3 Қазіргі іскерлік басылымдар: тарих пен тәжірибе



бет9/14
Дата10.06.2023
өлшемі0.51 Mb.
#474915
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
901014450238 kz 6M050400 Али Салтанат Файзуллаевна 2017

Салынып жатқан объектілер
Типтік және элиталық деп бөлінгендіктен құрылыс кәсіпорындар әртүрлі жарнамалық уәделерін дамытуға тырысады. Оларға коммуникациялық арналарды қолданады – «сыртқы» және баспасөз.
Эконом-класстағы тұрғын үйлерді сатып алушыларды, біріншіден, үйдің орналасқан жері мен бір квадрат метрінің бағасы қызықтырады. Сол себепті ондай объектілерді көп жағдайда жарнамаға үйдің суреті мен ол туралы қысқаша ақпарат жазады.
Потенциальді сатып алушыға элиталық тұрғын үйдің эмоциальді сипаттамасы маңыздырақ. Пентхаус сатып алып жатқан адам арманын орындап, өмірінің жаңа стилін, әлеуметтік табалдырығын біреуіне жоғарлап жатыр. Сәйкесінше, жарнама ондай аудиторияға элиталық өмірдің философиясы бейнелеп, тартымды бейнені құру керек. Сондықтан жарнамада ондай объектіні танымал, өміріне риза адамды көрсетіп, ол тұрғын үйдің Haute Couture екендігін айту керек.
Құрылыс кәсіпорны барлық ақпаратты жеткізу үшін мамандандырылған басылымдарды және іскерлік баспасөзді, «глянец» пен бұқараға арналған басылымды қолданады. Аталған баспасөзде жылжымайтын мүлік объектісінің классына байланысты ақпараттарды толық жариялауға тырысады.
Алайда, мамандандырылған БАҚ-та орналастырған құрылыс компаниялардың жарнама көлемін ескере келе, басқа кәсіпорындардан қалай ерекшеленуге тырысады деген сұрақ пайда болады. Барлық құрылыс компанияларының бірауыздан стандартты емес және креативті қадамдар арқылы жасадық дейді. Бірақ бұл түсініктердің мағынасын анықтау қиын. Негізгі фактор жарнаманың көлемі мен мазмұнына байланысты.
Бүгінгі іскерлік журналистика Қазақстандаңы БАҚ-тарының ішіндегі қарқынды дамып жатқан саласы. Іскерлік тақырыпта жұмыс істейтін медиа саны көбейіп, қоғамдағы және экономикалық процестерге бизнес әсерлері, қоғам көңілін жоғарылатады.
Мемлекет пен қоғамның модернациялануы іскерлік ақпараттар жүйесін трансформацияға әкеледі. Қазақстан экономикасының дамуы, тұтынушылар сұранысының көбеюі, бизнес саласының белгілі сигменттерінің дами түсуі, қазақстандық компаниялардың басым көпшілігінің акцийларының жоғарылануы, шетелдік брендтердің қазақстандық нарыққа кіруі, жеке меншік БАҚ құрылымындағы өзгерістер, іскерлік ақпарат конвергенциясы мен электронды коммерция және т.б. болып жатқанға кері реакция береді – іскерлік медиаға мұқтаждық, сәйкесінше, іскерлік БАҚ нарығының қарқынды дамуы. Басылым белгілі бір аудиторияға бағытталады, іскерлік баспасөздегі өзіндік нишасын табады, яғни нарықтың түрлі параметрлеріне байланысты сегментацияға ұшырайды.

Қазақстандағы іскерлік БАҚ «дәстүрлі» түрде (баспа, аудиовизуальді), және «жаңа» түрде (онлайн версия) даму үстінде. Іскерлік медиа нарықтың негізгі бөлігін ірі медиагруппалар, вертикальді бизнес-медиа шоғырланған «Экономика») газеті бар. Газет-журнал сферасы басылымдардың әртүрлі формат бойынша, шығу уақыты, таралымы, аудиторияның бағыты, қаржыландырылуы арқылы көрсетілген. Іскерлік баспасөз құрылымына газеттер, журналдар, бюллитеньдер мен қосымшалар кіреді.


Іскерлік БАҚ баспасы арасында күнделікті шығып отыратын («Бизнес», «Ведомости», «Коммерсантъ» және т.б., 2007 жылы жарыққа шыққан жаңа және күнделікті газеттер, сондай-ақ апталық және айлық журналдар, жазылу арқылы тарайтындары да бар.
Бүгінде менеджерлер мен басшыларға, яғни мақсатты аудиторияға арналған басылымдар да шығарылады. Іскерлік медиа нарығында әртүрлі ұжымдық түрлерге ерекшелеуге болады. Мысалы, В2 B - және B 2С - басылым. Газет пен журналдарының басты мақсаты (B 2С) тұтынушылармен қарым-қатынас орнату, компанияның позитивті имидж құру, белгілі бір өнеркәсіп саласына көңіл аударту. Бұл басылымдар тегін таратылады.
Ішкі корпоративтік жарияланымдар (В2В басылым бөлігі) компания ішінде таралады. Олар корпоративтік мәдениетін құру үшін құралдарының бірі болып табылады.
Іскерлік БАҚ қазақстандық аймақтық нарықты белсенді түрде үйренуде. Кейбір баспа үйлері арнайы аймақты басылымдарына ие (мысалы, «Деловая Неделя», «Мир Финансов басылымдары бар.
Ғаламтордағы екі іскерлік медианы бөліп көрсетуге болады: ғаламторда ғана қолжетімді онлайн басылымдар және БАҚ баспасының электронды түрі де бар.
Мысалы, Ресейде 2003 жылдан бері көрсететін жалғыз мамандандырылған «РБК ТВ» іскерлік арнасы Ресейде іскерлік телевидениеге ұсынылған. 2007 жылдың 1 наурызынан 87.5 FM толқынында алғашқы және әзірше соңғы іскерлік радиостанция «Business FM» эфирге шығады. Бұл «Московские новости» баспа үйінің кезекті жобасы.
Қазақстандық іскерлік журналистикасының жағдайы, біріншіден, ұлттық медиажүйенің құрылу ерекшелігі болса, екіншіден, Қазақстандағы жарнама нарығының өсуіне байланысты. Жарнама нарығының хал-ахуалы мемлекеттің ішкі және экономикалық жағдайының көрінісі болып табылады.
Іскерлік БАҚ-тағы жарнама мен пиардың орны ерекше деуге болады.
Елімізде бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырылуы соңғы жылдары тұрақтылық пен бірізділікке ие болды. Алайда Кеңес Одағы кезіндегі тұрақтылық кейбір басылымдардың саны мен ашылуында болатын. Оларда жазылатын ақпараттарын бірдей болатын, ал қазіргі БАҚ- ерекше феномен. Бүгінгі бизнес ақпараты мемлекет насихатының элементі мен белгілі бір идол сөзіне қызмет атқармайды. Бұл бизнес түрі. Бір ғана меншік иесі болатын, бір идеология мен бір ақпараттық саясат пен бір аудитория кезеңі өтті.

Бүгінгі баспасөз және электронды БАҚ коммерциялық қызметінің объектілері болып қалады, яғни, кез келген кәсіпорындар сияқты газет пен телеарнаны жаңа жеке меншік иелері сатып ала алады, оны жауып тастай алады, телеарна келбетін жаңашаландыра және имиджін танымастай өзгерте алады. Осындай көптүрлі процесстерді жүзеге асыру үшін пресс-секретарь немесе БАҚ жұмысы бойынша менеджер түсінігі бар. Кішігірім кәсіпорындарда бұл қызметті пиар қызметкерлері атқарады.


Пиар қызметкеріне басылымның төрт түрі де қажет. Сондықтан оған, біріншіден, өзінің кәсіпорыны туралы объективті ақпаратты жариялау керек (іскерлік басылымдарда), екіншіден, сол кәсіпорынды мақтайтын имидждік іс-әрекеттерді жасап тұру (әлеуметтік-саяси немесе мамандандырылған басылымдарда), үшіншіден, белгілі бір уақыт аралығында «соғыс» жүргізіп отыру, бәсекелестері мен коммерциялық серіктестері туралы жаман ақпаратты басылымдар арқылы тарату. Оны «сары» басылымдарда жариялайды.
Іскерлік басылымдар бизнес жаңалықтарымен өмір сүреді. Онда нарықтағы барлық ірі келіссөздер, барлық біріктірілуі мен жұтып алу, бизнес ақулалары мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы жайлы жаңалықтар жарияланады.
Газеттерге қарағанда іскерлік журналдарға қаржылық көмектен, қаржы құюдан бас тартып, өз бетімен өмір сүру қиын. Жарнамалық орын аз берілген журналды шығару қымбатқа түседі, әрі журналдың өмір сүруі үшін жарнама берушілер үлкен рөл атқарады. Ал жарнама берушіге басылымның журнал беттерінің тонына дейін тәуелді болады және жарнама беруші тоқсандық жарнама бюджетіне тәуелді басылымды бопсалауы мүмкін. Бұл логикаға сыйымды: ірі мұнай концерні 200 мың долларды іскерлік басылымдарға бір тоқсанда жарнамаға төлейді (шындығында 250 мың, 50 мыңы жарнама қызметі кезінде жоғалып кетеді), келесі оның қатысуымен өткен акционерлік жанжалдың журнал бетінде көп айтылмауын талап етуі оның құқығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет