Лекцияда негізгі білім көзі – мұғалім. Лекция білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады. Семинар – білімдерді бекіту, жетілдіру міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі – пікір сайысқа қатысқан, рефераттарды талдауға қатысқан, қолдан көрнекіліктер және приборлар жасаған оқушылар болып табылады. Оқу-практикалық сабақтар оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың бұл формасында әртүрлі практикалық жаттығулар, эксперименттік жұмыстар орындалады. Экскурсияда оқушылар білімді өндірістердегі механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, табиғатта өтіп жатқан әртүрлі процестерді бақылау барысында алады. Конференцияда оқушылар білімді өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады. А.В.Усова, А.Н.Звягин оқу сабақтарының бір-бірінен ерекшеленетін бір қатар елеулі белгілері болады,- деп төмендегідей белгілерді көрсетеді. Сыртқы белгілеріне: 1) оқушылар құрамы (сынып оқушылары түгел; сыныптың жартысы; оқушылардың еркі бойынша); 2) өту орны (сынып-дәрісхана, оқу кабинеті, оқу лабораториясы); 3) өту уақыты (күнделікті тұрақты сабақ кестесі бойынша, арнайы кесте бойынша және т.б.). Ішкі белгілеріне: 1) негізгі дидактикалық мақсат (жаңа білімдерді түсіндіру, практикалық сипаттағы дағды мен шеберлікті қалыптастыру, оқулықпен және қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және т.б.); 2) оқытудың әдіс-тәсілдері (мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану және т.б.); 3) оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару (оқушыларға сұрақтардың қойылуы; проблемалық жағдайды тудыру және т.б.); 4) оқушылардың іс-әрекетінің түрлері (мұғалімнің түсіндіруін тыңдау, сабаққа араласу, оқулықпен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, құралдармен жұмыс және т.б.); 5) оқушылардың іс-әрекеттерін және нәтижелерін тексеру тәсілдері жазбаша (бақылау жұмысы,тестік жұмыстар, физикалық диктант және т.б.). Осы көрсетілген ерекшеліктер оқу сабақтарының мазмұнын құрайды. Оқу сабақтарының қай түрін алып қарасақта олардың ортақ мақсаты – оқушыларға білім қорын игерту. Сондықтан оларды дұрыс таңдап ұйымдастыру қажет.
2.Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Сабақ – оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы, әрі оқу процесіндегі шешуші буын. Сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.
Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс.
Сабақтардың тиімділігі: біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уақытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектесетініне қарап бағаланады.
Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты.
Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. 2-кестеде сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері көрсетілген.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады:
а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;
ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы;
б) аралас сабақ;
в) білімдерді жалпылау және жүйелеу сабағы;
г) оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бақылау сабағы.
Бұл сабақтардың барлығының ортақ мақсаты – оқушыларға ұғымдарды меңгерту болып табылады.
Әрбір сабақтың өзіне тән құрылымы болады (3-кестеде көрсетілген).
3.Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы Физика мұғалімі педагог ретінде педагогика ғылымының дамуына, физиканы оқыту әдістемесіне, ал физик-маман ретінде физика ғылымының теориясының іс-жүзінде қолданылуына көңіл бөлуі керек. Физика мұғалімінің ой-өрісінің кеңеюі және ұстаздық шеберлікті меңгеруі жалпы педагогикалық мәселелерді игеруімен байланысты. Кейбір әдістемелік мәселелерді мұғалім оқу сабақтарына дайындалғанда шешеді, ал ол шешімнің дұрыстығын тек сабақтарда тексереді. Мұғалімнің дайындық жұмысына мыналар кіреді: а)жылдық жоспар жасау; ә)тақырыптық жоспар-конспектілер жасау; б)жеке сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға дайындық; в)арнайы ашық сабақтарға дайындалу және оларды өткізу; г)ғылыми конференцияға және педагогикалық оқуларға дайындалу және қатынасу.
Жылдық жоспар жасау. Іс жүзінде жылдық жоспар әдістемелік журналдарда, кейбір әдістемелік нұсқауларда және министрліктің нұсқау хатттарында басылып шығып тұрады.
2- кесте
Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері
Әдістемелік негіздері | Сезім арқылы қабылдау – абстракциялық ойлау – практикада қолдану | Психологиялық негіздері | Оқу материал-дарын дайындау | Саналы түрде қабылдауларын және түсінулерін ұйымдастыру | Оқу материалын есте сақтау және игерулерін ұйымдастыру (1 деңгей) | Алған білімді таныс жағдайға қолдану-ларын ұйымдастыру (2 деңгей) | Білімді жаңа жағдайға қолдануларын ұйымдастыру | Дидактикалық негіздері | | Оқу материалдарын құрылымдық-логикалық сызба, жоспарлар, тірек конспектілері негізінде баяндау | Меңгерудің 1-деңгейін бағалау және сұрау, бекіту | Жаттығу, лаборатория-лық жұмыстар, игерудің 2-деңгейін бағалау | Стандартты емес есептерді, оның ішінде экспериментті игерудің 3-деңгейін бағалау | | Әңгімелесу, қызықты тәжірибе-лерді демонстра-циялау, есептерді шығару. Мәселелік сұрақтар қою, тарихи және ғылыми материалдар енгізу | Лекция, түсіндіру, әңгімелесу, демон. тәжірибелер, кестелер, кинофрагмент, тақтаға, дәптерге жаздыру, ойша экспериментпен байланыстыру | Оқулықпен жұмыс, дәптерге жазу, әңгімелесу. Есептер шығару, кестелер, графиктер, суреттермен және т.б.жұмыстар | Есептер шығару, оқулықпен жұмыс, фронталь тәжірибелер | Әртүрлі есептер шығаруды және жаттығуларды, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру |
Достарыңызбен бөлісу: |