3 деңгейлі смж құжаты поәК поәК 042-x хх/03-20 поәК



бет1/6
Дата05.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#179789
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-X.1.ХХ/03-20__



ПОӘК

Тәртіп бойынша оқу-әдістемелік материалдар «___________»

аты

Басылым №__ _____




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«______________________________________________________»


аты

мамандығы үшін _______ – «____________________________»


шифр аты

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

20__



ПОӘК 042-X.1.ХХ/03-20__

Бас. № ___ _______20__ г.

Бет __ __


Мазмұны:

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Студенттің өздік жұмысы
























ПОӨК 042-X.1.ХХ/03-20__

Бас. № __ от _______200__ г.

Страница 3 из __



6.3.1 Глоссарий

Ақыл –ой дамуының деңгейі –білімдер мен біліктердің және оларды игеру кезінде қалыптасқан ақыл –ой әрекеттерінің жиынтығы, оларды ойлау процесінде белгілі бір көлемде жаңа білімдер мен біліктердің игерілуін қамтамасыз ету үшән еркін қолдана білу. Нақты бар ақыл –ой дамуның деңгейі -индивидтің танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерінің күйі, ол туралы ақпарат не ұзақ уақыт психологиялық –педагогикалық бақылаулар арқылы, не арнаулы әдістемелермен диагностикалық сынаулар жүргізу арқылы алынуы мүмкін.

Ақыл –ой тәрбиесі (Умственное воспитание) –адамның таным қабілетін дамытып, ер жетіп, есеюіне, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім –тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл –ой тәрбиесі арқылы оқушының оқып, білім алуындағы іс -әрекетін бағыттап, сана –сезімінің дамуына ғылым негіздерін меңгеруіне бағыт, бағдар беріледі. Ақыл –ой тәрбиесінің қуатты құралы –тіл. Ой тілсіз дамымайды. Тіл мен ойдың бірлігі –ақыл –сананың дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушыларды ойлай білуге баулудың жолдарн педагогиканың әдістемелік саласы қарастырады. Ол үшін оқытудың әдіс –тәсілдерін әңгімелесу, кітап оқуға, мазмұндауға, ұққанын айтып беруге, шығарма, мазмұндама жазуға жаттықтыру және т.б.) қарастыру, көрнекі құралдары, техникалық құралдарды пайдалана отырып іс -әрекетке, баяндауға, суреттеуге үйрету көзделеді. Логикалық ойдың дамуында проблемалық ой ситуациясын туғызудың, проблемалық сұрақтар қою арқлы шығарманың ішкі мазмұнына талдау жасауға, пікір айтуға үйретудің маңызы зор.

Әлеуметтену –индивидтің қарым –қатынасы және іс -әрекеті барысында жүзеге асатын процесс және оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі. Әлеуметтену қайбірде қоғамдағы әр түрлі бағыттағы факторлар сипатына ие болатын әр түрлі өмірлік өмірлік жағдаяттардың жеке тұлғаға стихиялық ықпалы ретінде де, сондай –ақ тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде, яғни жеке тұлғаны мақсатты бағытта қалыптастыру жағдайында да жүзеге асуы мүмкі. Тәрбие әлеуметтенудің жетекші әрі айқындаушы негізі болып табылады. Әлеуметтену түсінігі 40 –50 жылдары А.Бандура, Дж.Кольман және т.б. еңбектері арқылы әлеуметтік психологияға енген. Әр түрлі ғылыми мектептерде әлеуметтену түсінігі әр түрлі интерпретацияға ұшырады. Мыс., ол необихевиоризмде әлеуметтік ілім ретінде түсіндірілетін болса, символикалық интеракционизм мектебінде -әлеуметтік өзара әрекеттесудің нәтижесі саналады; ал гуманистік психологияда –Мен –тұжырымдамасының өзіндік актуализациясы ретінде қабылданады. Әлеуметтену құбылысы көпаспектілі және аталған бағыттардың әрбірі зерттелінетін феномен тараптарының біріне баса назар аударады. Әлеуметтену әлеуметтік мінез –құлықты реттеудің диспозициялық тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылады, мұнда қоғамдық қарым –қатынасқа қосылу дәрежесіне байланысты әлеуметтік мінез –құлықты реттеу жүйесін жинақтайтын диспозициялық иерархия қалыптасады. Психологтар көп уақыттар бойы әлеуметтенуге -институцияландырылған білім беру жүйелеріндегі тәрбие ретінде баса көңіл бөліп келді. Әйтсе де қазіргі кезде зерттеу пәні ретінде жекелей алғанда, бейресми бірлестіктерде, стихилы түрде пайда болған топтарда, т.б. яғни ресми құрылымдардан тыс өтіп жатқан процестерде қамтылуда.

Білім (Знание) –адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол, сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білім тұлғаның қалыпты әлеуметтенуінің және билік құрылымына енуінің міндеттері шартты болып табылады.білім бүкіл адамзат ақыл –ойының адамды қоршаған табиғатта, айналаны танып –білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы; қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалар мен адамның өмірлік қарекетінде ақындалып дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі. Білімді танымдық дәрежесіне, шындықты жан –жақты қамтуына, терең мәніне, жете бейнеленуіне, дәйектілігі мен дәлдігіне қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: тұрмыстық білім, ғылымға дейінгі білім және ғылыми білім, эмпирикалық білім және теориялық білім. Білімнің қай түрі болсын адамзат тәжірибесінің негізінде дамып отырады.

Гуманизм (лат. Gumanus – адамгершілік) – дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. Гуманизм қайта өрлеу дәуірінде XIV-XVI ғ.ғ. қоғамдық ой- пікірде, әдебиете, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретіндее қалыптасқан. Бертін келе адамды баоынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналды.

Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағыттталған оның барлық шарттары мен сәттерін: білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабороториялық жабдықтарды, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және котегория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай-ақ алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зеттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай-ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны.

Дарынды балалар –жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл-ой дамуының қарқыны бойынша –басқадай жағдайлар бірдей болғанда балланың өз құрдастарына озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылдаған (ақыл-ой дарындылығы тестері мен сияқтылық коэффициенті осыған негізделген). Мұндай көрсеткішті аса бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағының бірінші дәрежелеу маңызы бар. Басқалардан бұрын балалардың көркемділігін (музыка саласында, одан соң сурет салуда) байқауға болады. Ғылым саласында бәрінен гөрі математикалық дарындылық тезірек байқалады. Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттердің көрінімділігі арасында алшақтық болатын аз емес. Ақыл-ой қабылеті тым ерте дамыған не қайсыбір қарекет саласында ерекше айқын жетістіктерге жеткен балалар вундеркиндтер деп атайды. Алайда баланың тіпті ең үздік деген жетістіктерінің өзі болашақ таланттың жеткілікті кепілі бола алмайды. Туа біткен бейімділіктер индивидумдық –психологиялық ерекшеліктердің қалыптасуының күрделі процесінің шарты ғана, оның бәрі қоршаған ортаға, қарекеттің сипатына өте көп байланысты. Балада ерекше қабілеттер болуының нышандары оның жасынан ажырақсыз: олар көбіне кемелдену қарқынына және жастық өзгерістерге байланысты. Дарындылықтың бағалануы тестеуге ғана негізделмеуі керек –оның дәрежесі мен өзіндік ерекшелігі оқыту мен тәрбиелеу барысында, балалардың белгілі бір мазмұндағы қарекетті атқаруы кезінде байқалады. Ерте бастан амандандыру күн ілгері және шамадан тыс болмауы керек. Дарынды балалардың анықталып, кемелдендірілуіне арнаулы мектептер (мыс., музыка, математика мектептері), факультативтік сабақтар, алуан түрлі үйірмелер студиялар, мектеп оқушыларының олимпиадаларын, балалардың көркемдік өнерлерінің конкурстарын өткізу және т.б. жағдай жасайды. Дарынды балалардың дамуының тежелуіне жол беруге болмайды. Мұндай балалардың оқулық жүктемесі, оқыту және тәрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне сай келуі сәйкес. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттіктердің дамытылуын жалпы білімдік дарындықпен және тұлғаны кемелдендірілуі мен ұштастырылуын көздейді.

Қайта тәрбиелеу (Перевоспитание) –баланың қоғам нормалары мен талаптарына сай қайшы келетін кейбір теріс пиғылдары және жат қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі; жалпы тәрбие процесінің бір бөлігі қайта тәрбиелеу тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеті ретінде ұйымдастырылады. Қайта тәрбиелеудің негізгі мақсаты –жеке адамды жөнге салу. Қайта тәрбиелеу -күрделі де ұзақ процесс. Тәрбие процесінің барысында түрлі себептермен кейде педагогикалық мақсат толығымен орындалмайды (ортаның теріс ықпалы, ата –ананың, педагогтардың қателігі, тәрбие жұмысының нашарлығы). Осыған байланысты жас өспірімдердің тәртібінде кейде нормадан ауытқулар байқалады. Дегенмен, ол ауытқу дағдыға айналып, қалыптаспаған. Мұндай жағдайда ол ауытқуларды жалпы тәрбие жұмысының барысында тиісті ықпал ету тәсілдері арқылы түзетуге болады. Ал, уақытында қолға алынбаса, ол ауытқулар тұрақты дағдыға айналуы мүмкін. Бұл жағдайға қайта тәрбиелеу үшін дербес міндет қойып, ерекше шаралар қолдану қажет. Қайта тәрбиелеудің бірінші талабы –балаға теріс ықпал етуші жағдайды өзгерту. Ол үшін отбасындағы жағдайды өзгерту немесе баланы үй жағдайынан мүлдем аулақтату қажет. Кейде оқушыны басқа сыныпқа не мектепке ауыстыруға тура келеді. Жағдайды өзгертумен бірге қайта тәрбиеленушінің сезімін оятып, жалпы тәртібіне әсер ететіндей жұмыстаржұмыстар жүргізіледі. Педагогика –тәрбиеші баланың құпия жатқан сырын ашып, оның көмескі қызықтайтыны не нәрсе екенін анықтайды. Оқшау мінез, дағдылардың қалай, неліктен пайда болғандығына көз жеткізеді. Қайта тәрбиелеуде сендіру тәсілі, ұжымның үзілді –кесілді талабы және т.б. маңызды роль атқарады. Осылай ықпал етудің нәтижесінде пайда болған ішкі өзгеріс қайта тәрбиелеудің бастамасы болып табылады. Кейінгі өзгерістер педагогтардың. Ұжымның қайта тәрбиеленушіні қалай дұрыс бағытқа салып еліктіріп әкетуіне байланысты. Тәрбиенің нашарлығынан, ортаның кері ықпалынан теріс жолға түскен адам тәртібі кейде қоғам мүддесіне қарсысипат алады. Мұндай жағдайда ықтиярсыз қайта тәрбиеленуші жұмысы жүргізіліп, арнаулы мекемелерде педагогикалық ықпал етудің арнайы шаралары қолданылып, ерекше педагогикалық режім жасалады.

Қайта тәрбиелеудің алгоритмі )алгоритм перевоспитания) –тәрбиешінің алдына қойған жоспарланған мақсаты мен міндеттерінің біртіндеп, жүйелі түрде тәрбиеленушіге ықпал етуі.



«Мен» тұжырымдамасы (концепция «Я») -әркімнің өзін басқалардан ажырата алуынан көрінетін, өзінің жеке тұлға екенін білдіретін ұғым. Мендік қасиет іс -әрекет пен адамның айналамен қарым –қатынас жасауы барысында қалыптасып отырады. Адамның өз менің айыра алуы –тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі. Мен тұжырымдамасы –адамның өзі туралы түсініктерінің жүйесі; ол басқа адамдармен өзара әрекеттестігін осы жүйеге негіздеп құрады және өзіне -өзі сол тұрғыдан қарайды.

Меңгеру, игеру (осваивание, усвоение) –үш ерікті және ерікті кезеңіне ие таным нысаны. Түсіну, есте сақтау, тәжірибеде пайдалану мүмкіндігі. Меңгеру, игеру -өткен ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін (білім, дағды, икем, т.б.), тәсілдері мен әдіс –амалдарын адамның өз игілігіне айналдыруы. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының дамуының негізі болып табылады. Бұл адамдардың бір –бірімен қарым –қатынасы мен ойын, оқу, еңбек әрекеттері барысында жүзеге асып отырады. Ілім –білімді тұрақты меңгеру үшін, қай кезде болса да, адамның өзіндік белсенділігі аса қажет.

Мінез –құлық мәдениеті (Культура поведения) –адамшылық қарым –қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым –қатынас құра білу. Адамның жүріс –тұрыс, іс -әрекетінің жиынтық көрінісі мінез –құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез –құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол –адамның қоғамдағы мінез –құлқын реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілгенмінез –құлық ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді. Мінез –құлық мәдениеті адамның өскен ортасына, адамдармен күнделікті қарым –қатынасына, білім өресіне, көрген –түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты.

Мұғалім стресі (Стресс учителя) -педагогикалық іс -әрекет барысында аяқ астынан кездескен өзгеше қиындықтардан туындайтын жағдай. Мұғалім стресі көбінесе уақыт тапшылығынан, оқушының үлгерімі мен тәртібінің нашарлығына, әкімшілікпен және әріптестерімен қақтығыс кезіндегі және т.б. жағдайлардан туындайды.

Мұғалімдердің білімін жетілдіру (Профессиональная социализация учителя) –орта арнацлы, жоғары оқу орындарын бітірген мұғалімдердің білімін бүгінгі ғылым саласында болып жатқан жаңалықтармен толықтыру. Мұғалімдердің білімін жетілдіру- семинарларда, облыстық және республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында жүзеге асырылады.

Мұғалімнің кәсіптік әлеметтендірілуі (Профессиональная учителя социализация) - мұғалімнің кәсіптік ортаға енуі; педагогикалық тәжірибені меңгеруі, педагогтар қауымдастығының стандарты мен құндылықтарын игеруі, жинақталған тәжірибені бәлсенділікпен жүзеге асыруы.едагогикалық терминология (Педагогическая терминология) –білім, тәрбие, оқыту теориясы мен практикасында қолданылатын кәсіптік сөздер жүйесі. Педагогикалық терминология белгілі ұғымды анықтауда мұғалімге жеңілдік туғызып, уақыт пен ой әрекетін үнемдеуге септігін тигізеді. Тәлім аппараты түсініктерін қалыптастыру педагогикалық құбылыстар мен процестердің мәнін ұғуға себепшеі болады.

Нонконформизм –көпшіліктің пікірне қайтсе де қарсы шығып ештеңемен есептеспестен, қарама –қарсы әрекет жасауға ұмтылу. Нонконформизм «негативизм» ұғымының синонимі, конформдылықтың антонимі.

Ой қорытындысы (Умозаключения) –бірқатар пайымдаулар салыстырылып қорытындылап ойлау нысандарының бір түрі. Ой қорытындысы ойлау әрекеті ретінде міндетті ұғынудан басталып, шешім қабылдаумен не жаңа пайымдаумен аяқталады.

Ойлау (Мышление) –ақиқат дүниенің мида жанама түрде ұғымдар арқылы барлық қасиет, байланыс, қатынастармен бейнеленуі. Ойлау адамның сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдей отырып, адамның сезім дүниесінен тыс құбылыстарды танып –білуіне мүмкіндік жасайды. Ойлаудың дамуы әрекетпен байланысты.

Оқу (Учеба) –оқушының алдағы іс -әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл –ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді. Мұғалімнің оқытқанын оқушы оқуда жүзеге асырады: тапсырманы көшіру, орындау және шығармашылық өзіндік әрекеттер орындалады.

Оқу әрекеті (Учебное действие) –оқу міндеттерінің орындалуы төмендегі оқу әрекеті арқылы жүзеге асрылады.: 1) оқу міндетін қаблдау немесе өзінше қою; 2) оқылатын затқа қатысты кейбір ортақ мәселелерді айқындау мақсатында оқу міндеттерінің шарттарын сәйкестендіру; 3) белгіленген қатынастардың заттық, сызба не өзге белгілер түріндегі үлгісін құру; 4) оның қасиеттерін таза түрде көрсетуге арналған үлгі құру; 5) жалп амалмен орындауға болатын жеке тапсырмалар жүйесін құру; 6) алдыңғы әрекеттердің орындалуын бақылау; 7) оқу міндетін орындаудың нәтижесі ретінде жалпы амалдарды меңгеруін бақылау.

Оқушы (Ученик) –оқу іс -әрекетімен шұғылданатын тұлға.

Оқыту, оқу (Обучение) –білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқу процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарында оқу білім берудің басты жолы. Оқу –екі жақты процесс: мұғалім –білім беруші, оқушы –білім алушы. Оқу құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттернін ұйымдастыру, оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді меңгеруінің, оқу әрекеттерін орындауының сапасын реттеу, бақылау, оқу нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжап жатады.

Оқыту әдісі, үйрету әдісі (Метод обучения) -білім мазмұнын меңгерудің қамтамасыз ететін мұғалім мен әрекет жүесі. Оқыту әдісі оқыту мақсатын, меңгеру тәсілін, оқыту субъектілерінің өзара әрекетінің сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдісінде көрінеді, ал әдістер жинтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатынажтуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдісі –тарихи категория. Білім беру мазмұны мен мақсаты өзгерсе, ол да өзгереді.

Оқыту диагностикасы (Диагностика обучения) –қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.

Оқыту психологиясы (Психология обучения) –оқытудың жүйелілігі жайындағы танымдық іс -әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайындағы танымдық іс -әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, оқудың мотивациялық және зияттық жоспарының арақатысын, баланың дамуы мен оқу процесін басқару мүмкіндіктерін оқыту тиімділігінің психологиялық –педагогикалық өлшемдерін зерттейді.

Оқытудағы дағдылар (Навыки в обучении) –бірнеше мәрте қайталау нәтижесінде автоматтандырылған сипатқа ие болған оқу әрекеті. Ол оқушылардың білімі мен білікті игеру мөлшеріне қарай олардың ауызша және жазбаша сөйлеу кезінде, оқу міндеттерін орындауда, т.б. көрінеді.

Оқытуға дедукция (Дедукция в обучении; лат. deductio -қорыту ) –жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады.

Оқытуға зерттеу әдісі (Исследовательскии метод в обучении) –оқушыларды айналадағы құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен қорытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану. Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.

Оқытуды компьютерлендіру –тар мағынада –компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану, кең мағынада –компьютердің оқу процесінде көп мақсатты пайдаланылуы. Компьютер ақпараттық технологияның бір құрауышы болып табылады, сондықтан да О.К. терминінің орнына нақ сол мағынада оқытуды ақпараттандыру термині пайдаланылады. Оқытуды компьютерлендірудің негізгі мақсаттары -өскелең ұрпақты ақпараттандырылған қоғамда, яғни ақпаратта ұқсату жөніндегі қызметтің алуан түрі кеңінен тараған, ақпараттық технология өндіру қарекетінің барлқ салаларында жетекші орын алып отырған қоғамда өмір сүруге даярлау; ақпараттандыру құралдарын ендіру арқылы оқытудың нәтижелілігін арттыру. Оқытудың компьютерлендіруінің оқу процесінің барлық құрауыштарына мәнді әсері бар. Компьютердің оқыту мазмұнына елеулі ықпалы, бір жағынан, бұрын жоғары білікті маманның ғана шамасы жетеді деп саналғанның көбі қазір оқушының қолы жететін игіліктерге айналды. Мұның мүмкін болған себептері әр алуан; компьютер оқулық мазмұнын көрнекілендіреді, оқушының өзіне қажет көлемді ақпаратқа, соның ішінде өзі орындайтын міндетке тікелей қатысты ақпаратқа қолын жеткізеді. Екінші жағынан, компьютер оқыту мазмұнына әр түрлі эвристикалық құралдарды, ең алдымен, міндеттердің шешімін іздеу стратегиясын қосуға мүмкіндік береді. Компьютер оқыту әдістеріне елеулі өзгерістер енгізеді. Компьютердің оқу мақсаттарында пайдаланылуы оқушының қарекетін жеңілдетеді, уақыт көп кететін амалдарды орындаудан босатады, қажет ақпаратты өзі іздеп табуға мүмкіндік алады, қате жіберіп алу қорқынышынан құтылады, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады. Компьютер мұғалімге шешімдер қабылдау қажет болған кезде көмекші ролін атқарады. Мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылығының маңызды бір құрауышы өндірісте, мәдениетте, білім беруде компьютерлердің қолданылатынын білу. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді. Оқытуды компьютерлендіру динамикалық процесс, оның дамуныың негізгі беталыстары компьютердің оқу процесінде пайдаланылу саласының ұлғаюымен байланысты. Компьютер физикалық –математикалық циклдың, жаратылыстанудың және кәсіптік оқытудың оқу курстарында ғана емес, сонымен қатар гуманитарлқ пәндердің оқу курстарында, барлық үлгідегі оқу орындарында (тіпті балабақшаларда да), дарынды балаларды оқытуда, сондай –ақ ақыл –ой күшінің толысуында ауытқулары бар балаларды, дене мүшелерінің кемістігі бар балаларды оқытуда кеңінен қолданылады.

Оқытудың ғылымилығы (научность обучения) -нақты ғылыми білімдер беріп, дүниеге көзқарасты қалыптастыратын дидактикалық қағидалардың бірі. Оқытудың ғылымилығының мазмұнына тек айқын ғылыми фактілері мен ақиқаттар алынады.

Оқытудың жүйелілігі (систематичность обучения) –оқу материалы мазмұнының зерттелетін ғылымының ішкі логикасы, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуін талап ететін дидактикалық қағида.

Оқытудың көрнекілігі (Наглядность обучения) –оқытудың оқушылар қабылдаған нақты бейнеге негізделуін талап ететін дидактикалық ұстаным. О.К. оқушылардың байқампаздықтары мен ойлау қабілеттерін дамытады, оқытуды неғұрлым түсінікті етеді, оқу материалын терең меңгеруге әсер етеді.

Оқытудың қызықтылығы (Занимательность в обучении) –оқушылардың қызығушылығын тудыру және оқуға ынталандыру мақсатында түрлі дидактикалық құралдарды пайдалану. Ол сабақ барысында қызық мәліметтерді келтіру мен, жақсы ұйымдастырылған көрнекі және безендірілген дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет