Т үзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, Page Up, Page Down, BackSpace және бағыттауыш пренелер
Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан Num Lock пернесін басу керек, сонда қосымша цифрлық пернелер басқару пернелерінің ролін атқарады немесе цифрлар теру режиміне көшеді.
Б ағыттауыш ( ) пернелер мен Home, End, Page Up, Page Down пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды.
Delete, BackSpace пернелері қате енгізілген символдарды өшіреді, BackSpace – сол жақтағы символды өшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды өшіреді.
Бір сөзбен, екінші сөз «бос орын» пернесін басу арқылы бөлініп жазылады.
Іnsert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын қамтамасыз етеді.
Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда , мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды: негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ, қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге көшкенде, пернелер тақтасындағы кішкене шам жанып белгі береді.
Caps Lock пернесінің негізгі режимі – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптер енгізу.
Ctrl, Alt, Shіft пернелері тіркеу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен бірге пайдаланылып, іртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады.
Esc пернесі (шығу, көшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
"Тышқан тәрізді қол тетік"
Тышқан пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл - тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның екі-үш батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын тішкене тетік.
Компьютерлік жүйелер
Әрбір компьютер аппарттық (Hardware) және программалық (Software) жабдықталудан тұрады.
Аппараттық жабдықтар (Hardware)
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |