3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38


-сурет. Оқытушының автоматтандырылған комплексі



бет20/25
Дата09.07.2016
өлшемі2.77 Mb.
#186758
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

14-сурет. Оқытушының автоматтандырылған комплексі



Комплекстің орталығы дербес компьютер болып табылады 1 (бұдан кейін ДЭЕМ белгіленеді). Ол видеомагнитофонмен 2 бірге сыртқы проекциялық экранда 4 (өлшемдері, мысалы диагонал бойынша шамамен 3,5м) түрлі-түсті және ақ-қара ақпаратты бейнелейтін видеопроекторға 3 шыға алады. Кескін экранда жақсы көрінеді, себебі видеопроектор үлкен жарық ағынына ие (900лм). Видеопроектормен 3, диапроектормен 7, проекциялық экранмен 4, терезелерді перделеу 9 және сынып-аудиторияны жарықтандыру дистанциялық пульттың 17 көмегімен басқарылады. Комплекс датчиктермен 16, аналогты-цифрлық түрлендіргіштермен 15 комплектіленеді. Комплексте видеокамералар 5 және фреймграбердің 6 болуы мұғалімге магнитті лентаға визуальды ақпаратты жазуға мүмкіндік береді. ОАК (АКП) портативті магнитофонмен 8 жарықтандырылған, ол күшейткішпен 10 және акустикалық аппаратурамен 11 жалғанған. Бұл мүмкіндік береді:

- магнитті лентаға жазылған тексті шығаруға мүмкіндік береді;

- кабинетте сабақтың музыкамен жүргізілуіне жақсы жағдай жасайды.

Оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыру үшін телефондарды 12 қолдануға болады.

ОАК (АКП) көппультті сұрақ-өлшегіш жүйесімен 13 жабдықталған. Ол ДЭЕМ базасында құрылады.




2.Сынып тақтасымен жұмыс

Әрбір оқу кабинетінде сынып тақтасы бар, әрине ол физика кабинетінде де болады. Ол алдыңғы қабырғада, демонстрациялық үстелдің есігінен сәл жоғары немес оның деңгейінде биіктікке ілінеді, себебі ондағы жазу партада отырған барлық сынып оқушыларына көрінетін болуы керек.

Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі.


Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломасте­р-маркерлермен жазады және суреттер салады.

Қазіргі заманғы оқытудың техникалық құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты сынып тақтасына деген қажеттілік болмайды деген көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Сынып тақтасы физика кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі:

- жаңа материалды түсіндіру суреттермен, чертеждармен, схемалармен, формулалармен және жазбалармен жүргізілгенде мұғалімге қажет.

Жоғарыда көрсетілген кескіндер – бұл процесс, сабақ элементтері емес, өйткені бұл процесс түсіндіру, және бейнелеу, деталдар анықтап көрсетіледі, керек еместері сүртіледі, басқалармен алмастырылады (мұның барлығын графопроектор пленкасында немесе ЭЕМ-да жасау үнемі жүзеге аса бермейді);

- тақтада жауап беріп тұрған оқушыға суреттерді салу, формулаларды жазу үшін қажет.

Физика мұғалімі тақтаға жақсы жаза алуы және сурет сала алуы керек. Егер мұны бірден жасай алмаса, онда сабақтан бос уақытта осы жұмыспен айналысу керек; осы үшін төмендегі дағдыларды қалыптастыру керек:

- жазу жақсы көрінуі үшін борды қатты басу керек;

- жазбалардың өлшемі өте үлкен, немесе өте кіші болмауын қадағалау керек;

- тақтадағы жазбаның горизонтальдығына көңіл аудару керек;

- тақтадан қажет емес жазбаларды өшіру үшін губка немес тряпкамен жұмыс істеуді әдетке айналдыру керек.

Сынып тақтасындағы сурет дидактикалық мақсатта орындалатындықтан, ол қарапайым болуы керек.

Кестелер мен моделдер

Кестелер негізінен жаңа оқу материалын түсіндіру үшін және тақтада жүзеге асыру мүмкін болмайтын мұғалімге қажетті иллюстративті материалды қамтиды. Кестелерде, ережеге сай табиғи түрінде көрсету мүмкін емес техникалық қондырғылар бейнеленген. Әдетте құрылымның жалпы түрінен басқа оның конструктивті ерекшеліктерін және барлық деталдарын көруге мүмкіндік беретін кесік бейнеленеді.


Кестелер жұқа қағаздарда әртүрлі авторлардың қолымен жасалған, олар рулондармен дайындалған, мұғалімдер оларды кар­тонға жапсырады. Кестелер осы түрінде сынып тақтасының төменгі жағындағы бөлек жәшіктерде сақталған.

Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда.

Физика мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне өз сабақтары үшін қолдан жасалған плакаттар қолданысқа енді, олардың бағасы өте жоғары. Олар сабақтың мазмұнын арттырады, сабақтың көркін кіргізеді.

Плакаттардан басқа физика кабинетінде әртүрлі моделдер бар, бұл моделдердің бір бөлігі – заводта жасалған, бір бөлігі – қолдан жасалған моделдер. Моделдер сәйкес приборлармен қондырғыларды меңгеру кезінде көрнекілік функциясын арттыру ролін атқарады.

Моделдер статикалық (кристалл тор) және динамикалық, немесе кинематикалық (броундық қозғалыс моделі, бу турбиналары және т.б.). Оқушыларға моделдерді дайындау бойынша тапсырмаларды берген пайдалы.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығы.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін оқытудың техникалық құралдары.

Экрандық (визуальды) құралдар – ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін оқытудың техникалық құралдары.

Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – ақпаратты бірмезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін оқытудың техникалық құралдары.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1.Оқытудың техникалық құралдары деген не?

2.Оқытудың техникалық құралдары қандай түрлерге жіктеледі?

3.Оқытудың техникалық құралдары не үшін қолданылады?

4.Дыбыстық құралдарға қандай құралдар жатады?

5.Экрандық құралдар қандай құралдар?

6.Аудиовизуальды құралдар қандай құралдар?
13-тақырып. Физиканы оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
Дәріс жоспары


  1. Жаңа ақпарттық техникалық құралдар және оларды физиканы оқытуда қолдану.

  2. Бағдарламалап оқыту. Оқытудың жаңа технологиялары.


Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Жаңа ақпарттық техникалық құралдар және оларды физиканы оқытуда қолдану

Компьютер – қазіргі уақытқа дейінгі мұғалімдердің қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі.

Компьютерде бағдарламалық оқыту тәсілдерін жүзеге асыратын оқыту бағдарламаларын бағдарламалық оқыту құралдары деп атайды.

Физика сабақтарында ақпараттық компьютерлік технологияны (АКТ) қолдану пәнді меңгеруге деген қызығушылықты арттырады, виртуалды түрде демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мүмкіндігін арттырады.

Сабақтың барлық түрлерінде компьютерді қолдануға болады. Атап айтқанда, жаңа оқу материалын өз беттерінше меңгеруде, есептер шығаруда, білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ физика сабақтарында компьютерді қолдану олардың нағыз шығармашылық қабілеттерін арттырады. Және дамыта оқыту принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақта компьютерлік техниканы қолдану білім алушылардың оқу процесіне деген мотивациясын көтереді, оқушыларға әлемді тану және таным процесін қабылдауға мүмкіндік береді.

Оқу процесінде ақпараттық компьютерлік технологияны қолдануда мұғалім білуі керек:



  • сабақтарда жұмыс жасай алуы үшін дидактикалық материалдарды дайындау үшін сәйкес редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, текстік, графикалық ақпараттарды өндеуді;

  • сабақтарда презентацияларды демонстрациялау үшін MS Power Point редакторын қолданып, берілген оқу материалы бойынша слайдтарды құруды;

  • өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдануды;

  • сабақта электронды оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыруды;

  • оқу бағдарламалық құралдарды қолдануды;

  • дайын қабықша-бағдарламаларды пайдаланып тест тапсырмаларын дайындауда.

Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техникаға қатыстырудың әртүрлі тәсілдерін қолдануға болады. Олардың бірі – компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару.

Мысалы, 7-сыныпта физиканы оқыту барысында есеп шығаруда компьютерлік технологияны пайдалауға болады.

Массасы 14,7 кг тәждің судағы салмағы 13,4 кг массаға сәйкес келеді. Тәж алтыннан жасалған ба?


Бер:






Талдауы

Сұйыққа батырылған дененің салмағы дененің сұйықтан тыс кездегі салмағы мен ығыстырушы күштің айырымына тең болады. ,



Шешуі





мұндағы -дененің көлемі, -оның тығыздығы, -сұйықтың тығыздығы. Сонымен былай жазамыз:

.


Мысалы жоғарыда қарастырған есепті шығарып болғаннан кейін мәліметтер қоры терезесін пайдалану арқылы тәждің неден жасалғанын анықтауға болады. Ол үшін алдын-ала дайындалған заттардың тығыздықтар кестесін және есептің берілгендері мен анықталған шама енгізілген кестелер арасында байланыс орнатамыз.



Мәліметтер қоры терезесінде кесте құрылады. Кестеге есептің шарты мен анықталған шама енгізіледі.



Алын-ала құрылған заттардың тығыздығы енгізілген кесте пайдаланылады.



Есептің шарты бойынша құрылған кесте мен заттардың тығыздығы енгізілген кестелер арасында байланыс орнатылады.



Кестелер арасында байланыс орнатылғаннан кейін сұраныс жасалады.



Соңғы нәтиже берілген сұраныс кестесі алынады.




Алынған кесте бойынша тәждің қорғасыннан жасалғанын анықтауға болады.

2.Бағдарламалап оқыту. Оқытудың жаңа технологиялары.

Excell бағдарламасының көмегімен есеп шығару және есептің шығарылуы арқылы график салу.

№27 (ПРГ, программалық есеп) Екі дененің қозғалыс теңдеулері былай берілген: x1=х01+vt және x2=x02+vt. Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.




Х01,м

Х02,м

1x,м/с

2x,м/с

1

24

87

4,2

2,7

2

63

-12

-6,2

4,1

3

0

-17

1,1

2,6

4

263

0

0

4,9

5

12

-12

2,1

-2,1

Бер:

x1=х01+vt x2=x02+vt.



Талдауы

Кездесу уақыты кездесу шартынан анықталады:

Х1(t)= Х2(t), х01+1xt = x02+2xt




денелердің кездесу уақытын біле отырып, кедесетін орнының координатын кез-келген қозғалыс теңдеуі арқылы анықтауға болады.

x2=x02+vt.



Шешуі




Х01,м

Х02,м

v1x,м/с

v2x,м/с

t,c

x,м

1

24

87

4,2

2,7

42

200,4

2

63

-12

-6,2

4,1

7,281553

17,85437

3

0

-17

1,1

2,6

11,33333

12,46667

4

263

0

0

4,9

53,67347

263

5

12

-12

2,1

-2,1

-5,71429

0

Excel қолданбалы программасының көмегімен x(t) тәуелділігінің графигін салайық.



t,c

x1,м

x2,м

0

24

87

42

200,4

200,4





Осы есептің pascal бағдарламалау тілінде шығарылуын қарастырайық:
Program m1;

Var x01,x02, v1,v2,t:real;

Begin

Writeln (‘Бастапқы координатаны1 енгіз’);



Readln (х01);

Writeln (‘Бастапқы координатаны2 енгіз’);

Readln (х02);

Writeln (‘Жылдамдық1 енгіз’);

Readln (v1);

Writeln (‘Жылдамдық2 енгіз’);

Readln (v2);

t:=(x02-x01)/)v1-v2);

Writeln (‘уақыт t=’,t:4:2);

Readln;


End.

Var x01,v1,t, x1:real;

Begin

Writeln (‘Бастапқы координатаны1 енгіз’);



Readln (х01);

Writeln (‘Жылдамдық1 енгіз’);

Readln (v1);

Writeln (‘Уақытты енгіз’);

Readln (t);

X1:=x01+v1*t;

Writeln (‘коорд x=’,x:4:2);

Readln;


End.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Компьютер – қазіргі уақытқа дейінгі мұғалімдердің қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі.

Бағдарламалық оқыту құралдары – компьютерде бағдарламалық оқыту тәсілдерін жүзеге асыратын оқыту бағдарламалары.

Программалау тілі – деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тіл.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Бағдарламаланған оқыту деген не?

  2. Физиканы оқытуда компьютерлік техниканы қолданудың жолдары қандай?

14 -тақырып. Физикадан факультативтік курстар.


Дәріс жоспары

  1. Физикадан факультативтік сабақтар және олардың маңызы

  2. Физика бойынша факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі.


Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Физикадан факультативтік сабақтар және олардың маңызы

Оқушылардың физика-математикалық, жаратылыстану, гуманитарлық ғылымдар бойынша білімдерін тереңдететін оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытып және қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында факультатив сабақтары мектептерде 1966 ж. бастап енгізілген. Ол кезде мектептерде білім беру жүйесі де, мектептердің өздері де бірдей болатын. Сондықтан факультатив сабақтар сол кездегі саралап оқытудың жалғыз формасы болды.

Қазіргі кезде факультатив сабақтар мектептегі саралап оқытудың басқа формаларымен қатар жүреді (деңгейлік және бағдарлы саралау). Оларға берілетін уақыт базистік оқу жоспарының вариативтік бөліміне енгізілген: факультатив сабақтарға оқушылар өз қалаулары бойынша курсты таңдап қатысады.

Факультатив сабақтарының маңызы:

-оқушылардың қабілеттерін дамыту;

-қызығушылықтарын қанағаттандыру;

-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру;

-оқушыларды қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жетістіктерімен таныстыру;

-оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баяндамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс істеу, ақпаратпен жұмыс істеу);

-оқушыларға кәсіби бағдар беру.

Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады:


  1. Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету. Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен эксперименттік іскерліктерін байланыстырып, толықтырады.

  2. Қолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының физикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика-техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық моделдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді.

  3. Арнайы курстар. Бұларда оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды рол атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады.

Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарламасында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру. Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады. Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау.

Кейбір факультатив курстары 1 жыл бойы оқытылса, кейбіреулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Егер факультатив курсы бірнеше жыл бойы оқытылса, оның әр жылдағы бағдарламасы автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл курсқа қатыса алады.

Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарламалары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады. Физикадан факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайындаудың негізінде О.Ф.Кабардин көрсеткен ұстанымдар жатады:

- факультативтің негізгі курспен байланысы;

- факультатив курстарының мазмұнында іргелі физикалық заңдар мен принциптердің (сақталу заңдары, сәйкестік пен симметрия принциптері т.б.) болуы;

- пәнаралық байланыстың жүзеге асуы;

- политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.

Мысалы жоғарғы деңгейдегі факультатив курстарының мазмұны (8-сынып) «Жылулық, электрлік, жарық құбылыстары», (9-сынып) «Механика», (10-сыныптың физикадан факультативтік курсы) «Молекулалық физика», «Электродинамика», (11-сыныптың физикадан факультативтік курсы) «Электродинамика» (жалғасы), «Тербелістер», «Толқындар», «Кванттар».

8-сыныптың факультатив сабақтарында оқушылардың жылулық, электрлік, жарық құбылыстары туралы білімдері толықтырылып тереңдетіледі. Молекулалардың өлшемдерін, массаларын, жылдамдықтарын, концентрациясын анықтайтын тәжірибелер қарастырылады. МКТ негізінде капиллярлық құбылыстар түсіндіріледі. Жылулық ұлғаю және оны техникада ескеру қарастырылады. «Атмосфера физикасы» тақырыбын қарастырудың білімділік құндылығы оқушылардың физика мен географиядан алған білімдері интеграцияланады.

«Электр тогы», «Электромагниттік құбылыстар» тақырыптарын қарастырғанда негізінен қолданбалы мәселелер: электролиз, оның қолданылуы; электр өлшеуіш құралдар, электромагниттік реле, айнымалы токты алу, трансформатор және т.б. қарастырылады.

«Оптика» тарауы бойынша фотометрия элементтері, жарықтың сыну заңдары, линзалардың формулалары, ақ жарықтың спектрлерге жіктелуі сияқты мәселелер қарастырылады.

9-сыныптың факультативтік курстарының мақсаты – оқушылардың механика тарауы бойынша білімдерін тереңдетіп, қашықтықты және уақытты өлшеудің әртүрлі практикалық әдістерімен таныстыру. Кинематикада зейін қозғалысты графиктік бейнелеуге, классикалық жылдамдықтарды қосу заңдылықтарының қолдану шегі мен жарықтың жылдамдықтарының шектігі мен инварианттылығын талдауға бөлінеді.

«Динамика» тарауын қарастырғанда негізгі материалдармен қатар инерциалдық емес санақ жүйесіндегі денелердің қозғалысы, центрден тепкіш механизмдер қарастырылады. Бұл сыныпта «Қатты денелердің айналмалы қозғалысы» тақырыбын қарастырғанда айналмалы қозғалыстың кинематикалық және динамикалық сипаттамалары – инерция моменті ұғымы мен айналмалы қозғалыстың динамикасының теңдеуі беріледі.

10-сыныптың факультатив курстарында молекулалық физика модельдерінің қолданылу шегі, молекулалардың жылдамдықтары бойынша жіктелуі (Максвелл), статистикалық және термодинамикалық әдістер қарастырылады.

«Термодинамика» тарауы бойынша жылу сыйымдылық ұғымы тереңірек қарастырылып, газдардың жылу сыйымдылығының оның күйінің өзгеру процесіне тәуелділігі, қайтымсыз процесс туралы түсінік, термодинамиканың ІІ заңы және оның статистикалық мағынасы, жылу двигателінің жұмыс істеу принциптері қарастырылады. «Электродинамика» тарауында Остроградский-Гаусс теоремасы, сегнетоэлектриктер, пьезоэлектрлік эффект, жартылай өткізгіштің қолданылуы сияқты мәселелер қарастырылады. Электрлік шамаларды және магниттік шамаларды өлшеу әдістеріне көңіл бөлінеді.

11-сыныптың факультативтік курсында электромагниттік тербелістер туралы білімдері гармониялық емес тербелістерді қарастыру арқылы тереңдетіледі. Политехникалық білім берудің мақсаты оқушыларды үш фазалы токты алу, үш фазалы токтың асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын тасымалдау жүйесін қарастыруда жүзеге асырылады. Жарықтың толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-Френель принциптері туралы түсінік беріледі.

«Кванттар» тақырыбы бойынша материяның корпускулалық-толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады.

«Қолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыттың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизмдердің, машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға бөлінеді. Мысалы: (7-8 сынып) «Физикалық шамалар және оларды өлшеу». Курстың міндеттері:

- оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу әдістері, өлшеу қателіктері, эксперименттік зерттеу деген сияқты ұғымдармен таныстыру;

- өлшеу құралдарын қолдануға үйретіп, өлшеу дәлдігі ұғымын қалыптастыру;

- оқушыларды эксперименттік білімдері негізінде эксперименттік зерттеудің зерттеу мақсатына сәйкестігі туралы қорытынды жасауға үйрету;

- техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер туралы түсінік беру;

- қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оларды орындауға үйрету.

Оқушылар тәжірибелік (демонстрациялық, зертханалық) зерттеулер жүргізу арқылы экспериментті жоспарлау, нәтижесін кесте, график, диаграмма түрінде көрсету сияқты эксперименттік біліктерді меңгереді.

Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімінде экспериментті физикалық зерттеулердің әдістері мен принциптері туралы қажетті білімдер, құралдардың құрылысының негізінде жатқан физикалық принциптер туралы мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімі фронтальдық зертханалық, практикумдық жұмыстардан және экскурсиядан тұрады.

2.Физика бойынша факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі.

Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: дәріс, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар.



Факультатив сабақтардағы оқыту формалары

Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттерімен сүйемелденеді.

Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып бойынша оқушылар шағын хабарламалар жасап, соның маңайында пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа қатынасуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау барысында әртүрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады.

Факультатив сабақтарының ерекше түрлерінің бірі – физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9-сыныптан бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынады. Факультатив курстар бағдарламасы сабақтардың фронталдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады.

Фронталдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді қалыптастырады. Фронталдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі.

Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс-әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс-әрекеттерін басқаруға байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге болады. Егер оқушы физиканың қандайда бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.


Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Факультатив сабақтар – оқушылардың білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге, алған білімдерін түзетуге бағытталған оқу сабақтарын ұйымдастырудың бір формасы.

Жоғары деңгейдегі курстар – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету.

Қолданбалы физика курсы – оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Арнайы курстар – оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Факультатив сабақтарының мақсаты қандай?

  2. Факультатив сабақтар дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Факультатив сабақтарын ұйымдастырудың қандай формалары бар?

  4. Факультатив курстарының жүйесі қандай топтардан тұрады?

15 -тақырып. Физикадан сыныптан тыс жұмыстар


Дәріс жоспары

1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар, формалары және әдістері.

2. Физикалық және тақырыптық үйірмелер, мектептік олимпиадалар және физикалық кештер.
Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Физика бойынша сыныптан тыс жұмыстар, формалары және әдістері.

Мектеп физикасы бағдарламасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы – физикадан сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Физиканы оқыту процесіне байланысты мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сабақтан басқа уақытта істейтін қосымша жұмыстарын физикалық сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

Оқушылардың физикалық-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-жігерін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Жас жеткіншектерге саяси, ғылыми, эстетикалық тәрбие беру.

Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың өзі екі үлкен топқа бөлінеді:



    1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін кластан тыс жұмыстар. Бұған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:

      • бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу;

      • физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, емтиханға дайындау);

      • физиканы қызыға оқитын оқушылармен қиын және қызықты есептер шығару, физикалық экспериментті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекті құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу;

      • оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына көмектесу (кеңес, реферат-баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және өлшеулер жүргізу).

Жалпы мұндай жұмыстар физикадан оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде қалыптасуына, класс оқушыларының үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет