3 І тарау Қазіргі кездегі б


ІІ Тарау Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие



бет6/12
Дата06.07.2022
өлшемі127 Kb.
#459624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
kur -mektep-zhasyna-deyingi-balanyn-qatelikterine-tarbie-turgysynan-qarau-29

ІІ Тарау Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау
2.1 Мектепке дейінгі топтарда жазу сабағында балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру
Қазақ тілі - баланың өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Қазақ тілін оқытудың мақсаты тек баланың сауатын ашу, ана тілін пәннің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай – ақ оларды игі қасиеттерге, тілді қарым – қатынас құралы ретінде қолдана білуге тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі топтарда баланың жазу сабағының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу тілі қолмен іске асады, көзбен қабылданады. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауызша тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде идеографиялық сөйлеу кезеңі болды. Бұл кезең белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарды. Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірі ои.
Біздін казіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бүл кейінірек шықты.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Ал дұрыс жазу иормаларының көздейтін мақсаты, айтайын деген ойды жазба түрде дәл айқын жеткізіп беру.
Әдетте жазу ортақ болғандықтан оның ережелері де жалпыға бірдей болады. Сондықтан орфографиялардың ережелері әрі ортақ, әрі айқын, әрі тұрақты болуға тиіс. Мектепке дейінгі топтарда баланы орфографияны игере отырып сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Мне, осыдан жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады. Мектепте орфографияны үйрету ісінде көзделетін негізгі мақсаты.
Мектепке дейінгі топтарда баланы орфографялық ережелерді саналы түрде меңгеріп, күнделікті жаттығу жұмыстарын орындауда, сол ережелер бойынша дұрыс, қатесіз, сауатты жазатын етіп төселдіру.
Сауаттылық екі түрлі ұғымда түсіндіріледі. Біріншісі, кең мағынада, яғни айтайын деген ой ауызша да, жазбаша да анық, тұжы-рымды түрде әдеби тілдің нормасында жеткізіледі. Мұнда граммати-калық, орфографиялық, лексикалық, стилистикалықнормалар толық сақталады. Сауаттылықтың екінші үғымы - тар мағынада, яғни орфографиялық және пунктуациялық қате жібермей жаза білу.
Балабақша тәрбиешілері сауаттылықтың осы ұғымдары үшін күреседі. Дүрысында орфографиялык және пунктуациялық кате жібермей жазьпі үйрену үшін морфологияны, сйнтаксисті, лексикаиы, стилистиканы жақсы білу қажет. Мүндай дағдыны жаттығу жүмысын қалыптастыру мүмкін емес. Балабақша орфография мен пунктуация грамматикадан бөлек, өз алдына жеке үйретілмейді, орфография, фонетика және морфология тағы басқа тараулармен байланысты отіледі де, тыныс белгілері синтаксиспен байланысты үйретіледі.
Қазақ пунктуациясы - қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы. Ол -тыныс белгілерінің түрлерін және олардың әркайсысының кызметін қарастырады.
Қазақ балаларын сауатты жазу мен тіл мәдениетіне дағдыландыру мәселесі ертеден - ақ қолға алынған. Сондықтан бұл мәселенің өзіндік даму тарихы бар. Әсіресе бұл мәселе орфографиямен соның ішінде тыныс белгілермен тығыз байланысты қарастырылады. Сондай- ақ тыныс белгілерді қою, байланысты да талқыланып келеді. Мысалы: Р.Мүсірепов "Теңіз балладасы" деген поэманың авторын сынай келіп, "көзі жасқа толы кәрі әке сақалын жұлып қала берді" деген оп-оңай ойды екі өлеңге сыйғыза алмай авторы "Толтырып жасқа уысты, сақалын жұлып шал қалған" деп, шалға сақалын уыстап жұлғызбай, көзінің жасын "уыстатқан" деп қынжылды. Бұл Л.Толстойдың "Бір сөзді дұрыс қолданбаған жазушыны қазақ правосынан айырып жүз рет дүре соқтырар едім" - деген сөзінің тамаша айтылған пікір екендігін дәлелдейді. Ал тыныс белгілерін дұрыс қойып жазбаса, онда ойымыз дәл берілмейді. Мысалы: С . Торайғыровтың:
Сүйемін туған тілім-анам тілін.
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, - деген екі жол өлеңіндегі "анам тілін" деген оңашаланған мүше үтірмен бөлінбей, сызықшамен бөлініп жазылғаны дұрыс, өйткені "туған тілім" деген тіркестен кейін үтір қойып жазсақ, анасының тілі бір басқа деген сияқты ұғым туады. Сол себепті "анам тілін" деген оңашаланған мүшенің алдына үтір қоймай сызықша қойып жазсақ, "туған тіл" мен "ана тіл" бірың-ғай сөйлем мүшесі деп ұғынылмайтын болады. Қазак пунк-туациясының негізгі қызметі - тілдің ішкі заңдылықтарына сүйеніп, сөйлеуді сөйлемдерге сөйлемдерді белгілі бір бөліктерге бөліп, ажыратып жазу және оларды дұрыс мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға, сонымен бірге жазылған ойды я оның бөлшектерін дұрыс түсінуге мүмкіндік жасау.
Орфографияны үйрену сауат ашудан басталады. Сауат ашу әлліпені оқыту арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде, оқушының жазу сауаттылығының түп қазығы - әліппені жүйелі оқыту казақ мектебі тарихында бұл мәселеге еңбасты көңіл бөлініп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет