1.2. Сұлтан Аз – Заһир Байбарыс Мысыр Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаушы.
Сұлтан Құтұздың өлімінен кейін әмір Байбарыс әл – Бундукдаридің сұлтан тағына келуі заңды еді. Бір ағынан моңғолдарға қарсы батырларымен әйгілі болса, екінші жағынан «Әл – Бахарийа» жсағының ең күштісі әріаса беделді өмірі есептельді.
Оның үстіне , мамлүктер заманында «өлтіргенөлгеннің орнын басатын» басқа әмірлерге қарағанда өзінің артықшылығы, батырлығы мен беделі асқан мамлүк өмірі билікте үстемдік дәстүрлер кеңінен қалытастқан болатын Құтұзды өлтіруге қатысқан мамлүк әмірлері Байбарыстың билікке келуін бірауыздан мақұлдайды. Олар сұлтан тұрағына келгенде, оларды атабек өмір Ақтай әл – Мустараб қарсы алады. Әмірлер оған болған істі хабарлаған кезде, ол «Құтұзды араларында кім өлтірді? – деген сұрағына Байбарыс «Мен өлтірдім!» деп жауап береді. Атабек оған, «Хан сұлтанның мәртебелі орнына отырыңыз!» дейді. Байбарыс барын сұлтан тағына отырады. Оған сол жердегі мамлүк әмірлері мен әскерлерінен ешкім қарсы шықпай түгел акт береді. Бұл оқиға Ас – Салихия қамалында болады: [26. 45 бет].
Ибн Мас бұл оқиға жайында, Құтұз өлтірілгеннен кейін оны өлтіруге қатысқан Мәмлүк әмірлері қалыптарын қолдарына алып Ас – Салихиядағы сұлтан тұрғанша келеді. Олардың басында тұрған әмір сұлтандық орына отырып, мемлекет билігін өз қолына алды [22. 60 бет]. дейді.
Сөйтіп, іс қалай болғанда да, Бейбарыс билікті қолына алып, өзінің кейінгі тағдырын үлкен саяси оқиғалармен байланыстырады. Оның беделің алдында ешкім қарсы шыға алмай, әмірлердің барлығы оның билігін мойында, оған ант беруге мәжбүр болады.
Жаңа билеушіге ант бере сала оның сұлтан тағына отыру рәсімдерін Ас – Салихия қамалында өткізеді. Содан кейін сұлтан Бейбарыс Қайырға қарай аттанып, оған 1260 жылдың қазан айында келіп жетеді. Оларды қалаға кіре берісте әмір Изз ад – Дин Айдемір қарсы алды. Бейбарыс сұлтан сарайына кіріп таққа отырды. Сол кездегі қалыптасқан дәстүр бойынша, таққа жаңадан отырған сұлтанға мақтап беретін болған.
Соған сәйкес, сұлтан Бейбарысқа «Әл – Мәлик әл – Қаһир» яғни «Құдіретті патша» деген лақап беріледі.
Қайыр қаласында сұлтанның таққа отыру рәсімдеріне қатысқандардың арасында болған уәзір Зайн ад – Дин Иакуб ибн аз – Заһир сұлтан Бейбарысқа алған лақабын өзгерту жайында кеңес айтып, бұрын болған билеушілер арасында «Әл – Қаһир» лақапты алғанда өздерінің билігінде сәтсіздікке ұшырағанын хабарлайды. Байбарыс оның айтқан кеңесін қабыл алып, өзінің лақабын «Әл - Мәлік Аз – Захир» , яғни «Жарқын патша» деп өзгертіп, соған сәйкес Қайыр көшелерінде әл – Малик Аз – Заһирдің атын айтып жария қылсын деп әсір етеді. [25. 14бет].
Әскери соғыс майданда өзін тәжірибелі қолбасшы ретінде танытқан әмір Байбарыс сұлтандық билікке келе сала өзін алысты көре білетін данышпан саясатшы ретінде кеңінен мойындатты. Ортағасыр араб жазба деректеріне жүргінсек өзінің ақылдылығы, қайраттылығы, ержүректілігіне ерекшелігіне Байбарыстың бойында әділдік атқа мінерлік және батылдық қасиеттерімен кеңінен әйгілі болады. Ол билікке келген сәтінен бастап өзінің билігін күшейту мен негізі енді ғана нығайып келе жатқан мемлекетін және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар маңызды шаруаларды жүрзеге асырды.
Олардың негізгілері:
-
Сұлтан Байбарырыс сұлтандық билігін нығайту мақсатында мамлүк әмірлерінің барлығын өз қоластына басын қосады. Сонымен қатар қалық Бұқараны өзінің төңірегіне ынталанады. Бұл істі жүзеге асыруүшін ең алдымен мемлекетің жоғары лауазымды мансаптарына өзіне сенімді әмірлерді тағайындайды. Мәселен, әмір Фариз ад – Дин Ақтай әл – Мустарабты бүкіл мамлүк әскерінің «атабегі» , әмір лашынды бас «дауадар», әмір Балбан ар Рашидиді екінші дауада әмір Баһа ад – Дин Иакуб аш – Шаһрузуриді бас ахор, әмірі, әмір Айбек әл- Афрамды әмір «джандар» және т.б. әмірлерге көптеген лауазымдарды беру арқылы өзіне сенімді деген әмірлердің ризашылығын табады.
-
Жергілікті халықтың қолдауын табу үшін сұлтан Бейбарыс Мысыр тұрғындары төлейтін салықты едәуір азайтты. Өзінің алдында билік еткен Құтұз сұлтанның монғолдарға қарсы соғысқа қажетті дайындықтар жасау мақсатымен енгізген салым – салықтарды мүлдем жояды.
-
Мысыр түрмелерінде отырған саяси тұтқындардың бәріне кешірім жасап түрмеден босатады. Олардың арасында Құтыздың алдында сұлтан болған Айбектің ұлы Әли Малик әл Мансұр Нұр ат - Дин Әли оның анасымен ағасын түрмеден босатып оларды өзінен алшақтату мақсатында Византия еліне жібереді.
Өз мемлекетін нығайтуға бағытталған төрт шарасы ретінде барлық мұсырман әмірлерімен билеушілеріне хат жолдап онда Айн Джалут шайқасында жеңіске қол жеткізген мамлүк мемлекетінің әскери күш - қуаты Мысыр билігінде болып жатқан үлкен өзгерістер және Айн Джалут жеңілісінен кейінгі уақытта саяси жағдайлардың өзгергендігі жайын хабарлап Иемен патшасы мен барлық билеушілеріне хат жазады. [3. 71 бет].
Сұлтан Байбарыстың Мысыр мен Шам еліндегі күштердің бәрін бірігуге шақырған үндеуімен соны жүрзеге асыруға бағытталған шараларына қарамастан Мысыр мен Шам еліндегі біраз билеушілер тарапынан одан бөлінуге бет алса, ал біразы оның билігінде тікелей қарсы шығады.
Дамаскі қаласының билеушісі Алам - ад - Дин Санжар Қайырдағы биліктің ауысуына қарсы қарулы күреске аттанды. Оның бұл жолға түсуіндегі себеп:
-
Әмір Санжардың дамаскі қаласының билеушісі етіп тағайындаған сұлтан Құтыздың өлімі;
-
Әмір Байбарыстың басқа мамлүк әмірлерімен ақылдаспай және олардың келісімінсіз сұлтан тағына отыруы;
Осы жағдайларды басшылыққа алып, 1260 жылдың қараша айында Әмір Санжар сұлтан Байбарыстың билігін мойындамай өзі Дамаскінің тәуелссіз билеушісі етіп жариялап өзіне «Әл – Малик әл Муджахит» , күресуші патша деген лақап алды. Сондай – ақ Дамаскінің барлық мінделеріне оның атынан дұғалар айтыпоның атынан ақша шығарылады.
Әмір Санжар өзінің билгін нығайту мақсатымен Халат қаласының билеушісі әмір Хисам ад – Дин лашын әл – Азизиге, билеушісі Хамат қаласынының әмір – Мәлік әл – Мансуриге және Хомс қаласының билеушісі әмір әл – Малик әл – Ашраф Мусаға өз адамдарын жіберіп өзінің билігін мойындап қол астына өтуін талап етеді. Бірақ олар оның, бұл талабын қабыл алмайды. Оның себебін көпшілік тарихшылар олардың сұлтан Байбарыс қаһарынан қорқуынан деп түсіндіреді.
Шам еліндегі бұл әрекеттердің өзінің билігі үшін үлкен қауіп көрген сұлтан Байбарыс әмір Санжарға өз елшісін жіберіп оған хат жолдайды. Онда саяси жағдайдыдұрыс түсініп бөлінушілік бағытынан бас тартып сұлтанның билігін мойындауға шақырады. Бірақ әмір Санжар оның талабын қабыл алмай болашақ шайқастарға дайындалу мақсатымен Домаскі қаалсының бекіністерін күшейтуге кіріседі. [13. 45 бет].
Мұны көрген Бейбарыс бұл әрекетті тыюдың қажеттігін түсініп оған қарсы өінің ұстазын Әмір ала ад – Дин әл – Бундухтаридің қолбасшлығымен әскер жібереді. Бұл әскер әмір Санжардың қарсылығын күйретіп өзін тұтқындап 1261 жылы қаңтарайында Қайыр қаласына әкеліп «Әл - Джабаль» қамалына қамайды. Сұлтан Байбрыс оның өзіне қарсы шығу әрекетінің бәрін кешіріп түрмеден босатады. Домаск қаласның билеушісі етіп сұлтан өзінің ұстазын тағайындап оған өзі күдіктенген Әл – Азизийа және Ан – Насыррийа жасағының біраз әмірлерін тұтқынға алуға тапсырады. Олардың бірі әмір Шамс ад – Дин Ақуш әл – Бурили Халаб қаласына қашып оны басып алады. Біраз күш жинапалған ол Аз – Заһир Бейбарыс билігін тартып алу үшін мысырға аттанады. Бұл жайында хабар естіген Бейбарыс оған қарсы әскер жіберіп оны жеңіліске ұшратады. Әмір әл – Бурили Халаб қаласының сыртынақашады. Алайда көп ұзамай тұтқынға түседі. [14. 422 бет].
Сұлтан Бейбарыс саяси өмірінің алғашқы кезеңінде Қайырдың ішінде исламның «Шииа» тармағының өкілі әл – курани деген атпен белгілі адамның басшылығымен пайда болған ішкі қарсылық қозғалысына бетпе – бет келеді. Бұл адам өзінің құдайшылығын және аса діншілдігімен әйгілі болып өзінің айналасына жасырды сарай қызметшілерін және суддандықтарды жинап оларға байлық мүлік және «Иқта» яғни жерүлестіріп беруге әуде етеді. Мамүлктердің билігіне қарсы Хусн ад – Дин ибн Санаб әл – Маадия бастаған арабтардың қарулы көерілісін сұлтан Байбарыс кезінде талай мәрте бас көтереді. Олар өздерінің әскери дайындықтарының нашарлығымен соғыс өнерінде тәжірибесінің болмауында мамлүк жасақтарында әрдайым жеңіліске ұшырап отырды.
Бірақ, жеңілістерінен кейін арада көп уақыт өтпей қайта күш жинап алып көтеріліске қайта – қайта шығу елдегі тыныштықты бұзып көптген ауыртпалықтармен тәртіпсіздіктің себепшілері болды.
Хусы ад – Дин сұлтан Байбарыс билігіне өзінің көтерілісін 1261 жылғы қайта жандандырады. Бір ол жолы мамлүктердің қолына түсіп Александрия қаласында дарға асады. [14. 425 бет].
Сөйтіп сұлтан Бейбарыс билігіне қарсыбағытталған ішкі қарсылықтардың барлығын жеңіп «Әл – Бахарийа» мамлүктерінің мемлекетінің нығайту арқылы өзініңбилігінде едәуір нығайтып алады. Бағдад құлағаннан кейінгі бүкіл Ислам әлемі үшін рухани білік пен басшылықтың мекені болған аббас әулеті халифатының орныбос болуы мұсылмандардың рухына қатты әсер ету себепті сұлтан Аз – Заһир Бейбарыс қайта жандандырудың исалм әлемі үшін үлкен ролімен маңыздылығын түсініп оны қайта жандандыруға күшжігерін салады. Сұлтан Байбарыс аббас әулетінің халифатын қайта жандандырып оныңтұрақты орнын Қайырға ауыстыру арқылы оны бүкіл мұсылма әлемінің орталығына айналдыру жайында саяси жағынан аса маңызды істі жоспарлайды. Бұл жоспарды жүзеге асырудың артықшылықтары:
Біріншіден: Мамлүк мемлекеті монғолдарғақарсы соғыстардағы жеңістеріне қарамастан өзінің билігін рухани жағынан нығайтудахалифатты негізгі тірек еткісі келеді.
Екіншіден: Мысырдағы сұлтан тағын Шам еліндегі Ацубилерді бәсекелестігіне жәнемысырдағы әмірлердің билікке аастыртын қастаңдықтар ұйымдастыру арқылы келуіне жол бермеу үшін онырухани жағынан қоршау ретінде пайдалануға үлгерді.
Үшіншіден Ислам әлемінің алдында халифаттың қорғаны ретінде саяси сахнада мәртебелі орынғаие болып барлық мұсылман халықтарының назарын өзіне қаратқысы келеді.
Төртіншіден: Қайырда суниттік бағыттағы аббас әулеті орнауы шиттік бағыттағы Әл- Фатимилердің Мысырда өздерінің халифатын орнатуға күшжігерлерін көп жұмсаған әрекеттерінеқарсы мықты тосқауыл болады деп сенеді.
Бесіншіден: Абасс әулеті халифатының Қайырда орналасуы мамүлк сұлтанының мәртебесін ислам әлеміндегі басқа мемлекеттердің билеушілермен патшаларының алдындағы мәртебесі жоғары қояды. Оның үстіне ислам әлеміндегі халифат барлық биліктердің шығу орталығы есптелуі себепті «Сұлтан» атағын беру тек халифаның құзырында болып басқа билеушілердің барлығы ресми тұрғыдан сұлтан деген аттаққа ие бола алмайды. Бұл атақыты халифа Байбарыс береді.
Алтыншыдан: Халифаның қолдауымен тірегінесүйенген Байбарыс өзінің сұлтандық билігін діни жағынан нығайтумен қоса Мысырға көрші мемлекеттерге өзінің саяси ықпалын күшейту арқылы билігінің аясын кеңеййтуді жоспарлайды атап айтсақ.
Сөйтіп, сұлтан Байарыс 1261 жылдан бастап олайлаған жоспарын іске асыруғакірісіп сұлтан Құтыс халифа тағына отырғызмын деп ант берген Дамаскідегі Абасс әулетінің үрім бұтағы әмір Абу әл – Аббас Ахмады Қайырға шақырады. Бірақ ол шақыруды қабыл алмайды. Осы кездесұлтан Байбарысқа оның Домаскідегібилеушісі етіп тағайындаған әмір Ала ад – Дин әл- Бундухтари сұлтанға хат жазып онда аббас әулетінің басқа әмірі Абу әл –Қасим Ахмадтың монғолдардан қашып келгенін хабарлайды.
Бұл хабарды сұлтан Байбарыс өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін туған ең қолайлы сәт деп қабылдап, ол болашақ халифаға қажетті қызметін бәрін көрсетіп мәртебесін жоғары құрметтеп оны күшейтілген қорлаушы жасақтарымен бірге Қайырға дейін жеткізіп салуға бұйрық береді. Қайыр қаласы Аббас әулетінің халифасын үлкен салтанапен қарсы алуға дайын дайындалады. Оның келуі жайында хабар келгенде сұлтан Байбарысөзінң жақын әмірлері сарай ішіндегі беделділері және ислам сотының жоғарғы қадилерімен бірге оның алдынан шығады. [21. 292 бет].
Аббас әулетінің халифасын қоршаған көпхалық Қайыр қаласының көшелеріндесалтанаттышеру ұйымдастырады. Аббас әулеті халифасының Қайырда қайта жандандырудың салтанатты рәсімдері жайында тарихшылардың көбісі бір оқиғаға басты назар аударады. Яғни һиджра жылының Раджап айының 13 – де Сұлтан Аз – Заһир Байбарыс «Әл – Джабаль» яғни тау үстінде орналасқан қамалдың үлкен сарайында ғалымдар әдебиетшілер, тарихшылар, қадилер, мемлекеттің лауазымды әмірлерінің бәрі және саудагерлер менқарапайым халықтың өкілдері қатысқан үлкен жыйын ұйымдастырады. Сондай – ақбұл жиынға ислам шейхы Изз ад – Дин ибн Абд ас – Салам және халифаныңтектік шежіресіне куәлік беру үшін оныңмен бірге еріп келген екі араб ақсүйектері қатысады. Жиналғандардың алдындаберген куәліктерін исалм заңдарының білгірлері және хидилері рессми құжатқа тіркейді.
Сосын, бас қади Тадж ид - Дин ибн Бина әл – Айзз бұл куәліктердің растығын шешімді бекітіп,бүкіл ислам әлемін халифасының билігін мойындап оған ант етеді. Оның артынша сұлтан Аз – Заһир оған, Алланың кітабы және оның пайғамбарының сүннеті алдында тек Алланың көрсеткен тура жолымен Аллаға жағымсыз істерден аулақ болып Алла жолында қасиетті «Джихад» соғысын үзбей жайғайстыруға Алланың берген байлығына тек хақысы барын ғана алып, жаратуға Алланың атымен ант береді. Одан кейін мемлекеттің барлық әмірлері жоғары лауазымды және халықың түрлі әлеуметтік топтарының өкілдері жиынғақатықанның бәрі Алланың атымен ант беріп жаңадан болған халифаға «Әл – Халифа әл- Мустансир Биллә» , яғни «Аланның қолдауымен жеңілпаз халифа» деген лақап береді.
Сұлтан Байбарыс Мысырдан басқа мемлекеттерді ң билеушілерімен әмірлеріне хат жазып жаңа халифаны мойындап оған ант беруді сондай – ақ мешіттермен мінбелерде айтылатын дұғаларда және ақшаларды шғартады. Өз тарапынан халифа Аз – Заһир Бейбарыс бүкіл исалам елінде оған қосылатын елдер және Алла Тағланың қолдауымен Бейбарыстың жаулап алынатын кәпірлердің халықтарын жерлерін бәрінің билеуісі етіп тағайындап сұлтан киімін кигізеді. [24. 100 бет].
Мамлүк мемлекетінің мәртебесін көтеріп өзінің билгін нығайту үшін сұлтан Бейбарыс халифатты Қайырдан жібермеу мақсатында монғолдармен болған соңғы шайқаста тірі қалған әмір Абу әл – Аббас Ахмадты Қайырға шақыртып 1261 жылы қараша айында оған ант беру салтанатты рәсімін өткізеді. Жаңа халифаға «Әл – Хаким Бламриллә» яғни «Алланың әмірінен болған билеушіде деген лақап беріледі. Халифа өз тарапынан Байбарыс сұлтан мансабына тағайындап оған «Хасим Амир әл – Муминин» - «Барлық мұсылмандардың әмірі» деген лақап береді.
Сөйтіп,сұлтан Аз – Заһир Байбарыс Қайырды аббас әулетінің халифатын екінші рет жандандырады. [27. 195 бет].
Сұлтан Бейбарыс сырттан келген жаудан қорғану және оған қарсы шабуылған шығуға негіз болатын мемлекеттік шетаймақтарымен теңіз форттарын нығайту үлкен көңіл бөледі. Монғол шапқыншылығы кезінде қираған бекіністермен қамалдарды қайта қалпына келтіріп күшейтіп олард әскери жасақ және қажетті қарау - жарақ пен азық – түлікпен қамтамасыз етеді. Сөйтіп Иордан өзенінің шығысынан бастап Әл – Асы өзеніне дейінгі аралықта қорғанысшегін құрады. Көрші християн мемлекетеріне бақылау орнату және олардың тарапынан облуы ықтимал шақыншылықтардан маңызды жолдарды қорғау мақсатында әскери қорғаныс мұрарларын сондай –ақ жауларының қимылдарын ол жайында тез хабар жіберу үшін мемлекеттің барлық аймақтарын астана мен байланыстыратын мәйек мұнараларын салдырып оларды қажетті әскери жасақтарымен жабдықтандырады. Егер бақылаушылар қрылыс немесе теңізшекараларының жанынан жауды басқаса мәйектің төбесіне түнгі уақыта от жағып ал, күндізгі уақытта түтін шығарып келесімәйек мұнараға хабар жіберіп ал ол келесіге жіберіп хабар Қайырға жеткенше мәйек тізбегі үзілмейді. [10. 445 бет].
Батыс мемлекеттері Мысырға қарсы жорық ұйымдастырғанжағдайда кресті әскерлерінің мысыр жеріне теңіз арқылы келіп түсуін қиындату үшін думият портындағы Ніл өзенінің құйымасын тастармен толтырып тастайды. Рашид портында бақылау мұнараларын тұрғызып Александрия қаласын бекініс дуалдарын күшейтіп соғыс мұнараларын қайта салдырады.
ІІ – тарау. Таяу Шығыс Мысыр Мәмлүктерінің қарым - қатынасы
2.1.Мәмлүк мемлекетіне Дешті – Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым – қатынас.
Ұлан байтақ кеңістікте XIII ғасырдың басында орнаған. Алтын Орда мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арақатынасы мен оның тарихи атауларына байланысты қазіргі заман ғылыми айналымына енген түрлі пікірлер бар. Орта ғасыр араб саяхатшы-географтарының шығармаларында Еуразия даласы әр кезеңде түрлі атауларға ие болған. Негізінен, ол мұсылман
әлемінің шығыс және солтүстік жағынан түйісіп жатқан даланы мекендеген көшпенділердің ішінде әскери жағынан күш қуаты мықты, саяси беделі мен билігі артып тұрған тайпаның атымен белгілі болып, бұл атау сол өңірді мекен еткен көшпелі халықтардың бәріне ортақ деп есептеген. X ғасырда Арал өңірін араб географтары «Муфазат әл-ғузз», яғни «Оғыздар даласы» деп атаса, ал XI ғасырда қимақ-қыпшақ одағы тарапынан оғыздар Батысқа қарай ығыстырылып, бүл жерлер парсы жазба дерек көздерінде «Дешт-и Кипчак», ал араб деректерінде «Сахра әл-Қибчақ» (Қыпшақ даласы), деп атала бастайды. Орта ғасыр араб жазба дерек көздерінде парсы варианты кеңірек қолданыс тапқан. Алғашқы кезде, Қыпшақ даласы деген ұғым IX және X ғасырдың басында қимақ және қыпшақ этникалық және мемлекеттік ортақтастығы қүрылған Солтүстік Алтай және қазіргі Шығыс Қазақстанның аумақтарын қамтыды. Арада бір ғасырға жуық уақыт өткен соң, оғыздардың ығыстырылуына байланысты бұл жерлер парсы авторлары Насири Хусрау және Әл-Марвазидің (XI ғ.) шығармаларында жаңа атауға ие бола бастайды.
Русьтің шекараларына көшпенділердің жаңа толқындары туралы алғашқы деректер XI ғ. басына жатады. Бұл заманның жазба дерек көздерінің қатарына Лаврентьевтің жылнамаларын (1054 ж.) жатқызуға болады. [5. 16 бет].
Қыпшақтар Еділден асып, Дунай мен Днепрге дейін өздерінің иеліктерін кеңейтуінің нәтижесінде кейінгі орыс жыл-намаларында Ұлы дала «Половецкое поле» деген атаумен енсе, ал араб және парсы жазба деректерінде «Дешт-и Кипчак», немесе сирегірек қолданылған «Сахра әл-Кибшақ» атауларымен кеңінен танымал болады. XIII ғасырдың басында Қыпшақ даласы моңғолдар тарапынан жауланып, онда Алтын Орда мемлекеті құрылғаны тарихта белгілі. Осы уақыттан бастап, Дешті-Қыпшақ атауының тарихи-этникалық, жағрафиялық ұғымға айналуына қарамастан, мамлүк кезеңінің араб жазба деректерінде бұл атау Алтын Орда мемлекетінің синонимі ретінде қатар кеңінен пайдаланылып, ол - «Билад әл-Қибшақ», немесе «Мамлакат әл-Қибшақ», яғни «Қыпшақ елі», немесе «Қыпшақ мемлекеті» деп, ал оның хандары «Алтын Орда ханы» атаумен қоса «Қыпшак ханы», «Дешті ханы» деген атаулары қатар қолданыста жүрді.
Сондықтан, араб жазба деректеріне негізделген зерттеуімізде Алтын Орда және Дешті-Қыпшақ атаулары тең ұғымға ие болып, кейінгісінің жағрафиялық және этникалық мағыналары алдыңғысына қарағанда анағұрлым сыйымды, әрі ауқымды болуы себепті, Дешті-Қыпшақ түрінде пайдаландық.
Сұлтан Байбарыстың 1260 жылы билікке келуіне байланысты Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясатында басқа елдермен қарым-қатынасында жаңа бағыттар орын алды. Олардың ішін-де, 1261 жылы Дешті-Қыпшақпен орнатқан эскери-саяси жэне дипломатиялық байланыстарының екі мемлекет үшін де тарихи жэне саяси орны мен рөлі ерекше үлкен мәнге ие болды.
Тақырыпты зерттеген араб тарихшыларының Дешті-Қыпшақ хандарының ішінде ерек-ше ілтипатқа ілінгендерінің ішінде Берке-хан мен Өзбек-ханды айрықша атауға тұрарлық. Ол түсінікті де. Өйткені, аталғаи екі ханның билігі кезінде екі мемлекет арасындағы байланыстар өзінің шырқау биігіне жетіп, өзара саяси кұдаласумен бекітілгені мәлім.
Екі мемлекет арасындағы байланыстардың орнап дамуына ыкпал еткен негізгі себептерді қарастырсақ, олардың біріншісі ол - әлемдік маңызы бар тарихи оқиғаларға толы XIII ғ., яғни саяси оқиғалардың тарихи алғышарттарының факторы ретінде Шыңғыс-хан империясының құрылуы мен күшеюі, кейінгі уақытта Жошы Ұлысы, яғни Алтын Орда мен Құлағу Ұлысының (Ирандағы Елхан мемлекеті) тарихи сахнага шығуы және соңғысының Таяу Шығыстағы араб-мұсылман әлеміне жасаған жорығы - Мысыр Мамлүк мемлекетінің сыртқы саясатындағы шешуші алғышарттың бірі болғаны анық. Екіншісі - Мысыр мен Шам еліне билігін жайған Айубилер әулеті мүшелерінің арасында өзара келіспеушілік пен қарама-қайшылықтардың шиеленісуінің нәтижесінде бүл өңірдегі әскердің саны түркі мамл үктерінің есебінен күрт көбейтіліп, XIII ғ. ортасына қарай Таяу Шығысқа Батыс Еуропа тарапынан кресшілердің жорықтары мен Шығыстан моңғол жаулаушылығына қарсы тойтарыс бере алатын бірден-бір әскери күшке айналуының нәтижесінде олардың әскери билікпен қоса, саяси билікті өз қолдарына алуына негізгі алғышарттары жасалды.
Ең алдымен Мысыр мен Дешті-Қыпшақ арасында достық қарым-қатынасқа деген ниет алғаш рет XIII ғасырдың 60-шы жылдарының басында Мысыр тарапынан білдіріліп, ол XIV ғасырдың аяғына дейін Мысырдың сыртқы саясатындағы Елхан мемлекетінің мәмлүк иелігіндегі аумақтарға бағытталған шабуылдарына тосқауыл қою үшін қажеттіліктен туып, Берке-ханның (1256-1266) ислам дінін қабылдауы Мысырдың алдына қойған мақсатына жетуін едэуір жеңілдеткен, мүмкін шешуші рөл атқарған фактор болуы да ықтимал.
Араб және мысыр зерттеушілерінің басым көбі қолдайтын, діни фактор да бүл мэселеде негізгілердің бірі болғанын мойындау керек. Бұл кезенді зерттеген кезде, жүзеге асырылатын кез келген саясат пен іс-әрекеттерді идеологиялық жағынан негіздеу және нығыздау үшін діннің рөлі өте күшті болғанын естен шығармаған жөн. Бастапқы кезде, өздеріне қауіп төндіріп тұрған Ирандағы моңғолдарға қарсы Алтын Орданы айдап салуда мамлүк сұлтандарының қолында «кэпірлерге қарсы қасиетті соғысқа шығу» үшін «Джихадқа» шақыру сияқты күшті идеологиялық қару болды. Алайда, арада 40 жыл өткен соң, XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Ирандағы Елхандар да исламды қабылдауына байланысты ол идеологиялық қару болудан қалады. Бұл жағдайды пайдаланып кейбір зерттеушілер екі мемлекеттің, яғни Мысырдың Дешті-Қыпшақпен жақындасуындағы діни фактордың рөлін кемітуге тырысады. Жоғарыда айтқандай, кейін-гі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Иранға қарсы кейінгі соғыстарда діни фактор бірінші қатардан кетуіне қарамастан, бастапқы кезеңде ең басты болмаса да, негізгі себептердің бірі болғанын ескеру қажет.
Дешті-Қыпшақ ханы Берке-хан Жошы-ханның ұлы болғандықтан өзін әулеттегі үлкені есептеп, моңғол заңы бойынша Құлағудан өзіне бағынышты болуы мен құрмет көрсетуін талап етеді.
Шыңғыс-ханның заңы бойынша, еншілікке берілген жерлер толығымен оның иесінің құзырында болуына қарамастан, империя басындағы Ұлы ханға бағынышты болуы тиіс еді. Бастапқы кезде солай болады. Алайда, Шыңғыс-ханның империясы бірнеше дербес мемлекеттерге ыдырауы себепті мұндай жағдай ұзаққа созылмады.
Алтын Орда мемлекетінің негізін салған Бату-ханның кезінде Төле-хан екеуінің арасында ағайындық пен достық қарым-қатынас сақталып тұрған, жэне де Ұлы Моңғол империясының ішкі саясатында 1251 жылы Меңгуді Қара-Қорымда Ұлы хан тағына отырғызарда бәрі ауыз-бірлікте болғандығын көруге болады.
Қайыр мен Сарай арасындағы
дипломатиялық елшіліктердің қатынауы
Мысыр Мамлук мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстар тақырыбының ішінде дипломатиялық қарым-қатынастары өзіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Бұл тақырыпта арнайы зерттеу жүргізген, жоғарыда аталған Әмин әл-Холидің «Силат бейна аннил уа әл-вулга» атты еңбегінде біршама зерттелген тақырыптардың бірі. Автор өз зерттеуінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстар тақырыбын Әл-Мақризи, Әл-Омари, Әл-Қалқашанди, Ан-Нуайри сынды орта ғасыр араб авторларының деректеріне кеңінен сүйенген. Алайда, ол бұл тақырыпты жалпылама қарастырып, дипломатиялық елшіліктердің қатынау жылдары, оны бастап барған елшілердің есімдері, негізгі тапсырмалары мен апарған сыйлықтардың тізімін берумен шектелген. Ол өзінің зерттеуінде кеңінен пайдаланған деректер мен дерек көздеріне галдау жасамаған.
Қарастырып отырған тақырыпқа қатысты негізгі зерттеулердің бірі ретінде, кітаптың тарихнама тарауында карастырған С.Закировтың «Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом ХІІІ-ХV вв.» атты еңбегін атадық және оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін де атап өттік. Сонымен бірге, осы тарауда қарастырып отырган тақырыпқа арналған тұңғыш және бүгінгі күнге дейін жарияланған жалғыз зерттеу екенін тағы айта кеткен жөн.
Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тақырыбына жазылған арнайы зерттеуде автор бұл тақырыпты барынша ашуға тырысады жэне екі мемлекет арасындағы орын алған дипломатиялық елшіліктерді толығымен қамтиды. Алайда, зерттеуші Қайыр мен Сарай арасындағы дипломатиялық байланыстардың күшеюі мен әлсіреуінің негізгі кезеңдерін анықтамауға талпынбайды және оның себептерін ашып көрсетпеуі себепті бұл мәселе жан-жақты толық қамтылмаған.
Сұлтан аз-Заьир Байбарыс Берке-ханға 1262 жылы елшілікке Дешті-Қыпшақ елі мен оның тілін жақсы білетін мамлүк өмірі Күшбекті және Қыпшақ елінен жақында келген, Шариғат пен Ислам заңдарының білгірі Маджид ад-Дин мен Нафранды аттандырады. Сұлтан Байбарыс Берке-ханды бұл жолы да көпірлерге қарсы қасиетті «джихадқа» қатысуға шақырып хат жолдап, онда Мысырдағы ислам әскерлерінің күш-қуатын, оның этникалық құрамын сипаттап, Ислам әлеміндегі Мысыр сұлтанына бой ұсынатын патшаларды атап көрсетеді. Құлағудың жаулап алған жерлерінде мұсылмандарға қысымшылык пен зұлымдық көрсетіп жатқандығын, оның ісі Аллаға жеркенішті екенін және оған қарсы соғыспауға болмайтынын айта келе, Берке-хан әскерлерінің Мысырға келгенін, оларға үлкен сый-құрмет көрсетілгенін хабарлайды. Дешті елшілері Ордаға қайтарында сұлтан Аббас әулеті халифасының туыстарын елшілікке қосып сапарға аттандырады. Елшілермен жіберетін хатты жазу мэселесі бойынша үлкен жиын ұйымдастырып, оган Аббас әулетінің халифасы Әл-Хаким би-Амрилланы қатыстырып, елшілер сапарға аттанар алдында олармен бас қостырады. Бұл дерек екі билеуші арасындағы әскери-саяси жақындасудың діни жағының да аса күшті болғанын айқын көрсетеді.
Берке-хан сұлтан Байбарысқа жіберген елшілерімен бірге жолдаған хатында шүкіршілік пен мақтау, өзінің ризашылық сәлемін айтып, Құлағуға қарсы соғысқа әскери көмек сұрайды. Құлағу-ханның мұсылмандарға қарсы соғысы Шыңғыс-хан өсиет қылған «Ұлы Йаса» заңын бұзғандығы, деп жария етіп, оның күнәсі мен қылмысына қарсы Берке-хан өзінің төрт ағайынымен бірге Ислам орнату жолында барлык жақтан оған (яғни, Құлағу-ханға) қарсы соғысып жатқанын жеткізеді.
Халифа оларға лайық қымбат киімдерді сыйға тартып, сұлтан Байбарыс, Исламның киелі жерлері - Мекке, Медине және Құдыс мешіттерінің мінбелерінен сұлтанның есімінен кейін Берке-ханның есімі аталып дұға айтылсын, деген өмір жаздырады.
Берке-хан сұлтан Байбарысқа сол жылы елшілерін жіберіп, оны бастап келушілердің ішінде әмірлер - Арбұға, Артемір және Аунамаспен бірге Қайыр елшілігін бастап келген Шихаб ад-Дин Ғази болады.
Елшілер сұлтан Байбарысқа Берке-ханның хаты мен ауызша жолдауында Құлағу-ханның жеңілісіне ислам үмметінің қуанышын хабарлайды. Түркі-қыпшақ елі мен руларының Ислам дінін қабылдағанына қуанып, Ибн Шихаб ад-Дин сүлтанға Берке-ханның Құлағуға қарсы соғысының куәсі болғанын жеткізеді.
Сұлтан Байбарыс Берке-ханның елшілерін жылы қабылдап, оларга қымбат сыйлықтар тарту етеді. Халифа елшілерге Берке-ханга арнаган ауызша жолдауында Шариғат пен Алла жолындағы қасиетті «Джиьад» соғысы, Ислам дініндегі әділеттілік жайында және т.б. өсиеттерін айтып жеткізуді тапсырады.
Сол жылы сұлтан Байбарыстан Берке-ханға аттанған ел-шілікті бастап барғандар мамлүк өмірлері - Фарис ад-Дин Ақуш ас-Сауди әл-Асади және Аш-Шариф Имад ад-Дин Абд ар-Рахим әл-Хашими - Қайырға келген Берке-ханның елшілерімен бірге Сарайға аттанады. Берке-ханға жолдаған хатында сұлтан тағы да қасиетті «Джиьад» соғысы мен Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбардың жолына түсу, оған иман келтіріп, илану керектігі туралы және т.с.с. үгіт-насихатын айтады. Оған жіберген сыйлықтарының ішінде: Қасиетті Құранның «Осман нұсқасы», деп аталатын, қызыл атласпен капталып, ою-өрнектермен безендірілген нұсқасы; былғарымен астарланған қобдишаға салынған жэне оған піл сүйегі мен қара ағаштан жасалған, күміспен әшекейленген орындығы; кілемдер мен жайнамаздар; май шамдары; бір жираф; есектер; жүйрік араб түйелері; қымбат бағалы сыйлықтар; Александриялық киім-кешектер; қылыштар мен найзалар; садақтың жібек шектері; тұлпарлар, үзеңгілер мен ертоқымдар; үйретілген маймылдар; Африкадан әкелінген кара нәсілді құл қызметшілер; аспазшы құл әйелдер; жіберілген хайуандардың қараушылары және т.б. Яғни, Мысыр елінде бар ғажайып пен қызықты заттарды көптеп жібереді. Оларға арнайы үлкен кеме даярлап, оған саналуан түрлі қымбат сыйлықтар жинап, оларға көптеген теңіз әскери мәмлүктерін қосып, бір жыл мерзімге жабдықтап сапарга аттандырады. Бірақ, бұл елшіл ік Константинопольде ұзақ уақыт кідіріп қалады. Сол себепті, Қайыр мен Константинополь арасында саяси шиеленіс орын алады.
Сұлтан Байбарыстан Берке-ханға 1264 жылы елшілік жіберіліп, оны Шуджа ад-Дин ибн ад-Дайа әл-Хаджиб бастап барады. Онымен жолдаған хатында, Константинополь әміршісі Әл-Сакрисидің (араб деректерінде бұл есім Әл-Ашкари деп берілген. автор) сұлтан Байбарысты Қыпшақ елінің патшасы алдында араға түсуіне өтініш білдіруі себепті Берке-ханның Константинопольге қарсы шабуылдарын тоқтатуын сұрайды. Елшілікпен бірге Берке-ханга арнап «омра» (Кіші қажылық, автор) жасаған Құран аяттары мен Хадистер жазылған үш сәлде (омраға барғандағы киім автор), «Зәм-зәм» суы құйылған екі құмған, бальзам майы және т.б. діни мағынасы бар заттар жібереді.
Сұлтан Байбарыстан 1267 жылы Берке-ханның ағасының баласының баласы - Мүңкетемір-ханға елшілерін жіберіп, Берке-ханның қазасына байланысты көңіл айтып, Мүңкетемірдің таққа отыруына өз құттықтауы мен арнайы сыйлықтарын жібереді. Бүл елшілік Берке-хан қайтыс болған кезде, Қайырда сұлтан Байбарыстың алдында болған Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанады.
Мұңкетемір-ханнан сұлтан Байбарысқа 1271 жылы елшілік аттандырылып, олармен жолдаған хатында Мүңкетемір сұлтан жауларын өзінің жауы санайтынын және сұлтанды өте құрметтейтінін хабарлап, Құлағуға қарсы соғысуға әскери көмек сұрайды. Құлағудың қолындағы бүкіл мұсылман елдері сұлтандікі болуы қажет, деп жазады.
Сұлтан Байбарыстан Мұңкетемір-ханға 1272 жылы жіберілген елшілікті әмір Сайф аддин ас-Сауаби әл-Михмандар және Бадр ад-Дин ибн Азиз әл-Хаджиб бастап барады. Елшілік Қайырдан қайтқан Сарай елшілерімен бірге сапарға аттанды. Елшілікпен бірге жолданған саяси хатында Құлағудың ұлы Абақаның әрекеттері мен оның жеңілісі туралы хабарлайды.
Мүңкетемірге арнайы кымбат сыйлықтар, оның өзі сұратқан дәрілер мен дэрілік шөптер жіберіледі.
Сарайда Мүңкетемір қайтыс болып, таққа Таданмүңке отырады.
Таданмүңке-хан сұлтан Қалауынға 1283 жылы жіберілген елшілікті Қыпшақ еліндегі ислам заңдарының білгірлері Маджид ад-Дин Ата мен Нур ад-Дин Ата бастап барады. Олармен бірге сұлтанға жолдаған хатында өзінің ислам дінін қабылдағаны мен такқа отырғанын хабарлап, жіберген елшілері қажылық жасап қайтуын өтінеді. Ауызша жолдауында Таданмүңке хан халифа мен сұлтанға өзінің елшілері арқылы екеуінің ортақ жауларына қарсы соғысатындығын жеткізуді тапсырады. Ханның сұрауы бойынша екі елші қажылық жасап қайтады.
Таданмүңке-ханнан сұлтан Қалауынға 1286 жылы жіберілген елшілерінің құрамына содан үш жыл алдындағы жіберілген елшілігіне қатысқан, сол келуінде сұлтан қаржысына Мысыр кереуенімен қажылыққа барған, ислам діні мен заңдарының білгірі Маджид ад-Дин Атаны жібереді. Сұлтан Қалауын қалағанның барлығын жауапсыз қалдырмайтындығын хабарлайды.
1304 жылы Тоқтай-ханнан сұлтан Қалауынның ұлы сұлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынға елшілік жіберіліп, оны әмір Қарақшы бастап барады. Елшілікпен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, жасөспірім мамлүктер мен құл әйелдерді қосып жібереді. Тоқтай-ханның бітіспес жауы Ғазан-ханға қарсы соғысқа аттануын сұрайды. Харбанды қаласын қоршауға алып, оның елін талқандап тастаудың қажеттілігін айтады.
Сұлтан Ан-Насир ибн Қалауын Тоқтай-ханға елшілері Бадр ад-Дин Икміш жэне Фахр ад-Дин аш-Шамсиді жібереді. Бұл елшілік Қыпшақ елінен келген елшілікпен бірге 1306 жылы Сарайға аттандырылып, сұлтан Ан-Насир оған өзінің жауабында Харбанды елімен бейбітшілік келісім орнатқандығын және оны бұзудың лайық емес екендігін хабарлайды.
Тоқтай-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1310 жылы жіберілген елшілікті Ала ад-Дин Али бастап барады. Сұлтан Ан-Насирдің сұлтан тағын қайтарып алуымен және Тоқтайдың қарсыластарын жеңуімен құттықтайды.
Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1314 жылы жіберілген елшілікті Берке-ханның балалары мен ұрпақтарынан, барлығы 174 адамнан құралған елшілікті Манғуш бастап барады. Бұл елшілік оның алдында Сарайға келген сұлтан Ан-Насирдің елшілігімен бірге аттандырылады. Сұлтанға жолдаған хатында сүйек жаңғыртып өзара құдаласуға ұйғарым жасалып, өзінің алдында болған Тоқтай-ханның қызына үйленуін ұсынады.
Сұлтан Ан-Насир Өзбек-ханға 1316 жылы елшілік жіберіп, оны елшілері Ала ад-Дин Айдоғды, Хусейн ибн Сары және Мысыр копты христиандарының патриархы бастап барады. Елшілік Өзбек-ханның елшілерімен бірге Қайырдан Сарайға сапарға шығып, өздерімен бірге көптеген сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде маталар, соғыс құрал-саймандарын, алтын үзеңгілер мен ертоқымдары бар жүйрік тұлпарлар, алтынмен безендендірілген мысыр қылыштарын апарады. Бұл елшілік 1314 жылгы елшілік алып келген қүдаласу жайындағы ұсыныс үлкен маңызға ие болып, оларға керемет қымбат сыйлықтар берілгеніне қарамастан, Сарай жағы қалыңмал мен құдаларды күту мерзіміне келгенде анық жауабын бермейді.
Өзбек-ханнан 1319 жылы сұлтан ан-Насирге жіберілген елшілерінің ішінде көптеген қариялар, жоғары мансапты дәулер, Өзбек-ханның имамы Бурхан ад-Дин, Сарай қаласының қадиі, қыз-ханзадалар жэне 150 ер азаматтар болады. Елшілікпен қосып 60 күл әйелдер мен үш мың мәмлүк сыйға жіберіледі.
Осы жылы Мысыр жеріне келін және онымен бірге қымбат сый, тартулар келіп жетеді. Келін мен елшілердің Қайырға келуіне байланысты ұйымдастырылған күтіп алу салтанаты мен жайылған дастархандарыныңбайлығы мен молдыгы сол заманғы орта ғасыр деректерінде ерекше сипатталған. Ол жайындагы деректердің хабарлауынша: «ол барлық замандар мен барлық жерлерде болған ең үлкен той-думандармен бәсекеге түсе алады». [4.69 бет].
1334 жылы Өзбек-хан сұлтан Ан-Насирге аттандырған елшілерімен бірге оған хат жолдап, онда Өзбек-ханның ағасының қызы, қыпшақ ханзадасы жайлы сұлтанға айып тақты. Хаттың мазмұны - Ан-Насирге қалындыққа жіберілген хан әулетінің тандаулы қыздарының бірін өзінің қажеттілігіне лайық болмаған жағдайда сұлтан оны, яғни ханзаданы алған жеріне қайтаруга міндетті екендігі айтылады.
Бұл хат және оған жауап жайындағы ресми деректер көмескі және ол туралы анық мағлұматтар келтірілмейді. Сол заманның бірқатар тарихшыларының хабарлауынша, екі мемлекеттің билеушілері арасында 1328 - 1336 жж. аралығында хат жазысу тоқтап қалған.
Сұлтан Ан-Насир Сарайға 1336 жылы жіберген елшілігі Сыр Тоқтақай жэне Хауаджа Омардың бастауымен Өзбек-ханға арнайы қымбат сыйлықтар жэне сол елден мамлүктер мен құл әйелдер сатып әкелу үшін 20 мың алтын динар ақшамен сапарға аттандырылады.
Өзбек-хан тарапынан Қайырға 1338 жылы жіберілген елшілікті Музаффар ад-Дин ат-Таджир бастап барып, елшілік өзімен бірге көптеген мамлүктер мен құл әйелдер алып келеді. Олардың біразы Орданың беделді екі әмір бекзадасынан, ал біразы өзінің елшісі Музаффар ад-Дин ат-Таджирден сұлтанға тарту етіледі.
Өзбек-ханнан сұлтан Ан-Насирге 1338 жылы аттандырылған елшілік 1336 жылы Сарайға елші болып келген Сыр Тоқтақаймен бірге 153 адамнан тұратын елшілікпен бірге сапарга шығады. Сұлтан Ан-Насирдің қыздарының бірін Өзбек-ханға қалыңдыққа беруін сұрайды. Бірақ, Өзбек-ханның бұл сұрауына қайтарған жауабында сұлтан қыздарының әлі кішкентай, ең үлкенінің жасы алтыда болуы себепті ханның бұл сұрауын орындай алмайтынын және жасы кәмелетке жеткен соң жіберетіндігін хабарлайды.
1340 жылы сұлтан Ан-Насир Мұхаммад Ибн Қалауын қайтыс болады.
Жәнібек-хан сұлтан Ан-Насирдің таққа отырған баласы Хасан ибн ан-Насирге 1342 жылы әмір Қара-Бахадур бастаған елшілігін аттандырып, онымен бірге сыйлықтар мен тартулар, оның ішінде, алты сұңқар, аңшы құстар, мамлүктер, түркі әйел құлдар және бұлыңғыр терілері жіберіледі.
Сонымен, ХІІІ-ХV ғасырларға жататын аутентивті араб жазба деректері Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы келтірген мағлұматтардың негізінде екі мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыстардың ең дамыған кезендерін анықтадық. Олардың ішінде сұлтан Байбарыстың билік еткен кезін, нақтырақ айтсақ 1261-1277 жж. аралығын ерекше атауға болады. Өйткені, бұл кезең екі мемлекет арасындағы әскери-саяси байланыстар мен дипломатиялық қарым-қатынастардың негізі қалануымен қоса, саяси жақындасудың ең жоғары деңгейіне, яғни сұлтан Байбарыстың Берке-ханның қызына үйленуі арқылы саяси құдаласуды жүзеге асырды. Сөйтіп, Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы байланыстардың ең күшейген кезінің алғашқысы, әрі ең мықтысы Мысырда сұлтан Байбарыстың, ал Дешті-Қыпшақта Берке-хан және одан кейін билікке келген Тоқта-хан биліктері кезеңін жатқызуға болады. Сонымен қоса, бұл кезендегі екі мемлекет арасындағы жақындасуда белгілі жағдайда діни фактордың әсерінің күшті болғанын ерекше айту керек.
Дипломатиялық байланыстар 1279-1290 жж. аралығында билік еткен сұлтан Қалауынның кезінде де мықты болды. Сұлтан Қалауын ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да сұлтан Байбарыстың салып кеткен жолын берік ұстанды және Дешті-Қыпшақпен байланыстарын одан әрі нығайтуга атсалысты. Алайда, оның кезінде бұл қатынастарда елеулі ерекшеліктер байқалмады.
Мәмлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ арасындағы дипломатиялық байланыстардың жаңа карқынмен күшею кезеңі Мысырда билікке сүлтан Ан-Насир Мухаммад ибн Қалауынның келуімен байланысты болды. 1293-1341 жж. аралыгында Мысыр тағына үш мәрте келіп, барлығы 41 жыл билікте болған сұлтан Ан-Насир Мухаммадтың Дешті-Қыпшақпен байланыстары ерекше орынға ие. Ол Дешті-Қыпшақ ханы Өзбек-ханның билігі кезінде онымен ерекше тығыз қарым-қатынастар жасасты. Бір жағынан, аталған екі билеуші кезінде екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастардың ең бір күшейген кезі болуымен қатар, бұл кезеңде бірқатар жағымсыз мәселелерге қатысты бір-біріне сын мен айып таққан фактілер болғаны да белгілі. Атап айтсақ, 1321 жылы Мысыр сұлтаны Ан-Насирге Өзбек-хан оның Елхан мемлекетіне қатысты әскери позициясы туралы ащы сын айтса, ал 1334 жылы сұлтанға қалыңдыққа жіберілген хан тұқымының ханзадасы туралы тағы айып тағылады. Алайда, бұл жағдайлар екі мемлекет пен олардың басшылары арасындағы қарым-қатынастарға айтарлықтай кері әсерін тигізбегенге ұқсайды. Себебі, екеуінің арасындағы дипломатиялық байланыстар үзілмейді және үлкен саяси мәселелерге қатысты қайшылықтар тудырмайды. Дегенмен, екі билеуші арасында жоғарыда атап өткен мәселелердің орын алуына қарамастан, сұлтан Ан-Насир мен Өзбек-ханның биліктері тұсында екі мемлекет арасындағы саяси байланыстар өте күшті болды жэне дипломатиялық елшіліктер жиі қатынауымен қоса, олардың алдына қойылған мәселелер де аса маңызды болды.
Достарыңызбен бөлісу: |