3 І тарау. Мысыр еліндегі Мәмлүктер билігі


Алтын Орданың жақындасуының саяси және әлеуметтік алғашарттары



бет3/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#7267
1   2   3

2.2.Алтын Орданың жақындасуының саяси және әлеуметтік алғашарттары.

Екі мемлекеттің жақындасуына түрткі болған басты себептері мен алғышарттарды қарастырсақ, олар төмендегідей болады:

Біріншіден, Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінде IX ғасырдан бастап әскери жасақтарды түркі текті мамлүктерінен құру бұл өңірдегі түркілердің саны жағынан көбеюімен қоса көшпелі түркі-қыпшақ мәдениетінің енуі де кеңінен етек алғаны сөзсіз. Бұл үрдіс әсіресе ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы кресті жорықтары мен Таяу Шығыстағы Әл-Айуби әулеті билеушілерінің өзара соғыстарының салдарынан аса күшейе түсті. Соньщ нәтижесінде әскери қызметтеріне байланысты мемлекеттік істерге кеңінен араласуға мүмкіндік алған мамлүк әмірлерінін беделі мен ықпалы да едәуір артқаны тарихтан белгілі. Мамлүктердің әскери және саяси жағынан күшеюі олардың билікке келуінің бірден-бір алғышарты деп кабылдауға болады. Өйткені, Таяу Шығыс пен Мысыр елінде мәмлүктердің талай мәрте билікке келіп, тәуелсіз мемлекеттер құрғаны осыны дәлелдей түседі. Сонымен, Мысыр еліндегі түркі мәмлүктерінің мемлекеттік билікке келуін кездейсоқтық ретінде қарастыру түбегейлі түрде қате пікір деуге болады.

Екіншіден, Шыңғыс-хан құрған империяның күшеюі және одан кейінгі уакытта Жошы ұлысы (Алтын Орда) мен Құлағу ұлысының (Ирандағы Елхан мемлекеті) тарихи сахнаға шығуының және олардың бір-бірімен жауласуға толы қарым-қатынастары ХІІІ-ХІУ ғасырлар тарихының басты бағытын белгілеп берді. Елхан мемлекетінің Таяу Шығыстағы мұсылман иеліктеріне ша-буылдары Мамлүк мемлекетінің Алтын Ордамен жақындасуы-на негізгі себебі болды деуге болады.

Мысырда мамлүктердің билікке келуі, Дешті-Қыпшақта Алтын Орданың, ал Иранда Елхан мемлекетінің орнауының нә-тижесінде ХІП-ХІУ ғасырлардың басты саяси оқиғалары осы үш мемлекеттің өзара қатынасының нәтижесінде дамыды.

Шыңғыс-ханның ұрпақтары - Жошы және Құлағу әулеттері арасындағы бір ғасырға созылған қиян-кескі соғыстар, Қазан теңкерісіне дейінгі және кейінгі зерттеулерде бірсыпыра ашылған. Мәселен, Н.И.Веселовский «Хан из темников Золо-той Орды Ногай и его время» атты ецбегінде Алтын Орданың Мамлүк мемлекетімен байланыстар тақырыбына жол-жөнекей ғана тоқталып, В.Тизенгаузеннін деректер жинағынан келтірген үзінділерді деректанулық талдаудан еткізбей, өзінің назарын не-гізінен Ноғайдың жеке түлғасын ашуға бағыттайды.

Академик Б.Д.Греков және А.Ю.Якубовскийдін «Золотая Орда и ее падение» атты зерттеуі жоғарыда аталған тақырып-тың бірнеше мәселесін ғана қозғап, Жошы үлысы мен Құлағу мемлекетінің қарым-қатынастарын нақты зерттеуді мақсат етіп қоймаса да, Берке мен Құлағудың арасында басталып, ал кейін олардың ұрпақтарымен жалғастырылған үзақ мерзімді әрі қиян-кескі соғысы - Алтын Орда мен Мамлүк мемлекеті арасында өте тығыз дипломатиялық байланыстардың пайда болуына әкеліп соққан басты фактор деген саяз тұжырымға келеді.

Осы мәселені А.А.Али-Заде өзінің «Борьба Золотой Орды и государства ильханов за Азербайджан» атты мақаласында қозғап, екі мемлекет үшін де Әзірбайжанның маңыздылығына басты назар аударып, мәселеге негізінен экономикалық тұрғыдан келіп, Жошы мен Құлағу ұлыстарының әскерлері арасындағы Әзірбайжан жерінде болған соғыс қимылдарын қарастыра отырып, екі мемлекет арасындағы соғысқа апарған бұл шиеленіс Алтын Орданың Мысырмен жақындасуына негізгі себеп болды деп есептейді.

Араб жазба дерек көздерінде келтірілген дәлелді ақпараттардың негізінде, сондай-ақ араб және мысыр зерттеушілерінің басым көпшілігі тарапынан мойындалған діни фактордың жоғарыда аталған үш мемлекеттің арасындағы карым-қатынастардың қалыптасуы мен даму барысына елеулі әсерін тигізгенін на-зардан тыс қалдыруға болмайды. Орта ғасырда кез келген саясат пен іс-шараны идеологиялық жағынан негіздеу мен мықтылау үшін діннің рөлі өте күшті болғанын естен шығармаған жөн. Бастапқы кезде, өздеріне қауіп төндірген Ирандағы моңғолдарға қарсы Алтын Орданы айдап салуда мамлүк сүлтандарының «Джихад», яғни «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» сияқты үн-деу олардың қолындағы мықты діни идеологиялық қару ретін-де пайдаланғаны белгілі. Алайда, арада 40 жыл өткен соң, XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында Ирандағы Елхандар да исламды қабылдауына байланысты ол идеологиялық қару болудан қалды деуге болады. Осы жағдайды пайдаланғысы келген кейбір зерттеушілер екі мемлекеттің, яғни Алтын Орда мен Мы-сырдың жақындасуындағы дін факторының рөлін кемітуге тырысады. Кейінгі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Иранға қарсы соғыстарда діни фактор бірінші қатардан кетуіне қарамастан, бастапқы кезеңдегі оның ең басты болмаса да негізгі себептердің бірі болғанын ескеру қажет.

Мысырдың Алтын Ордамен одақтас болуға мүдделі болға-ны туралы Б.Шпулер, 1260 жылдың 3-қыркүйегінде Айн-Джа-лут деген жерде (Палестина) мамлүктер Құлағудың әскерлеріне күйрете соққы бергеннен кейін Мысыр тағына отырған сүлтан Әл-Мәлик аз-Заһир Байбарыс (1260-1277) езінің ымыраға келмес қасжауына қарсы түру үшін одан да күшті одақтас табуға зәру мұқтаж болды. Сүлтан Байбарыс бұл рөлге Алтын Орданы табады және де одан басқасын табу сірә мүмкін де емес еді деп түйеді.

Бір-біріне карсы соғыска кірген екі әулет те ездерінің тегін Шыңғыс-ханнан алады. Жошы оның үлкен үлы болса, ал Құлағу -кіші баласы Төледен туған немересі. Бірқатар зерттеушілер Алтын Орда мен Елхан мемлекеті арасындағы шиеленіс пен әскери қақтығыстарға түрткі болған негізгі себептерінің түйіні әулет ішіндегі өзара бәсекелестікте жатыр деген тұжырымдар айтады. Алтын Орда ханы Берке хан Жошы ханның ұлы болғандықтан өзін әулеттегі үлкені есептеп, моңғол заңы бойынша Құлағудан өзіне бағынышты болуы мен қүрмет көрсетуін талап етеді.

Шыңғыс-хан көзі тірісінде жаулап алған үлкен империясын үш үлының арасында - Жошы, Шағатай және Үкітайға бөліп береді. Ал кенжесі Төленің еншілігіне дәстүр бойынша әкесінің ата-мекені - Монғолияның солтүстік бөлігі тиеді.

Шыңғыс-хан қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары арасында өршіген бәсекенің негізгі себептерінің бірі ретінде В.Бартольд оның (Шыңғыс-ханның) көзі тірісінде ұлдарының арасында бөліп берген еншілерінің ара-жігін анық ажыратып, белгілеп бермеуінде жатыр [17. 58бет]. деген тұжырым айтады. Шыңғысханның заңы бойынша еншілікке берілген жерлер толығымен оның иесінің құзырында болуына қарамастан, им-перия басында отырған Ұлы ханға бағынышты болуы тиіс еді.

Бастапқы кезде солай болды. Алайда, Шыңғыс-ханның импе-риясы бірнеше дербес мемлекеттерге ыдырауы себепті мұндай жағдай ұзаққа созылмады [17. 59бет].

Алтын Орда мемлекетінің негізін салған Бату-ханның кезінде Төле-хан екеуінің арасында ағайындық және достық қарым-қатынас сақталып түрған. Және де ұлы Моңғол империясының ішкі саясатында 1251 жылы Меңгуді Қара-Қорымда Ұлы хан тағына отырғызарда бәрінің ауыз бірлікте болғанын көруге болады. Алайда, Иран жерінде Құлағудың құрған жаңа мемлекетінің дүниеге келуімен олардың арасындағы достық жауласуға айналғаны белгілі.

Сондай-ақ, Бартольд бұл соғыстың басталуына түрткі болған тағы бірнеше негізгі себептердің қатарына Жошы әулетінің Арран және Әзірбайжан жерлеріне иемденуге ұмтылуы, Берке-ханның Құлағумен қарым-қатынасында әулеттегі өзінің ағалығын пайдаланып, онымен қарым-қатынаста тәкәппарлық пен үлкендігін көрсетуі, Берке-ханның Иранға жіберген бірнеше бекзадалары мен колбасшыларының кенеттен қаза болуында «оларды у беріп өлтірді» деген күдігі, Берке-ханның өзін Құлағудың жауыздығынан ислам үмметінің қорғаушысы деп жариялауын жатқызады [11. 7бет].

Шыңғыс-ханның тірі кезінің өзінде, 1219-1223 жылдары моңғол әскерлерінің Сүбітай бастаған алдыңғы жасақтары Иран жеріне кірген. Алайда, оны толық жаулап алуды іске асыру тек.

Меңгу-ханның тұсында ғана мүмкін болады. Меңгу-хан Иранды жаулап алуды ортақ моңғол ісі деп кдрастырып, бұл жорықты Құлағуға баскаруды тапсырады. Оған барлық ұлыс әскерлерінің қатысуына бұйрық етеді.

Бұл жорық туралы білген Берке Бату-хан арқылы оны болдырмауға әрекеттенеді. Оның себебіне қатысты бірнеше пікірлер бар. Оның біреуі бойынша - саяси тұрғыдан, егер Иранды жаулап алу сәтті аяқталса, онда Алтын Орданың оңтүстігінде өзіне бәсекелес ірі әрі күшті мемлекеттің пайда болуы оның мүддесіне сай келмеді дегенге саяды.

Орта ғасыр тарихшысы әл-Омаридің пайымдауынша, Беркенің мұсылмандықты қабылдауына байланысты Құлағу екеуінің арасында ауызбірлік болмады, өйткені бұл кезде ол Бағдадта отырған халифамен достык және одақтастық қарым-қатынаста болуы себепті, мұсылман елдеріне қарсы жорықты қолдамады [1. 223бет]. . Кезінде Меңгу-ханның бұйрығы бойынша Құлағудың жорығына көмек ретінде әскерлер жіберген Бату-хан қайтыс болған соң, Алтын Орда тағына отырған Берке-хан екі жылға жуық Құлағу әскерлерінің жылжуына барынша кедергі жасаумен болады.

1256 жылдың 1-қаңтарында Құлағу өз әскерлерімен Амудариядан өтіп, өзінің алғашқы әскери-соғыс қимылдарын Иран жеріндегі Исмаилиттерді күйретуден бастап, олардың 40-тан астам бекіністері мен қамалдарын басып алады. Исмаилиттерді бағындырған Құлағу өз әскерлерін Араб халифатының орталығы - Бағдадқа қарай бағыттайды. Ол кезде билік басында халифа Әл-Мустасим (1242-1258) отырған еді. Бұл кезде Бағдад халифаты саяси және әскери жағынан әлсіз халде болатын. Оның әлсіздігі, Закировтың пікірінше, ең алдымен, ғасырлар бойы жиналған едәуір байлықтарды халифа Әл-Мустасим әскердің санын көбейту арқылы күшейтуге және Батыс кресшілерімен талай соғыстарда әбден шыныққан мамлүк қолбасшыларын шақыруға ақшасы мен мүлігін аяп қалған сияқты [12. 9бет]. дейді.

1258 жылдың 10-ақпанында Бағдад қаласы моңғол әскерлерінің қолынан құлап, ондағы бар байлық жеңушілердің олжасына түседі. Жаулап алынған Иран жерінде Құлағу өзінің жеке мемлекетін құрады. Меңгу-хан қайтыс болған соң оның орнына отырған Құбылай-хан 1261 жылы Құлағуды Ирандағы жаулап алған барлық жерлердің мүрагері ретінде мойындап, оған «Ел-хан» деген атақ береді.

Мамлүк мемлекеті мен Алтын Орданың жақындасудағы басты түрткілердің бірі ретінде Ибн Абд аз-Заһир діни факторды алдыңғы қатарға қояды. Тәжірибелі дипломат Ибн Абд аз-За-һир сұлтан Байбарыстың тапсырмасы бойынша Беркеханға хат жазып, онда мұсылман емес Иран Елхандарына қарсы «қасиетті джиһад соғысына» шығу оның (яғни Беркенің) мұсылман ретіндегі міндеттерінің бірі екенін баса айтып, оны Құлағуға қарсы соғысқа шығуына үгіттеп, «Ислам тек сездерден ғана тұрмайды, кәпірлерге қарсы қасиетті «джиһад» соғысына шығу оның басты тіректерінің бірі болып табылады», [18. 47бет] деп жазғанына басты назар аударған жөн. Өйткені, осы хаттың басты мазмұны Мысыр мен Алтын Орда арасындағы кейінгі болған дипломатияльщ келіссөздерде кеңінен пайдаланылған және соңғысын Иран Ел-хандарына қарсы соғысқа айдап салуға үгіттейтін басты идеологиялық құралының бастамасы болғанын ескеру кажет.

Орта ғасыр тарихшысы Ибн Касирдің хабарлауы бойынша, Берке-хан Құлағудан заңға сәйкес өзіне тиесілі бөлігін беруді талап етеді. Арадағы белісуге байланысты бәсекенің одан әрі шиеленісуіне Құлағудың жорығына катысқан Жошы ұлысының әскерлерін Табриз және Мерагаға орналастыруы да өз септігін тигізген тәрізді. Бұл жерлердің Алтын Ордаға жақын әрі көршілес болуы Берке-ханның оларды өз иелігіне косып алуға ұмтылуына түрткі болған сияқты. Қалыптасқан жағдайды Құлағудың алдын ала ескере алмауы Берке екеуінің арасында Әзірбайжан мен Грузия жерлері кімге тиесілі деген мәселенің шиеленісуіне тағы бір жол ашып берді десе, Әл-Айни және сол заманның басқа да тарихшылары Берке мен Құлағу арасындағы шиеленіске әсер еткен, басты болмаса да қосалқы себептердің бірі ретінде құлағуды Алтын Орда тағына отыруға шақырған Бату-ханның ойелі Борақшынның қатысы бар болғанын хабарлайды [1. 273бет].

Берке мен Құлағу арасындағы бәсекелестіктің шиеленісуінің тағы бір себебі ретінде Монғолиядағы Ұлы таққа отыру үшін Құбылай мен Арықбұға арасындағы болған тартыстарда Құлағу-ханның Құбылай жағын, ал Берке-хан Арықбұғаны ашық қолдауын айтуға болады. Алайда, екеуінің арасындағы шиеленіс бұдан әлдеқашан бүрын басталғанын ескерсек, мұны басты емес, қосалқы себептердің қатарына жатқызуымызға негіз береді.

Жеңілген Арықбұға тұтқынға берілгеннен кейін, оған ұйымдастырылған сотқа ағайындары Құлағу, Берке және Алғұй шақырылады. Алайда, олардың әрқайсысы өз ұлысындағы шұғыл мемлекеттік істерін себеп айтып, сотқа келмейді. Арықбұғаның үстіне сот жүргізіліп, ағасы Құбылайдың құрметі үшін оған кешірім жасалады. Сотқа келе алмаған үш ханнан шығарылған соттың үкімі туралы өздерінің пікірлерін айтуды сұрайды. Құлағу бұл шешімді мақұлдады және құрылтайға асыға келетіні туралы хабар берді. Берке де сондай жауап қайырады [8. 336бет]. Бұл оқиғадан ескеретін бір маңызды жәйт - Берке мен Құлағу арасында әскери қақтығыстардың өршіп тұрғанына қарамастан, жалпы империялық мәселе бойынша екеуінің арасында ауыз-бірліктің болуы.

Туысқан екі мемлекеттің арасында шиеленістің шығу себебінің бірі ретінде Хаммер-Пургшталь Берке-ханның мұсылман әлеміндегі беделінің жоғары болуын Құлағудың көре алмауынан болуы мүмкін деген тұжырым айтады. Ол өзінің бұл пікірінің дәлелі ретінде Құлағудың әскері Бағдадты құлатқан уақытта Берке-хан Халаб (Алешю) қаласында Аббас әулетінің тұқымы Әл-Хакимді халифа етіп қоюын алға тартады. Ал, бұл - дейді Хаммер-Пургшталь - Құбылай-хан тарапынан Құлағудың иелігіне берілген Сирия және Мысыр жерлерінің істеріне Берке-хан тарапынан қол сүғушылық ретінде қарастырылып, Иран мен Алтын Орданың арасында соғыс өртінің шығуында басты рөл атқаруы ықтимал дейді. Бұл пікірді С.Закиров та мақұлдайды [30. 170бет].

Құлағу өзіне көмекке жіберілген басқа ұлыстың әскери қолбасшыларына сенімсіздік білдіруі әбден мүмкін еді. Өлген қолбасшылардың бала-шағалары Дербент арқылы Алтын Ордаға қашады. Шиеленіс туа сала Берке-хан Иран жорығында жүрген әскерлерін кейін шақыртып, оларға Алтын Ордаға кайтуға мүмкіндік болмаған жағдайда жаңа одақтасы - Мысырға баруларын бұйырады.

Берке мен Құлағу әулеті арасындағы бәсекенің бір түйіні - екі мемлекет үшін де стратегиялық маңызды өңір - Әзірбайжан мен Грузия жерлеріне иелік ету бәсекелесі болды деушілер негізінен оның себебін Шыңғыс-ханның есиеті бойынша ол жерлерді Жошы ұлысы өзінің бір белігі деп санағанын келтіреді. Бұл пікірді жақтаушылардың басты уәжі ретінде Алтын Орда мемлекетінің нақты шекаралары ешқандай жазба құжатта белгіленбегенін алға тартады. Расында да сол заманның бізге жеткен деректері бойынша да Алтын Орданың шекарасын дәл анықтау мүмкін емес.

Кейбір тарихшылардың айтуынша Баку және оның жанындағы Темір қақпа (Демиркапук), яғни Дербент аумағы Алтын Орда иелігіне тиесілі болған. Орта ғасыр мысыр тарихшысы Әл-Омаридің дерегі бойынша Шыңғыс-хан Жошыға «Дешті Қыпшақ және оған тиесілі жерлердің бәрін, сондай-ақ Арран, Тебриз, Хамадан және Мераганы қосып берді», [2. 68бет]. дейді.

Алтын Орда мен Иран арасындағы шиеленісті бастапқы кезде Берке Құлағуға диломатиялық жолмен әсер етпекші болға-ны туралы бірқатар жазба деректер хабарлайды. Сондай міндет жүктелген елшілікпен бірге Берке Құлағуға өзінің бақсы-ларын жібереді. Оларды астыртын әрекеттерге катысы бар деп күдіктенген Құлағу оларды өліммен жазалайды. Ол туралы ха-бар алған Берке-хан «Әл-Мәлик аз-Заһирге (сұлтан Байбарысқа. автор) өзінің елшілерін жіберіп, оны Құлағуға қарсы соғысқа шығуға шақырады» [1. 377бет].

Берке мен Құлағудың әскерлері арасындағы алғашқы шайқас, сол оқиғаның замандасы Ибн Уасилдің хабарлауынша, 662 һиджра жылы (1263 ж.) орын алған.

Алғашқы кезде стратегиялық оймен Берке-хан әскерлерімен өз мемлекетініңтүпкіріне қарай 15 күндік қашықтыққа шегінеді. Шыңғыс-ханның екі ұрпағы арасындағы болған шешуші шайқас туралы нақты мағлұматтар көптеген авторлар тарапынан хабарланады [1. 70бет]. Бұл қанды шайқастың нәтижесі Құлағу үшін өте қайғылы аяқталады. Жеңіліске ұшырап, өзеннен өту барысында қатқан мұздың жарылуы себебінен әскерінің көп бөлігінен айырылған Құлағу шегінуге мәжбүр болады. Шайқас екі жақты да орасан үлкен адам шығынына ұшыратады. Берке-хан үшін шайқас жеңіспен аяқталғаннан кейін соғыс майданына келген оның сөздерін Ибн Уасил төмендегідей етіп келтіреді: «Моңғолдарды моңғолдардың қылышымен өлтіртіп жатқан Құлағуды Алланың қарғысы атсын! Егер, біз ауызбірлікпен әрекет жасаған болсақ, онда бүкіл жерді жаулап алар едік!», - дейді.

Осы оқиғаға байланысты Берке-ханның айтқан сөздерін сәл басқаша етіп Ибн Касир келтіреді: «Моңғолдар бірін-бірі өлтіріп жатқаны мен үшін қайғылы, бірақ Шыңғыс-ханның Иасасына опасыздық жасағанға қарсы мен не істейін?!». Сөйтіп, Берке-ханның айтқан сөздерінен оның Құлағуға қарсы соғысуының екі себебін: біріншіден, мұсылмандар үшін ол «кәпірге» қарсы соғысушы болса, ал екінші жағынан, моңғолдардың алдында Құлағу тарапынан Шыңғыс-ханның Йаса заңын бұзғаны басты себеп болды деп түсінуге болады.

1264 ж. Құлағудың өлімінен кейін таққа оның ұлы Абақа отырады. Бастапқы кезде Берке-хан мен Абақа-ханның арасында бейбіт келісім орын алып, Абақа өзінің астанасында Беркеге өз атымен мешіт салуға және тоқыма шеберханасын ашуға рүқсат береді. Алайда, көп ұзамай екеуінің арасында әскери кақтығыстар орын алып, 1265 жылы болған шайқаста Ноғай бастаған Алтын Орда әскерлерінен Абақа жеңіліске ұшырайды. Бұл оқиға туралы Ан-Нуайри, Әл-Мақризи, Әл-Айни, Рашид ад-Дин, Хамдаллах әл-Қазуини сынды сол заманның көптеген белгілі авторларының шығармаларында хабарланады.

Жошы ұлысы мен Елхандар арасында әскери қақтығыстар бәсеңдеген сәттерде бейбіт қарым-қатынастар да орын алып отырды. Екі арада жиі қатынаған елшіліктердің келуімен дипломатиялық және сауда байланыстары дамыды. Мүндай жағдай көбіне, арадағы жасалған келісім, немесе белгілі бір себептерден, олардың ішінде, екі мемлекеттің әрқайсысы сыртқы саяса-тымен қоса, басқа да ішкі істерімен айналасуынан туып отырған. Мәселен, бір жағынан Елхандар өзінің солтүстік аймақтарын Алтын Орданың шабуылдарынан қорғай отырып, екінші жағы-нан, Шам жерін басып алуға үміттеніп оған шабуылдарын үзбей жалғастыруда болса, үшінші жағынан Орталық Азиядағы Шағатай мемлекетімен де соғысын тоқтатпады.

Алтын Орда әскерлерінің Елхан жеріне келесі шабуылы Тұла-Бұға-ханның билігі кезінде, 1288 ж. орын алып, оған Тама-Тоқты мен Ноғай қолбасшылық жасады. Елхан мемлекетінің ханы Арғүнның (1284-1291 жылдары билік етті) әскерінен тойтарыс алған Алтын Орда әскері шегінуге мәжбүр болады.

Ноғай өлтіргеннен кейін Алтын Ордада өзінің билігін күшейтіп алған Тоқта-хан Әзірбайжан және Грузия жерлерін иеленуге өзінің талаптарын қайта өршітеді. Сөйтіп, «702 һиджра жылы (1303 ж.) 325 пошта аттарына мінген Тоқта-ханның елшілігі Ғазан-ханға келіп, Қауқаз жерлерін беруі туралы талабын жеткізеді» [1. 222бет]. Алтын Орда елшілігінің басшысы Ғазан-ханға, жаулап алған жерлерді Шыңғыс-ханның бөлуі бойынша Арран және Әзірбайжан аумақтары Жошы ұлысына тиесілі болғанын және Құлағу таққа отырғанға дейінгі уақытта Алтын Орданың билігі астында болғанын хабарлайды. Тоқта-хан өз тарапынан 1301 жылы Ғазан-ханның Шам еліне жасаған жорығы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, ол келісімшілдікке барады деп үміттенген болса керек. Сонымен бірге, Хорасан мен Мазендаран арқылы өтіп, Елхан мемлекетінің орталық аудандарына қауіп төндірген Шағатай ұлысындағы Борақ-ханның үлы - Дува-ханның ша-буылдарының салдарынан Құлағу ұлысының әскери жағынан әлсіреген жағдайын Тоқта-хан білмеуі мүмкін емес еді.

Алайда, Ғазан-хан қойылған талапты қабыл алмайды және оған: «Құлағу әулеті бүл жерлерді қылыштың күшімен алғаны сияқты, оларды тартып алу мәселесі де тек қылыштың тілімен ғана болады», - деп жауап қайырады [1. 83бет].

Дипломатиялық жолмен мақсатына жете алмаған Тоқта-хан, Мысырдан әскери көмек сұрайды. Алайда, Ғазан-ханмен арада бейбіт келімшартын жасасып қоюын себеп қылып, сұлтан оның сұрауын қанағаттандырмайды.

Ғазан-ханның өлімінен кейін оның орнын басқан Ұлжайту-хан (1304-1316 жылдары билік еткен) мен Тоқта-хан екеуініц ара-сындағы қарым-қатынас бейбіт сипатта болады.

Өзбек-ханның әскерлері Иран жеріне 1316 жылдың қысында шабуыл жасап, оның жеріне біраз енеді.

Ұлжайту-хан қайтыс болған соң оның ұлы Абу Саид-ханға әлі ант бермей тұрған кезінде, Елхан мемлекетінің ірі қолбасшысы Шопан Өзбек-ханға Құлағу ұлысының билігін тапсыру туралы ұсыныс жібереді. Алайда, Алтын Орданың беделді мемлекеттік қайраткерлерінің бірі Құтлұқ-Темірдің кеңесімен Өзбек-хан бұл ұсынысты қабыл алмайды. Өзбек-ханның әскерлері Кура өзеніне дейін жетеді. Бірақ, Шопанның мықты әскерлерінің қоршауына түсіп қалудан қауіптеніп, кейін шегініп кетеді.

Абу Саид-ханның өлімінен кейін Елхан мемлекетінің ыдырауы басталады. Оның орнын басқан Арпа-хан сол кездегі Өзбек-ханның шабуылы салдарынан жағдайдың аса күрделіленуіне байланысты барлық ру басшыларының жиналуынсыз және мақүлдауынсыз таққа отырады. Алайда, ол мемлекеттің бірлігін сақтап кала алмайды. Үлкен әрі күшті болып түрған Елхан мемлекеті 1336-1353 жылдар аралығында өз ішіндегі беделді топтар арасында етек жайған өзара жауласуға көшеді. Соның нәтижесінде ол ыдырауға үшырап бірнеше мемлекеттерге бөлініп кетеді.

1342 жылы Алтын Орда тағына келген Жәнібек-хан (1342-1357 жж. билік еткен) қалыптасқан жағдайды өз мүддесіне пайдаланып, Әзірбайжан жерлерін қосып алуға бет алады. Ол Тебризді басып алып ондағы билік еткен Мәлик Ашрафты өлтіріп, оның орнына өзінің ұлы Бердібекті қойып кейін қайтар жолында қаза болады.

Әкесінің өлімі туралы хабарды естіген Бердібек-хан тағын езінен басқа біреу алып қояды деген күдікпен жаңа басып алған жерлерді тастап, Алтын Ордаға асыға аттанады. Оқиғалардың ағысынан туған жағдайларға байланысты Әзірбайжанды Алтын Ордаға толығымен қосып алуға бағытталған нәтижелі жорықтың жемісін Бердібек те көре алмай кетеді.

Бұл оқиғалардан кейін тарихи сахнаға Темірланның шығуымен Алтын Орданың күні бата бастайды. Оның күйрете соққы-лардан кейін Алтын Орда мемлекетінің негізі шайқалып, өзінің сыртқы саясатында жаулаушылық және басып алушылық әрекеттерін жүргізуге бұдан бұлай еш шамасы қалмайды.

Қорыта айтсақ, бір жағынан Алтын Орда мен Елхан мемлекетінің арасындағы болған шиеленістер Алтын Орданың Мысырмен одақтасуының басты себебі болса, екінші жағынан Елхандардың Шам жерлерін жаулап алуға ұмтылуы Мысырдың Алтын Ордамен одақтастық қарым-қатынас ұстануына негізгі түрткі болғаны анық. Аталған үш мемлекеттің ішінде Мысыр бәрінен гөрі ең ұтымды жағдайда болғаны еш күмән тудырмайды. Мысыр сол кезде экономикалық жағынан аса қуатты дамыған мемлекет болуымен қоса, ол 1261 жылы Шам еліндегі Сирияны және 1291 жылы Палестина жерлерін өзіне қаратып алғаннан кейін Шығыс пен Батыс арасындағы сауданың маңызды транзиттік орталығына айналады.

Мамлүк сұлтандары дипломатиялық шеберліктерінің арқасында көп жағдайларда соғыссыз-ақ өздерінің мақсаттарына қол жеткізіп отырды. Моңғол империясының ірі екі мемлекетінің арасындағы шиеленісті өзінің мүддесіне пайдалана білген Мысыр билеушілері олардың арасындағы бәсекені өшірмеуге, керісінше керек уақытында ушықтырып тұруға тырысып баға-ды. Осындай жолмен Мамлүк сұлтандары Шам жерлерін Ел-хандардың жаулауынан қорғап, оны өздерінің иелігінде сақтап калады. Елхан мемлекеті де бүкіл тарихы бойына өз жерлерін Алтын Орда мен Шағатай үлысының жаулап алушылық шабуылдарынан қорғауға мәжбүр болады. Қалыптасқан сыртқы жағдай Елхан мемлекетіне бір уақытта бірнеше майдандарда соғыс қимылдарын жүргізуіне мүмкіндік бермей, оны әскери және экономикалык жағынан әбден әлсіретеді. Алтын Орда өз тарапынан ұзақ уақыт бойына иеленуге ұмтылған Әзірбайжан жерлеріне енді қолы жеткен кезде, алғашқысында Жәнібек-хан-ның қайтыс болуы, ал Тоқтамыс-ханның түсында Темірланның шабуылдарының салдарынан саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты өзінің жеңістерінің жемісін көре алмады.

Сонымен, жоғарыда Мысыр Мамлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы саяси және әскери жақындасуға түрткі болған бірқатар себептерді қарастырып, олардың ішіндегі бастыларын анықтауға тырыстық. Әрине, олардың әрқайсысының қаншалықты маңызды, әрі басты болғаны сол заманның, сәттің, немесе нақты оқиғаның пайда болуы мен ербу жағдайларын терең әрі мұқият зерттеулердің нәтижесі ғана көрсетеді.



Қорытынды

Мысыр Мәмлүк мемлекетіде Таяу Шығыс өңіріндегі мұсылман мемлекеттерінің ішінде саяси және әскери тұрғыдан ең қуаттысы болуымен қоса, экономикалық, діни, мәдени және ғылыми жағынан аса дамығаны болды.

Бұл зерттеудің негізгі нысаны - Мысыр Мәмлүк мемлекетінің тарихы мен оның Дешті-Қыпшақпен жан-жақты байланыстарын зерттеу төл тарихымызда болашағы бар үлкен салаларының бірі. Сондықтан, бұл саланы неғұрлым игеруіміз төл тарихымызды, әсіресе оның аса маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын Дешті-Қыпшақ тарихын шынайылық тұрғыдан жан-жақты терең зерттеуімізге мүмкіндік берері еш дау тудырмайды.

Зерттеуде Мысыр жеріндегі мамлүктердің қыпшак салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен сақтағандығы дәйекті көрсетіледі. Мамлүктердің арасында кеңінен тараған түркі - қыпшақ антропонимдері (адам аттары) мамлүк кезеңіндегі қыпшақ есімдерінің, олардың жалпы түркі антропонимдерімен байланыстары және арақатынасына бірқатар айқындық түсірді және сол кездегі кыпшақ есімдерінің қазіргі қазақ арасында кеңінен тараған төл есімдермен байланыстарының ортақтығына баса назар аударылды.

Бүгінгі күнге ғылыми айналымға енген мамлүк кезеңіне жататын көптеген араб жазба деректерінің ғылыми құндылығы айқындалмай отыр. Әсіресе, қыпшак мамлүктерінің Дешті-Қыпшақпен қарым-қатынастары және байланыстары саласында екі мемлекет арасындағы өзара ықпалы мен әсері зерттеушілер тарапынан бір жақты қарастырылып келді және араб зерттеушілерінің арасында кеңінен калыптасқан ұғымның аясында тек арабтардың басқа елдерге діни, тілдік және мәдени ықпалын ғана ашуға бағытталған.

Осы тұрғыда зерттеу барысында мамлүктердің билігі кезінде мұсылман өркениетіне қыпшақ мәдениетінің ықпалы зор болғандығына көптеген дәлелдер келтірілді. Олардың ішінде, қазақ халқының ертеден келе жатқан «қошқар мүйіз» өрнегінің мамлүктер кезеңінде жалпы мұсылман діни архитектурасында кеңінен қолданыс табуы - соның айғағы бола алады.

Мысыр Мамлүк мемлекеті мен Дешті-Қыпшақ сынды өз заманының ірі әрі аса мықты мемлекеттік құрылымдардың билеушілері арасындағы өзара жақындасуды Ұлы дала мен Таяу және Орта Шығыс өңірлерінің ХШ-ХV ғғ. жалпы халыкаралық деңгейдегі тарихи байланыстардың шеңберінде қарастыру керек. Себебі, Дешті-Қыпшақ өз заманындағы саяси және әскери жағынан әлемнің ең күшті мемлекеттің бірі ретінде жүргізіп отырған сыртқы саясаты сол кездегі аса маңызды тарихи оқиғалардың қандай бағытта дамуына елеулі әсеретіп отырды. Онымен дипломатиялык қарым-қатынас орнатқан.

Екі мемлекеттің байланыстары мен қарым-қатынастарының орнауына әсер еткен негізгі фактор ретінде сыртқы саясат пен экономика саласындағы ортақ мүдделерімен қоса, олардың этникалық бірлігі және діни ортақтықтары да өз септігін тигізгені сөзсіз. Олардың арасындағы екі ғасырға жуық уақытқа созылған дипломатиялық байланыстар тарихта теңдесі жоқ құбылыстар қатарына жатады.

Әлемдік тарихнамада Мамлүк мемлекетінің және мамлүктердің Дешті-Қыпшақпен байланыстары тақырыбын зерттеуде қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан жүйелілік жоқ. Өйткені, әр мемлекет, немесе әр зерттеуші негізінен өзінің кызығушылығын тудырған тақырып аясынан аспайтын бір жақты зерттеулер жүргізуде. Мамлүк мемлекетінің тарихын Дешті-Қыпшақпен байланыстырмай қарастыру бұл саладағы зерттеулерді толықтық пен шынайылық тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, болашақта бұл тақырыпта түбегейлі әрі толық зерттеу ісі араб жазба деректерін мейлінше толық қамтып, оларды бірлікте қарастыруды қажет етеді. Дешті-Қыпшақ тақырыбына қатысты зерттеулерді жүзеге асыруда міндетті түрде араб жазба дерек көздері басты назарға алынып, оларды деректанулық талдаудан өткізгенде ғана толық әрі түбегейлі зерттеу нәтижелі бола алады.

Мысыр Мамлүк мемлекетінін Ирақ Жалайыр мемлекетімен байланыстары мәселесіне қатысты орта ғасыр араб және парсы жазба ескерткіштерінің мол және бай болуына қарамастан, төл тарих ғылымымызда арнайы қарастырылмаған тың тақырыптардың бірі болып калып отыр. Ирақ Жалайыр мемлекетінің тарихы осы зерттеудің тақырыптық аясында азды-көпті қарастырылды. Алайда, бұл тақырып та өзінің арнайы зерттеуін күтіп тұрған маңызды әрі қызықты мәселелердің қатарында екені еш дау тудырмайды.

Тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан мемлекетіміздің шет елдермен, әсіресе араб-мұсылман елдерімен саяси-экономикалық қарым-қатынастармен қоса, мәдени және рухани саладағы жақындасуымыздың арқасында төл тарихымыздағы алағаттықтардың орнын толықтыру ісінде тың тақырыптарды зерттеуге өзінің бағасы жетпес үлесін қосып келеді. Соның нәтижесінде отандық зерттеушілерімізге халқымыздың тарихына қатысы бар әлем кітапханаларында сақтаулы жазба жәңе басқа да ескерткіштерді зерттеуге үлкен мүмкіндік ашылды.

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан әлем таныған мемлекет болып танылды. Еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен экономикалық дамуымыз, әлемдік сахнадағы бейбітсүйгіштік және байсалды сыртқы саясатымыздың нәтижесінде әлемнің көптеген елдерімен достық қарым-қатынас және сан салада ынтымактастық орнатуға қол жеткіздік.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпанында жария еткен Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса көрсеткендей, Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық байланыстарға зор маңыз берілуі керек.

Соған сәйкес Қазақстанның араб-мұсылман елдерімен қазіргі карым-қатынасымыздың орны айрықша екенін айткан жөн. Олармен саяси қарым-катынас орнатып қана қоймай, сан алуан салада өзара ынтымақтастың пен достық қатынас дәрежесіне жетуді көздейміз. Біріншіден, араб-мұсылман елдері бізге тарихи-мәдени жағынан етене жақын болса, екіншіден олардың да соңғы ғасырлардағы отарлық бүғауына түсу тағдыры да біздікіне өте ұқсас.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Қазақстан араб және мұсылман елдерінің негізгілерімен дипломатиялық және саяси байланыстар орнатып, өзара ынтымақтастықты дамытуда. Бүгінде әлемде 20-дан аса араб және барлығы 50-ге жуық мұсылман елдері бар. Солардың көбісімен қарым-қатынас орнатылған және жақсы дәрежеде дссек артық болмас. Осы орайда, зерттеуде қарастырылған тақырып аясына кірген араб елдерімен, атап айтсак Мысыр, Шам елі (казіргі Сирия, Иордания, Ливан, Палестина) және Сауд Арабиясымен бүгінгі тандағы қарым-қатынастарға, соның ішінде әсіресе мәдени-рухани саладағы ынтымақтастык туралы қысқаша тоқталып өтейік.

Мысыр Араб Республикасы араб әлеміндегі саяси беделі жоғары әрі мәдени-экономикалық жағынан дамыған елдердің бірі. Сонымен бірге, аты әлемге әйгілі, тарихи тұлға сұлтан Байбарыс бабамыз билік құрған ел ретінде біз оны өте жылы қабылдаймыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Мысырға 1993 жылғы ресми сапары кезінде Қайыр қаласындағы сұлтан Байбарыстың мешітіне зиярат жасап, екі елге де ортақ жәдігерімізді қамқорлықка алу туралы ниет білдірді.

Ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру мақсатында Мысырға Қазақстанның Парламент Сенатының Төрағасы, Сыртқы істер, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, Ауыл шаруашылық, Жастар, туризм және спорт істері жөніндегі министрлері, Көкшетау мен Жамбыл облыстарының әкімдері, Қазақстанның Бас муфтиі барып қайтты. Ал, Қазақстанға Мысыр Уақф істері жөніндегі министрі екі мәрте, Жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі, Сыртқы істер министрінің орынбасары сапармен келді.

2001 жылы Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өткізілді. Екі елдің мәдени қарым-қатынасының аса маңызды саласының бірі - Қазақ халқының ұлы перзенті, XIII ғасырдың екінші жартысында Мысыр мен Шам елінің теңдесі жоқ билеушісі болған, Мысыр Мамлүк мемлекетінің негізін қалаған сұлтан Аз-Заһир Байбарыстың тарихи мұралары тақырыбы болып табылады. Мешітті қалпына келтіру жұмыстарының үшінші, яғни соңғы кезеңін жүзеге асыру үшін 2005 жылы мемлекеттік бюджеттен 150 миллион теңге көлемінде қаржы бөлу көзделді.

Әлемде қолжазба қоры жағынан ең бай есептелетін Түркия, Мысыр мен Сирия Мысырда өзіміз білетін Байбарыс Сұлтан және ол негізін салған Мамлүк мемлекеті екі жарым ғасырдан астам уақыт бойына бүкіл араб-мұсылман әлемін сыртқы жаудан қорғаумен қатар бұл елді араб шығысының әскери, саяси, ғылыми және діни орталығына айналдырғаны тарихқа мәлім. Сонымен бірге, бұл мемлекетті билеген мамлүктер төл отанымен, яғни Қыпшақ Даласымен (Алтын Ордамен) әскери-саяси, дипломатиялық, мәдени-рухани, сауда және басқа көптеген салаларда тығыз байланыстардың нәтижесінде Таяу Шығыс және Мысыр жерінде біздің мәдениетіміздің әсері мен ізін көптеп кездестіруге болады. Қазіргі Қайыр қаласының ескі бөлігінде мамлүктер салдырған қамал-бекіністер, мешіт, медресе, күмбездердің саны жүздеп есептеледі.

Ұлы бабамыз Байбарыстың өзін біз тани бастағанымызға көп уақыт өте қойған жоқ. Ал онымен ғылыми түрде айналысу тәуелсіздік жылдары ғана бастау алды. Сұлтан Байбарыстан кейін болған елуге жуық мамлүк сұлтандары мен жүздеген әмірлері және мыңдаған жауынгерлерінің арасында небір тарихи тұлғалар өтті. Олардың арасында тек әскери салада емес, сәулет өнері, ғылым, әдебиет, мәдениет, дін және басқа да көптеген салаларда қалдырған жазба мұралары сол күйінде тұнып тұр. Мамлүктердің арасында Ақтай, Сұңқар, Ақсұңқар, Қарасұңқар, Қоңқабай, Қаныбай, Таныбай, Алмас, Жамболат, Қайтбай, Тұманбай сынды кыпшақ есімдерінің өзі бұл саладағы зерттеулерімізді жандандыру керектігін меңзейді.

«Мәдени мұра» бағдарламасынын алдына қойылған міндеттер ойдағыдай орындалып жатыр, оның аясында көптеген жүмыстар атқарылды, көптеген құндылықтарымыз жаңғырды. Әрине, бір бағдарламаның және бірнеше іссапардың шеңберінде орасан бай мұраларымызды толығымен түгендеу мүмкін еместігін бәріміз де жақсы түсінеміз. Бұл бағдарлама осындай үлкен істің алғашқы бастамасы десек те болады. Жалпы бұл саладағы жұмыстар тоқтатылмайды, әрі қарай жалғасын табады. Қазіргі уакытта біз «Мәдени мұраның» жалғасы ретінде бес жылдық бағдарлама қабылдау қарастырылуда. Оған мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп отырады.



Бастауын орта ғасырдан алған байланыстарымызды бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан жалғастырып келеді. Араб-мұсылман әлемімен Қазақстан осындай қоян-қолтық байланыстарымыз бен ынтымақтастығымыз төл тарихымыздағы алағаттықтардың орнын толықтырып, мәдениетімізді байытумен қоса, ел-жұртымыздың жүрегіне жылу ұялатады.

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Деректер


  1. Тизенгаузен. В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Т.1. Извлечения из сочинений арабских. СП.б, 1884.

  2. Тизенгаузен. В.Г. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Т.2. Извлечения из сочинений персидских и тюркских. 1941 г.


Зерттеулер

  1. Атабаев Қ.М., Қадыртаева М.А. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы 1999 ж.

  2. Акишев К.А., Байпақов К.М., Ерзакович. Л.Б. Отрар в ХІІ – ХV веках – Алма – Ата: Изд. «Наука» 1987 г.

  3. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. – А., 1999 г.

  4. Батырша-ұлы. Б.Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Дешті – қыпшақпен байланысы. Алматы 2004.

  5. Батырша-ұлы Б. Сарай мен Қайыр арасындағы дипломатиялық елшіліктер. (1261-1438 жж.) Алматы 2000. № 1.

  6. Бартольд В.В. Источниковедения. Сочинения Т.8. Москва – 1967.

  7. Бартольд. В.В. Культура мусульманства. Сочинения. Т.6. – С. 141-204.

  8. Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. Т.2. М – 1964.

  9. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. М. – 1968.

  10. Бартольд В.В. Кыпчаки. Сочинения. Т.5. М – 1968.

  11. Большаков О.Г. история халифата. М. – Наука. 1989.

  12. Данияров Қ. Қазақстанның балама тарихы. Алматы, 1997 ж.

  13. Данияров К. Альтернативная история улыса Жошы – Золотой Орды. Алматы 1999 ж.

  14. Еремов Д.Е. Ислам: образ жизни и стиль мышления - М. 1990 ж.

  15. Есенберлин М. Чингисхан потрясатель в селенной – Алматы 2001.

  16. Есенберлин І. Алтын Орда. Алматы, 1999 ж.

  17. История Казахстана. Т.1. – Алматы 1996 ж.

  18. История Казахстана Т.2. – Алматы. 1997ж.

  19. История Казахстана: белые пятна. – Алматы 1991 ж.

  20. Ислам энциклопедиясы. Мамлюк. 1995 ж.

  21. Қазақ энциклопедиясы. Т.3. Қыпшақтар.

  22. Қадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. Алматы. 1997 ж.

  23. Сағидоллақызы Г. Түркі (қазақ) және монғол халықтарын тарихы мәдени байланыстарының топонимияда бейнеленуі. Алматы 2000 ж.

  24. Сәки Қ. Сұлтан Бейбарыс. Астана 2000 ж.

  25. Саудабаев А. Бейбарыс Сұлтан. Алматы 2000 ж.

  26. Сыздықова Р, Қойгелдиев М, Қадырғали би Қасымұлы және оның жылнамалар жинағы. Алматы 1991 ж.

  27. Семенова Л.А. Салах ад-Дин и мамлюки в Египете. Москва 1996 г.

  28. Закиров С. Дипломатическое отношение Золотой Орды с Египетом. (13-14 вв) Москва 1966 г.



Қосымша









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет