3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет11/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

Алды-арты
Екеуі де өлі түбірлерге (алд-, арт-) тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерінің кірігуі негізінде пайда болған көмекші есімдер. Бір-біріне қарама-қарсы мәнде жиі қолданылады. Мысалы: Койдың алды осы арадан қанағат тауып іркіліп қалды да, аздан кейін арты да шағылды кешіп осы ойпаңға құлады (Т.Ахтанов).
Асты-үсті
Берілген антонимдердің екеуінің де әуелгі түбірлері бүгінде дербес қолданылмайтын - өлі түбірлер (аст-, үст-). Түбірге тәуелдік жалғауының кірігуі арқылы көмекші есімдер жасалған. Екеуі бір-біріне қарама-қарсы мәндегі ұғымдарды білдіреді. Бұлар да тілде жиі қолданылады. Мысалы: Ырақ бір көл суының үсті лайлы, асты таза болмайды (І.Есенберлин).
Басы-аяғы
Бастапқы түбірлері (бас, аяқ) дербес мағынаға ие зат есімдер, оларға тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштері жартылай түрде кіріккен. Тілде жиі қолданылады. Антонимдер сөздігінде осы тұлғаларында берілуі тәуелдік жалғауының түбірге кіріге түскендігін көрсетеді. Құрамындағы жалғауымен бірігіп келіп, бір бүтін лексикалық бірлік ретінде қолданылады. Мысалы: Бестің басы болғанша,
Алтының аяғы бол.
Сөздің басы қатты болса,
аягы тәтті болады.
Сөздің басы бір пышақ,
аяғы бір құшақ (Мақалдар).
Басы-соңы
Бұл антонимдер бас және соң түбірлеріне тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткііитерінің жалғануы арқылы пайда болған. Қарама-қарсы мәнде жұмсалатындығын мына сөйлемдер де дәлелдей түседі: Уақыт дейтін шық-шық ұратын сағат тіліне тіпті де, көнбес басы да, соңы да жоқ меңіреу шексіздік (С.Сматаев).
Күндіз-түні
Қарама-қарсы мәнді қос сөз екінші сыңарына тәуелдік жалғауының кірігуі нәтижесінде пайда болған. Жалғаудың кірігуі екі сөздің қосарланып келуіне негіз болған. Бұл қос сөз қарама-қарсы мәндегі мезгіл ұғымдарын білдіреді. Мысалы: Алматы мен Семей арасына Мағаштар күндіз-түні аз аял етіп жүрсе де, жиырма күндей сапар шекті (М.Әуезов).
Күні-түні
Бұл қос сөз де алдыңғы сияқты қарама-қарсы мәндес екі түбірден тұрады. Екі сыңары да тәуелдік жалғауының кірігу әрекетіне ұшыраған (күн +і-түн +/). Тілде осы тұлғасында қолданылады. Мысалы: Шықпа жаным шықпамен шөліркеп тұрган дақыл күні-түні ылғал тілейді (Д.Досжанов).
Қысы-жазы
Алдыңғылар сияқты бұл қос сөздің сыңарлары да қарама-қарсы мәндес сөздер. Екеуінің де түбіріне тәуелдік жалғауының көрсеткіштері толық түрде кірігіп кеткен. Соның негізінде антонимдес қос сөз пайда болған. Мысалы: Тәңірбергеннің Қайын атасы мал ажарынан қысы-жазы көз алмай, сәл ғана қоңы қисайса да жаны шығып отырушы еді (Ә.Нұрпейісов).
Іші-сырты
Қос сөздің екі сыңары да тәуелдік жалғауының кірігу әрекетінен пайда болған көмекші есімдер. Туынды мағыналары бір-біріне қарама-қарсы, соның негізінде антонимдес мәнді қос сөзді құрап отыр. Тілде жиі қолданылады. Мысалы: Қазір әр қостың іші-сырты бума-бума, тең-тең жүктерге толып кеткен (Қ.Жұмаділов).
Тәуелдік жалғауының түбірге кірігу әрекеті арқылы пайда болған сөздер өз ішінен синонимдік қатар кұруға да қабілетті, Демек тәуелдік жалғауы бастапқы түбірге кірігу барысында оның мағынасына да әсер етеді, соның негізінде жаңа мағынаға ие сөздер жасалып, олар тілде жаңа синонимдер қатарын құрады және басқа да қатарларды толықтырып отырады. Төмендегі сөздердің барлығы "Синонимдер сөздігінде" берілген. Тәуелдік жалғауының түбірге кірігу әрекеті арқылы пайда болған сөздер өз ішінен бес синонимдік қатар құраса, жеке сөздер (бәрі, мейлі, мысалы, тегі, тәрізі, асылы) тіліміздегі басқа да бірнеше синонимдік қатарды толықтырып отырады. Олар төмендегідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет