№3 дәріс тақырыбы: Заманауи дене шынықтыру және спорт саласындағы маманның қызметіне қойылатын талаптар Жалпы «мамандық»



бет3/6
Дата02.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#463881
1   2   3   4   5   6
3-дәріс

1.6. Кәсіптік қызметтің бағыттары:
білімдік (педагогикалық)
спорттық (жаттықтырушылық)
ұйымдастыру - басқару
сервистік - қолдану
жобалық - есептеу
өндірістік - технологиялық
тәжірбиелік – зерттеу
Кәсіби қызметтің мазмұны:
Дене шынықтыру және спорт бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің мазмұны дене шынықтыру мен спорт саласындағы келесі бағыттардан тұрады: педагогикалық (білімдік); жаттықтырушылық (спорттық); ұйымдастыру-басқарушылық; өндірістік-технологиялық; сервистік; жобалық; тәжірибелік-зерттеушілік; дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми-зерттеулерден тұрады.
• мұғалім, жаттықтырушы ретінде педагогикалық-білімдік қызмет жеке тұлғаның дене шынықтыру мәдениеті саласында ғылыми-практикалық білімдердің көзқарастық жүйесін (мотивациялы-құндылықты және денсаулық сақтау қатынасын) қалыптастыруға бағытталған;
• педагогикалық-білімдік, тәрбиелік, спорттық-сауықтыру, жаттықтыру, ұйымдастыру, дене шынықтыру бойынша әдістемелік және нұсқаушылық, туризм, ғылыми-әдістемелік, спорттық-төрешілік, психологиялық-педагогикалық сапалар жұмыс істеуге мүмкіндік береді:
ДШ және С мұғалімі - жаттықтырушысының жеке тұлғаны тәрбиелеумен, қиындықтарды жеңумен, ерік күшін тәрбиелеумен, құндылықты бағдарды қалыптастырумен, спорттық этиканы және т.б. сақтаумен байланысты болып келеді
Педагогикалық спорттық-сауықтыру қызметі келесі үдерістермен байланысты:
- Дене тәрбиесі мен спорт түрлері бойынша оқу және оқу-жаттығу үдерісін дайындықтың барлық деңгейлерін ескеру арқылы тиімділігін бақылау мақсатында жоспарлау және ұйымдастыру;
- ДШ және спортпен шұғылданушы спортшылар мен командалардың, тұлға сапаларының психологиялық диагностикасын өткізуді, дайындық жағдайын басқаруды, спорттық-нормативті құжаттар жасау арқылы психологиялық дайындықты ұйымдастыру;
  • Жалпы қабылданған әдістер мен ғылыми-әдістемелік жасалымдарды пайдалану арқылы инновациялық әдістер мен технологияларды оқу- жаттығу үдерісіне енгізуде тән саулығын, дене дайындығын, спорттық жетістіктері мен жоғары білікті спортшылардың дене тәрбиесін, спорттық жаттығуларын жетілдіру;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет