3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38


-кесте Сабақтың түрлері және құрылымы



бет11/25
Дата09.07.2016
өлшемі2.77 Mb.
#186758
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

3-кесте

Сабақтың түрлері және құрылымы

Сабақтың түрлері

Сабақтың кезеңдері

Жаңа материалды өту сабағы

Өтілетін материалды актуалдау, өзектілігін, маңыздылы-ғын айту және дәлелдер, себептер келтіру

Жаңа білімдерді қалыптастыру (10-15 мин).

Бекіту, жаттығу, игерудің 1-деңгейін бағалау (15 мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Алған білімдерін бекіту, іскерліктері мен шеберліктер-ін қалыптас-тыру сабағы

Өтілетін материалды игерудің 1-2 дәрежесінде қайталау, бағалау (10-15 мин).

Өздерінде бар білімдерін дамыту және жаңа іскерліктерді қалыптастыру (10-15 мин, 2-3 деңгейі).

Білімдері мен іскерлік-терін жаңа жағдай-ларға пайдалану (3-деңгейі, 15-мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Барлық мақсат біріктіріліп қойылған аралас сабақ

Өткенді қайталау, білімдерін бағалау (10-15 мин).

Жаңа білімді қалыптастыру (10-15 мин).

Білімдерін бекіту және бағалау (1-деңгей, 5-7 мин).

Іскерлік-терін дамыту (3-10 мин).

Үй тапсыр-масын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Өтілетін білім бойынша теориялық материалды қайталау және талдап қорыту (15-20 мин).

Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану (20-25 мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Алған білімдерді тексеру сабағы

Бақылау жұмысы немесе физикалық диктант, топтап сұрау т.б. игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және бағалау мақсатында өтіледі

Мұғалім әрбір сынып бойынша жылдық жоспарлар жасауға үлкен көңіл бөліп, сабақтың тек тізімін жасаумен шектелмей, бүкіл оқу жұмысын белгілі бір жүйеде қамтуға тырысады.

Осы мақсатпен мұғалім әр сыныпқа жыл сайын физиканы оқыту міндеттерін, оның мазмұнын және осы сыныпқа көшірілген оқушылардың білім дәрежесін көрсетіп, жоспар жасайды. Оған мыналар кіреді: жаңа материалды оқып үйрену барысында өткенді жүйелі қайталау; әрбір сабақта жаңа оқу материалының мазмұнын нақты жағдайға байланысты қолдану; ашық сабақтар тақырыбын таңдау; әрбір сабаққа дайындалуға тиісті көрнекілік құралдар тізімін жасау; эксперимент және жазбаша бақылау жұмыстарының мерзімдерін шамалау; физикадан қай жерге және қашан экскурсиялар жасауды белгілеу; оқушылардың өндірістік практикасына басшылық жасау; әр сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар ойластыру.

Тақырыптарды әдістемелік талдау. Мұғалімнің алдын ала бірнеше сабаққа яки тарау бойынша жасаған әрбір сабақтың жоспар-конспектісін физикалық-методикалық талдау деп атау қабылданған. Бұл мұғалімнің өзінің пайдалануына арналғандықтан ол оқу бөліміне тапсырылмайды. Бірақ, мектеп директоры, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары сабақтың жоспар-конспектісін тексеруге хақылы әрі міндетті.

Педагогикалық тәжірибе алмасу үшін ашық сабақтардың үлкен маңызы бар. Егер бұл сабақтар зерттеу сипатында болса, онда олардың сапасы арта түседі. Ашық сабақ барысында мұғалім мейлі ол әңгіме сабағы, не лабораториялық сабақ, не білім тексеру сабағы болсын өзінің іскерлігін көрсетіп қана қоймауы тиіс. Сонымен бірге әдістемелік шеберлігін де көрсете алады.

Мұғалімнің өз сабағын талдауы. Сабақты талдау мұғалім үшін шеберлік мектебі, кейінгі сабақтарды ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін саналы қолданудың шарты.

Дидактикалық категориялар бойынша физика сабағын талдаудың міндеті төмендегілерді анықтау:

1) сабақ дидактикалық принциптер мен оқу тәрбиелік процестерге қойылатын талаптарға, негізгі дидактикалық мақсатқа сәйкес келе ме ?

2) дидактикалық міндеттер тиімді ме және оқушылардың білімін, шеберлігін, дағдыларын жетілдіру мақсатына қол жетті ме?

3) тұтас алғанда сабақтың құрылымы мен ішкі құрамы элементтерінің бірізділігі қандай?

4) оқыту әдістерін ұштастыру көрнекілік пен оқытудың техникалық құралдарын пайдалану сабақтың дидактикалық міндетеріне сай келе ме, оқушылардың танымдық даярлығын жоғары дәрежеге көтере ме, оқыту мен тәрбиені байланыстыруды қамтамасыз ете ме?

5) сол сабақты саралау мен даралау немен сипатталады, өмірмен байланысының мәні неде?

Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау төмендегілерді айқындайды:

1) сабақтың өзектілік сапасы, өздігінен орындайтын жұмыс қаншалықты табысты орындалды, оқушылар қандай физикалық ұғымдарды тереңдетті, қандай жаңа ұғымдарды меңгерді, қандай дағдыларды игерді, бұрынғы білімнің қаншалықты көлемін қайталады, оқушылардың жауаптарының толықтығы қандай, оқушылардың сабақты айтып беруі, материалдың көлемі оқушылардың мұғалімге қоятын сұрақтарының мазмұндылығы және қайталана беретін қателерді талдау үшін жағдай жасалды ма, оқушылардың ойлау жұмыс белсенді болды ма, т.б;

2) оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысына арналған уақыт жеткілікті ме, мұғалім түсіндіргенде ұғымдар толық ашылды ма, жаңа материалдың бұрын оқып үйренген материалмен байланысы болды ма, оқушылардың ішінен кім және қаншалықты ілгері басты, кім материалды әлсіз меңгерді және келесі сабақта кім көмекті қажет етеді;

3) іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысының сапасы, кімде қандай табыстар, сәтсіздіктер болды, оқушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме, т.б;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет