Есімше. Тарихи дамудың ерте кезеңдерінде лексикаланған есімше формалары белгілі мөлшерде сөз тудырушы болып саналды. Бірақ тілдің тарихи дамуы барысында есімшенің сөз тудырушылық қызметі көп мөлшерде қолданылмай, белгілі бір сөздерге кірігіп кеткен. Тілдегі есімше формалы көптеген сөздердің лексикаланып, бүтін бір лексикалық бірлікке айналғандығын ғалымдар зерттеулерінен көре аламыз.
Т.Г.Агаева өз жұмысында әзірбайжан тілі лексикаланған есімшелердің көп болуымен ерекшеленетіндігін айтады [13, 24]. Ал құмық тілін зерттеуші Дж.М.Хангишиевтің еңбегінен басқа сөз таптарына ауысқан (лексикаланған) есімшелерге тән мына қасиеттерді көре аламыз:
қозғалыс семантикасын жоғалтады;
шақты айырмайды яғни шақтық мағынасын жояды;
басқа сөздерді меңгермейді [33, 23].
Т.Ерғалиев түбірінің бейнелік мағынасының арқасында қазір есімшелер қатарынан шығып, көнеленіп, сын есімге айналып кеткен сөздер (сымпыйған, сүмпиген) кездесетіндігін айтады [34]. Ғалым бұл ойын кейінгі еңбегінде толықтыра түскен: "-ған, -ген формасынан өзгерген, яғни көнеленген кейбір элементтерді алғанда, олардың сын есімге айналып көнеленуі ерекше көзге түседі... Көнеленген "-қан" жұрнағы жалғанган кейбір есімшенің зат есімге айналып кеткен түрі байқалады. Мәселен: "қақпан" деген сөздің "қақ-пан" деген туынды түбірден жасалып, дыбыс алмасу жолымен өзгеріске ұшырауы айқын. Өйткені, ".қ" дыбысы мен "я" дыбысының тоғысқан жерінде олардың біріне-бірінің алмасып кетуі — жалғыз есімшелік формасында ғана емес, қазақ тілі заңындағы жалпы табиғи құбылыс" [35, 9].
Қазіргі қазақ тілінің құрылысына көз жіберіп тексерсек көнеленіп, есімше көрсеткіштерінің түбірге кірігуі арқылы пайда болған сөздер көптеп кездеседі. Оларды тілдік деректер бойынша тізіп көрсеткенде мынадай:
а) Зат есімдер: бөген, жаратқан, Таймас, Өтеміс, Тоқтар (адам
есімдері;
ә) Сын есімдер: қайнар, жасаған, қашаған, жүреген, сүзеген, тебеген
б) Үстеу: өлместен-Қалмас
в) Көмекші сөздер: екен, емес.
Берілген сөздердің жасалу жолы төмендегіше: 1) Етістік түбірлерге есімшенің кірігуі арқылы жасалған сөздер: тоқта+р, бол+мыс, тұр+мыс
2) Көсемшелі етістікке есімшенің кірігуі арқылы жасалған
сөздер: қаш+а+ған, сүз+е+ген, теб+е+ген, жас+а+қан
3) де көмекші етістіктерге есімшенің кірігуі арқылы жасалған
сөздер: екен, емес, де+ген
Достарыңызбен бөлісу: |