ДербесЭЕМ-нің элементтік базасы Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы болатын компоненттері информация өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оның сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
- микропроцессор;
- оперативті есте сақтаушы құрылғы;
- тұрақты есте сақтаушы құрылғы;
- қоректену блогы мен мәлімет енгізу – шығару порттары.
Сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:
- информация енгізу құрылғылары;
- информация шығару құрылғылары;
- информация жинақтауыштар.
Шығару құрылғылары Принтерлер мен плоттерлер Принтер (баспа құрылғысы) мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиялық түрлері бар.
Матрицалық принтерлер олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.
Сия бүріккіш принтерлердебүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қалыңырақ қағазды және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді.
Лазерлік принтерлер - ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады, бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Доңғалаққа әріптер бейнесіндегі бояу жұқтыру компьютер командалары арқылы лазерлік сәулелермен жүргізіледі. Лазерлік принтерлер өте сапалы басылым бере алады және жылдамдықтары да жоғары – орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5 – 15 секундта) басып бере алады.