3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38



бет3/25
Дата09.07.2016
өлшемі2.77 Mb.
#186758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

«Білім беру жайындағы» заңда білім беру жүйесін демократизациялау және білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері идеясы көрініс тапқан. Оларға жатады: білім берудің гуманистикалық сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, жеке адамның даму еркіндігі.

Көрсетілген принциптер өзінің жүзеге асуында, бірішіден, тұтастай білім беру мекемелері деңгейінде өзінің статусын таңдау мүмкіндігін көрсетеді, екіншіден, нақты оқу процесі деңгейінде мұғалімге оқу бағдарламалары мен оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқушы деңгейінде меншікті оқу «траекториясын» таңдай алады.


Білім беру жүйесін демократизациялау оқу процесін гуманизациялау, гуманитаризациялау және дифференцияциялау принциптерінде өзінің бейнесін алады.

Оқытудың гуманизациясы барлық оқу-тәрбие процесінің орталықты субьектісі болатын баланың жеке адамдық қасиетіне көңіл бөлінуі болып табылады.

Оқытуды гуманитаризациялау сәйкес оқу сабақтарында (әлемдік көзқарас, әдіснамалық, тарихи-биографиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.

Дифференциациялау оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта жалпы орта білім беруді әртүрлі типтегі: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке меншік мектептерде, жалпы білім беру мекемелерінен алуға болады.

Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.

Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.

Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.

Жеке меншік мектептер қоғамдық ұйымдардың, әртүрлі ассоциациясының және фондтардың, мекемелер мен жеке адамдардың ұсыныстары бойынша құрылады. Жеке меншік мектептің өзінің уставы және білім беру іскерлігін жүзеге асыруға бағытталған, сәйкес білім беру департаментінен берілген лицензиясы болуы міндетті.

«Білім туралы» заңымен метептердің төмендегідей құрылымы бекітіледі: I-IV (III) – бастауыш мектеп, V-IX – негізгі мектеп, X-XI – жалпы білім беретін (толық) орта мектеп. Осы құрылым негізінде міндетті болып он екі жылдық білім беру болып табылады, ал жоғарғы мектеп бағыттық болып қалады.

Әртүрлі типегі оқу мекемлерінде білім алу мүмкіндігі, бұрынырақ өзінің білім беру стратегиясын анықтауға құқылы және әртүрлі оқу бағдарламалары мен құралдарды қолданатын, білім беру стандарттарын жасауды талап етеді.

Орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін екінші құжат, базистік оқу жоспары болып табылады, ол оқушылардың оқу жүктемесінің максимал көлемін анықтайды, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін меңгеруге бөлінген оқу уақытын анықтайды.

Базистік оқу жоспары пәндерді қамтымайды, білім беру аймағын қамтиды және екі бөлімнен тұрады: инвариантты және вариативті.

Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады.

Вариативті бөлімінде мектептік және регионалды компоненттерін жүзеге асырады.

Базистік оқу жоспарының қосымшасына сәйкес физиканы меңгеруге 7-11 сыныптар бойынша аптасына екі сағаттан аз уақыт бөлінбеуі керек.

Оқу процесін реттейтін үшінші құжат, мемлекеттік білім беру стандарттары болып табылады, ол оқушылардың міндетті дайындық деңгейінің талаптарын анықтайды. Білім беру стандарттары пән бойынша бағдарлама болып табылмайды. Олар базистік оқу жоспары сияқты оқу бағдарламаларын құру үшін қолданылады.


  1. «Физиканы оқыту әдістемесі», «физиканы оқу әдістемесі», оқыту технологиясы ұғымдары

Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым.

Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.

Мектепте физиканы оқу барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқу әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қай түрі болмасын анықтаманы қажет етеді.

Технология – «техно»-өнер, шебер, қол өнер, «логия» – ғылым деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «технология» терминінің қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік амалдардың, әдістер мен үдерісінің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.

2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.

Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.

Ал оқыту технологиясы дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін оқыту технологиясына берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.

Оқыту технологиясы – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет