ІІ тарау
МЕКТЕПТЕ ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕ КӨЗІ
Мектеп дидактикасында оқыту әдісі деп –үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетінің әдісін айтады, ол –оқытудың дидактикалық мақсаты мен міндетін шешуге бағытталады. Жоғары оқу орындарында да осы тұрғыдан анықтама беріледі.
Оқыту іс-әрекеті көбіне мұғалімнің іс-әрекетін білдіріп, тек сол арқылы ғана оқушының іс-әрекетін сипаттайды. Әрине, мұнымен онша келісе беруге болмайды. Оқушы іс-әрекеті мен мұғалімнің іс-әрекеті алдарына қойылған мақсатты жүзеге асыруда өзара байланысты, бір бағыттағы ең ыңғайлы, бірлескен нақты іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері - әдіс-тәсілдер үлгілерінің жүйесі. Әдіс-тәсілдер үлгілер жүйесін құруды, таңдауды оқыту мақсаты, жалпы дидактикалық қағидалары, оқу материалының сипаты және оқу ақпарат көздерінің ерекшеліктері анықтайды.
Оқыту әдістерінің түрлері - монологтік, пікір айту, диалогтік, эвристикалық, зерттеушілік, проблемалық бағдарлы, тәжірибе-нұсқаушылық. Оқыту әдістері – псдагогикалық өмірдегі ең күрделі құбылыс, әрі оқыту технологиясының ең басты компоненті. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті бір-біріне тәуелді, әрі көптеген байланысқа түседі. Бұл байланыстар мен тәуелділік, біріншіден, мұғалімнің оқушы танымына қатысты іс-әрекет ұйымдастыруынан, екіншіден, оқушыда оқуға, білім алуға деген қызығушылықты оятатын мұғалімнің ынталандырулық іс-әрекетінен, үшіншіден, оқушы іс-әрекетіне өзіндік бақылауымен толықтырылып отыратын мұғалімнің бақылаушылық іс-әрекетінен көрінеді. Оқыту үрдісіндегі дәл осы үш түрлі іс-әрекеттің саналы түрде жүзеге асуы қиын.
Оқыту әдістерінің нәтижелілігін зерттеу өте маңызды. Зерттеудің міндетіне мыналар кіреді: мұғалім қандай оқу материалын (білімді) түсіндіру керек, оның ролі мен орнын нақты анықтау қажет. Оқу процесінде оқушының өз бетінше жүмысының орны мен ролін нақтылау қажет. Оқу материалын іріктеу мен оның кайсысын қаншалықты баяндау қажеттілігі, өз бетінше жұмыстың дидактикалық материалдарын және олардың өзара сәйкес келетін әдістерін таңдау мәселелерін шешу тұрады.
Оқу процесінің негізгі элементтеріне: оқытудың мақсаты, жоспары және бағдарламалары, оқыту мазмұны, окыту әдістері мен тәсілдері, оқыту түрлері мен құралдары, оқушының оқу және зерттеу іс-әрекеті, оқытушының педагогикалык және ғылыми іс-әрекеті жатады. Бұлар - оқу үрдісінің ең басты сыңары (компоненттері) және олар оқу ақпараттарының көп түрлі ағымында үнемі бір-бірімен байланыста тұрады. Оқу ақпараты термині оқу процесімен, оны ұйымдастырумен, басқарумен және дамуына қатысты ақпараттар.
Оқытудың теориялық жүйесінің өзара байланысты үш негізгі бастамасы бар:
Қорлану (тәжірибенің, эмпирикалық, оның типтенуі, топтастыру,);
Оқу процесінің ұғымдары мен оқиғалар, фактілердің арақатынасы мен өзара байланысын анықтау;
Дидактикалық фактілердің өзара қатынастарының біртұтас жалпылама
және объективті формаларының, олардың байланыстарының, пайда болуы мен дамуының себептерін анықтау;
Оқу үрдісінің бағытын және оны талдауда диалектиканың негізгі қағидалары тікелей роль атқарады:
таным кағидасы - білмеуден білуге, құбылыстардың мәнін тану,
олардың өзара байланыстары мен қатынастарын ашу;
объективтілік қағидасы - адамның жеке қабылдануынан тыс әрі
субъективті қатынастарынан тыс тұрған объективті шындық құбылыстың болмысын қарастырады;
детерминизм қағидасы - ғылыми талдауда ешнәрсе заңдылықсыз, жай
болмайды;
теория мен практиканың бірлігі;
дамудың тарихилығы мен диалектикалық даму қағидасы;
Оқыту теориясының заңдылықтары:
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі заңы
Ғылыми даму мен білімнің жалғастығы заңы
3) Оқу мен окытудың бірлігі заңы.
Оқыту теориясының заңдары мен қағидалары диалектиканың қағидаларынан туындайды. Өзара байланысты себептер – оқыту теориясының деңгейін көтеру; оқушылар практикада алған білімдерін пайдалана алуы; оқушыларды өз бетінше әр түрлі жұмыстар жүргізуге үйрету.
Педагогика ғылымы мен практикасында соңғы он шақты жылдардың аралығында оқытуға технологиялық тұрғыдан келу кеңінен қолданылып жатыр. Бірақ "технология" ұғымының мазмұны білім саласында қазір мүлдем өзгерді және оны техникалық құралдарды пайдаланумен байланыстыруға болмайды, ол оқу процесін басқаруға қатысты қолданылады. Оқыту технологиясының міндеті – дидактикада жасалған заңдар мен қағидаларды оқытудың нәтиже беретін әдістеріне айналдыру.
Технология оқыту үрдісін барынша басқаруға мүмкіндік береді. Оқытудың "технологиялық" емес дәстүрлі әдісінде бағыттың нақты мақсаты айқындалмайды, меңгерілген білімді тексеру субъективті және эпизодты сипатта болды. Осы тұрғыдан келгенде екеуінің бір-бірінен негізгі айырмашылықтары шығады. Кез келген оқыту технологиясының ерекшелігі мынада болуға тиіс: жаңа материалды үйренуде, экспериментальдік және шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өз бетінше жұмысының үлесі үлкен болады. Ауыртпалықтың орталығы оқытудан оқуға (үйренуге), ақпаратты өз бетінше меңгеру мен қайта өңдеуге ауысады.
Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.
«Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс - тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана» деп В. Беспалько атап көрсетсе, И. Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты – іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау. Педагогикалық технология оқыту үрдісін ғылыми жүйелеу бағытында, яғни оқыту тәжірибесінде қолданылатын ғылыми негізделген талаптар жүйесі болып табылады.
Н. Никандров, В. Кан-Калик «Оқытудың бірінші сатысында студенттерді педагогикалық білік пен дағдылардың қолданбалы эвристикалық жүйесі ретінде педагогикалық технологиялар негіздерімен қаруландыру қажет, оларды шығармашылық үрдіс ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету педагогикалық техологияның мән-мағынасын ашады» деп санайды.
Педагогикалық технологиялардың басты міндеті оқушының оқу –танымдық әрекетін жандандыра отырып алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сонымен, педагогикалық технологияны тек қана техникалық оқу құралдарын дамыту немесе компьютерлендіру емес, жоғары нәтижелерге бағытталған біртұтас өзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмұның жиынтығы деп қарастыруға болады. Білім беру саласының қызметкерлеріне қойылатын міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Бұл міндетті орындамайынша сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.
Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану , оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік- педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Инновация термині қазіргі кезде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды.
Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс- тәсілдерін қолданып оқушыны субъект тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығы және ең бастысы, оқушылардың пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы, өз бетінше жұмыс істеу ынтасы, оқушының ізденушілік- шығармашылық зерттеушілік қабілеттері артады. Демек, әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемесін пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.
Сабақта үнемі бірыңғай қайталанатын операцияларды жасаудан мұғалім де, оқушы да жалығады. Мұғалімдердің көпшілігі жалықпау үшін әр түрлі сөзжұмбақ, ребустар, ойындар т.б. істетеді. Сабақта бекіту мен қайталаудан жалықпау үшін қолдануға болатын мынадай кеңестер ұсынуға болады:
1. Жаңа материалды бекіткенді оның елеусіз белгілерін түрлендіру әдісі.
Қазақ тілі сабағында сөйлемдердің мағыналары арқылы түрлендіруге
болады. Сөйлемнің мағыналары терең, қызықты, күрделі, танымдық қызмет атқаратындай болуы қажет.
Жаңа материал жаңа байланыстар мен қатынастарда көрінеді.
Жарыстар мен конкурстар
Жарыс ешбір окушының құқығын бұзбауы керек. Баға тек ең жақсыларына ғана қойылады.
Тапсырмаларды жеке нақты оқушыға бағыттау
Таңдау
Оқушыға бекіту мен қайталау тапсырмаларын таңдауға ерік беріледі. Мысалы, белгілі бір автордың шығармаларынан оқушы қалағанын орындау еркі (жаттау, оқу т.б.)- Таңдау арқылы мұғалім оқушыны терең білуге ұмтылады.
6. Бекіту немесе қайталауға арналған сабақтарда оқушыларға сейілту
кезеңдерін ұйымдастыру. Жаңашыл мұғалім Е.Ильин мұғалімдерге,
оқушыларға жауапты, әңгімені ең соңында отырған балаларға қараудан
бастау керек, ортада отырғандар өздері-ақ қимылдайды, содан кейін алдында отырғандарды қамту қажет дейді.
Ғалым Л.М.Фридман оқушы жауабын қалай тыңдайсың деген сұраққа 500 оқушының 15%-і жауапты тыңдаған, ал 54% әр түрлі нәрселерді ойлап тыңдамаған. 54%-ті сабаққа қайтару үшін не істеу керек.
Ең қарапайым тәсілдер: жолдасыңның жауабын рецензиялауға даяр болу. Сыныптан емес конференция залда отырғандай сезіндіру, т.б.
Оқушы бекіту жаттығуын тақтада орындап тұрғанда, басқалары не істейді? Ол үшін жаттығулар әр түрлі болуы керек.
Бақылау мен бағалау. Бағалау жиі әрі объективті болған дұрыс. Мұғалім ғана бағаламай, өзара тексеруді және өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру.
В.Шаталовтың тірек-сызбаларын пайдаланған жерде тексеру үнемі жүреді. Жаман бағаларды түзетуге мүмкіндік беріліп тұрады. Өзара тексеру.
В.Ф.Шаталовта күшті оқушы-кеңесшілер қиын тапсырмалардан кейін команда берілген соң нашар оқитындардың қасына отырып, әр түрлі тапсырмалардың орындалуына, шешуіне көмектеседі. Е.Ильинде оқушылар бір-бірінің шығармаларына рецензия жазады немесе алгоритмдер бойынша тексереді.
Курстық жұмысымызға арқау болып отырған тәуелдік жалғаулары Ү, ҮІІ сыныптар аралығында «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбында алғаш қарастырылады. «Зат есімнің тәуелденуі» тақырыбын оқыту барысында мынадай мақсат қойылады: Тәуелдік жалғауының тәуелдік ұғымын білдіріп, үнемі ілік жалғаулы сөзбен байланыста келетінін түсіндіру; тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы болатынын және олардың І, ІІ жақтары тек адамға ғана меншікті айтылса, ІІІ жақ адамға да, басқа заттарға да қатысты екенін білдіру; тәуелдік жалғауының арнаулы қосымшаларын меңгерту.
Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады.
Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға:
Достарыңызбен бөлісу: |