазіргінің белгілі кәсіпкерлерінің мемуарларына рецензия жарияланады. Сонымен қатар, кейбір басылымдарда жаңа көркем әдебиетке арналған рецензиялар орналастырылады, әдетте, бұл бұқаралық мәдениет туындылары: «бульварлық» романдар, детективтер, фантастика берілетін жағдайлар кездеседі.
Көркем публицистика іскерлік баспасөзде тән емес, кейде кейбір басылымдар беттерінде эссе және жол сапар очерктерін кездестіруге болады.
Іскерлік баспасөзде репортаж аз таралған құбылыс. Ол іскерлік баспасөздің газеттер мен журналдарындағы ерекше белгілерге ие. Осылай отырыс думасынан хабар жариялап отыратын «парламенттік репортаж», конференциялар мен көрмелер репортаждары («Биржа» газетінде), сондай-ақ осы жанрда «мерейтойлық даталар» репортаждары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет