Орталық процессор барлық есептеу мен информация өңдеу істерін орындайды.
Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше
интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысыинформацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программмаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
Интегралдық схема-кристалл арқылы іске асырылған электрондық схема. Ол компьютерлердің аппараттық жабдықталуының негізгі элементтерінің бірі.
Программалық жабдықтар құрамы (Software) Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады, оларды программалық жүйе деп те атайды. Программаларсыз ЭЕМ-нің жұмыс атқаруы мүмкін емес.
Программалық жабдықтар құрамы: қолданбалы программалар, жүйелік программалар, мәтіндік программалар болып келеді.
Қолданбалы программалар- белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептеулерді шығаруға арналған программалар тобы.
Мәтіндік программалар – мәтін түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен бірден орындалатын программалар жиыны.
Тестілік программалар деп компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде аппараттық құрылғыларының қызметін толық бақылауға арналған программаларды айтады.
Жүйелік программмалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар: операциялық жүйелерден, шеткері құрылғыларды басқару программалары - утилиттерден, драйверлерден (сервистік программалар) және програмалау тілдерінен тұрады.
Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын арнайы программа. Олар процессорды принтермен, пернелер тақтасымен, дискілермен байланыстырады.
Утилиттер - жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Олар программалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.