3 І.Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы


Оңтүстік қазақстандағы қаракөл шаруашылығының маңызы



бет3/3
Дата17.06.2016
өлшемі401 Kb.
#142337
1   2   3

2.2 Оңтүстік қазақстандағы қаракөл шаруашылығының маңызы. Қаракөл қойы - қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қыл-шық жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Біздің жыл санауымыздан бұрын Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауының және өсіруінің нәтижесінде шығарылған. Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйып, бұйралары жазылып кетеді. Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті болып келеді. Жүні тұлымды, жылына екі рет (көктем, күз) қырқылады. Қошқарларынан'3,0 — 3,5 кг, саулықтарынан 2,0 — 2,5 кг жүн алынады. Одан қалың жүн маталар, кілем тоқылады. Сүттілігі 50' — 60 кг-ға жетеді. Сүтінің майлылығы 7 — 8%. Қаракөл қойынның еті және майы өте сіңімді әрі дәмді. Қаракөл қойының негізінен Оңттүстік және Батыс Қазақстанда (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) өсіріледі. Қаркөл қойының сұрыптау жұмысымен Қазақ қаракөл шаруашылық ғылым-зерттеу иниституты шұғылданады. Қаракөл шаруашылығы — қой шаруашылығының қаракөл қойын өсіретін саласы. Қаракөл шарушылығы 1928 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінде "Шымқорған" кеңшарын құрудан басталды. Оған Өз-бекстанның Бұхар және Са-марқан облыстарынан таза тұқымды 5 мың қаракөл қойы әкелінді. Сонымен қатар әр түрлі жергілікті қойлар қаракөл қошқарларымен шағылыстырылды. Одан алынған будандар сіңіріле шағылысты-рылды. 1941 жылға дейін қаракөл қойын өсіретін 13 кеңшар құрылды. 1941 — 45 ж. 7 кеңшар, 1946 — 52 ж. 3 кеңшар ұйымдастырылды. 1951 — 60 ж. 25 кеңшар құрылып, 1959 ж. Қазақстан бойынша 1 млн. дана қаракөл елтірісі дайындалды. 1960 — 80 ж. Қазақстанның Оңтүстік және Батыс өңірінің көптеген ұжымшарлары қаракөл қойын өсіруге бағытталып, Гурьев (қазіргі Атырау), Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңадан 84 арнайы кеңшарлар құрылды. 1990 ж. қаракөл қойын өсіруге арналған шаруашылықтар саны 150-ден асып, жылына 2 млн. дана қаракөл елтірісі дайындалып, қаракөл қойының басы 6 млн. 200 мыңға жетті. Қазақстанның Қаракөл шарушылығының өркендеуін 5 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең 1920 — 30 ж. Қазақстанда алғашқы мамандандырылған арнайы Қаракөл шаруашылығын құрумен бірге қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында жергілікті құйрықты қойларды қаракөл қошқарлармен сіңіре шағылыстыруды жүргізу. Екінші кезең 1930 — 40 ж. Қазақстанның шөл және шөлейт жайылымдарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы қаракөл шарушылықтары ұйымдастырылды. 1939 ж. Шымкентте сыртқы сауда Халық комиссариа-тының қүрамына кіретін "Қазсовхозқаракөл" тресі ұйымдастырылды. 1941 жылға дейін Қазақстан бойынша 12 арнайы Қаракөл шарашылығы болған. Әсіресе, Батыс Қазақстанда Қаракөл шаруашылығының дамуы кең етек алды. 1949 ж. "Гурьевқаракөл" тресі ашылды. Үшінші кезең 1960 - 90 ж. – Қаракөл шарушылығының өркендеу кезеңі. Қаракөл қойын өсіретін арнайы шаруашылықтардың саны 150-ге жетті (1980), жылдан-жылға мемлекетке өткізетін мал өнімінің көлемі ұлғая түсіп, 1984 ж. 2621 мың дана елтірі тап-сырылды. Қаракөл қойының саны 6,4 млн. болды (1989). 1962 ж. Қазақ қаракөл ғылылыми-ветеринарлық иниститутының зоо-техникалық факултетітінде жоғары білімді мамандар дайындайтын бөлім ұйымдастырылды және Қазақ қаракөл шауашылық ғылыми-зерттеу институ-тында тұрақты жұмыс істейтін, мамандығын жетілдіретін курстар ашылды. Ғыл. жетістіктерді өңдіріске ендіру, мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын салалы жүйеге түсіру, малды азықтандыру мәселелерін жетілдіру нәтижесінде дербес асыл тұқымды мал қоры жинақталып мемлекеттік асыл тұқымды шаруа-шылықтар құрылды. Сонымен қатар, шөл және шөлейт аймақтардың жайылымын зерттеу институты құрылды. Оның бөлімшелері Қызылорда, Жамбыл, Гурьев (Атырау) облыстарынан ашылды. Гурьевтегі бөлімшесі Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының Қаракөл шаруашылық-тарына басшылық жүргізді. Қаракөл шаруашылығының бас басқармасы құрылып, 6 облыстың ауыл шаруашылық басқармаларында Қ. ш. бөлімдері ашылды. Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылми-зерттеу иниституты мен Қазақ ауыл шауашылық механикаландыру және электрлендіру ғылми-зерттеу институтының ғылми қызметкерлері қаракөл елтірісін өндіру процестерін жан-жақты зерттеп, соның нәтижесінде қаракөлше қозының терісін сыпыру конвеерлік жүйеге қойылды. Орта буынды мамандарды дайындау тек қана Қапланбек және Жамбыл ауыл шарушылық техникумдарында жүргізіліп келсе, 1969 ж. Алматы зоо- жақсарту жұмысы да кеңінен қолға алынып, жайылымға жабайы өсетін шөптің ұрығын сеуіп, оның өнімділігін бірнеше есе көбейтуге қол жеткізілді. Өсірілетін жеріне бейімделген, жоғары сапалы өнім беруге бағытталған 14 жаңа зауыттық типті мал түрі бекітіліп, дүние жүзінде теңдесі жоқ атыраулық құйрықты елтірі — ет, май өнімдерін өндіретін қой тұқымы шығарылды (1974 — 98). Төртінші кезең. 1990 — 98 ж. Қаракөл шаруашылығында ондаған жылдар бойы жүргізілген сұрыптау, асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде пайда болған асыл тұқымды мал басы күрт төмендеді. Қаракөл қойының 1582,0 мың басына дейін азайып, ал елтірі өндіру 17 есе кеміп — 101,3 мың болды. Асыл тұқымды мал басының үлесі 50%-дан 8,5%-ға дейін төмендеп, 108,4 мың басты құрады. Бесінші кезең 1999 жылдан басталады. Кейінгі жылдары қаракөл қойының саны жылдан жылға көбеюде. Мысалы, республика бойынша 2001 ж. 1281,1 мың, 2002 ж. 1881,1 мың, ал 2003 ж. — 2011,5 мың бас болды. Түрлі меншіктегі асыл тұқымды қаракөл қой шаруашылығының саны 27-ге жетіп, онда өсірілетін асыл тұқымды қой 136,7 мың басты құрайды. Қазақстан ғалымдары мен мамандарының көп жылдар бойы, арнайы бағытта жүргізген мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде: Жамбыл облысында қара түсті қаракөл қойының төгіскендік , көк түсті қаракөл қойының таластық типтері мемл. сынақтан өтті. Бұхарлық сұр түсті қаракөл қой тобы Оңтүстік Қазақ-стан облысы, "Сүткент" асыл тұқымды зыуыттында, "Шардара" асыл тұқымды шаруащылығында және Батыс Қазақстан облысы "Тайпақ" асыл тұқымды шарушылығында шығарылды. Қызғылт түсті қаракөл қой тобын шығару әдістемесі Созақаудандық, "Жарты-Төбе" шарушылығында жүргізілді. Атыраулық қой тұқымы өте жоғары бағалы елтірі береді, құйрығының пі-шіні құйрықгы қойға тән әрі тез жетілгіш. 1995 — 2000 ж. қаракөл қойының карақалпақ сұры шамшырақ реңді әлімтаулық заттық типі, "Байырқұм" асыл тұқымды зауыттында — бұхарлық сүр зауыттық типі, "Темір" асыл тұқымды з-тында көк қаракөл қойының көгілдір реңдісі, көгілдір реңді көк каракөлдің сырдариялық зауыттық типі, қола ренді сұрхандария сұрының тартоғайлық зауыттық типі, қара түсті қаракөл қойының өсімтал қожатоғайлық типі, созақтық жакеттік типі бекітілді.[14]

Қаракөл дүниежүзілік нарықта жоғары бағаланатын және үлкен сұранысқа ие болып жүрген терілердің қатарына жатады. Қаракөл елтірісімен салыстырғанда Қаракөл елтірісінің жүні тықыр әрі жылтыр, бүйрасы да әдемі, жібектей құлпырып тұрады, терісі жұқа, жұмсақ, жеңіл келеді. Оның орташа ауд. 900 — 1508 см2, салм. 250 г, қалынд. 0,97 мм, жүнінің ұз. 4,19 мм. Қаракөл әсіресе, түрлі-түсті елтірісі бағалы келеді. Қаракөл өнеркәсіптік өндіру технологиясымен Қазақ қаракөл шаруашылық ғылми-зерттау ин-ты ғалымдары айналысады. Бұл технология республикада ет және елтірі өнімдерін өндіруді ұлғайту резервтерінің бірі болып табылады. Қазақстанда түрлі-түсті Қаракөл өндіру жолдары жақсы зерттелген. Қаракөл ақ, қоңыр, сұр, көк, қара, т.б. түстілерін өндіру технологиясы жасалынып, өндіріске енгізілген. Қ. елтірісінен бас киім, жаға, әйелдің сырт киімі, жакет, т.б. тігіледі.

Құйрықты қой тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой-
дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ү. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады. ,

Осы тұрғыдан келгенде мал шаруашылығьшьщ негізгі саласының бірі етті-майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын жақсарту бағытында жүргізілетін селекциялық жұмыстарды жан-жақты талдап, осы тұқымнан түсетін өнімдердің әрқайсысына жеке-жеке селекциялық варианттар қолдана отырып, олардың санын көбейтуге, алынатын өнімдердің сапасын көтеруге болады.

Мал шаруашылығы мамандарының, селекционерлердің, ғалымдардың алдына қойылып отырған күрделі мәселелердің бірі — қой шаруашылығынан түсетін өнімдердің сапасын арттыра отырып, өнімнің өзіндік құнын төмендету. Бұл бір ғана азық қорын молайта отырып қойдан түсетін өнім мөлшерін көбейтумен ғана шешілмейді, сондай-ақ генетиканың негізіне сай алға қойған мақсатқа орай селекция жұмыстарын жүргізу арқылы шешіледі. Дәлірек айтқанда, етті-майлы бағыттағы құйрықты қой тұқымдарын белгілі бір бағытқа, халық сұранысына орай өнім алынатын мақсатқа лайықты тұқым асылдандыру жұмыстарын жүргізе отырып, жеке популяция алу. Бұл үшін селекцияның негізгі зерттелген тәсілдерінің бірі — сұрыптау мен жүп таңдау мәселесін кеңінен қолдануымыз керек.

Сұрыптау дегеніміз адамның өзіне қажет малдың жақсысын жеке бөліп алып, қалғанын етке, болмаса шаруашылықтың басқа да мұқтажына жұмсап тазартып отыруы. Сұрыптаудың маңызы малдың тұқым қуа-лаушылық және өзгергіштік құбылыстарына, адамның еткен әсерінен белгілі бағытқа қарай организмдерінің икемделушілік қасиеттеріне негізделген.

Сұрыптаудың теориялық маңызына аса зор мән берген ғалым, жалпы биологияның негізін салған Ч. Дарвин. Ол органикалық дүниенің эволюциялық дамуында сұрыптаудың ерекше маңызын, сол эволюцияны қозғаушы негізгі күш екенін толық дәлелдеді. Сондай-ақ ол сұрыптау мен организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерінің араларындағы байланысты тапты. Өзгергіштіктің әсері әр ұрпақта онша көзге түсе бермейтін көптеген жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Ал сұрыптаудың негізгі құндылығы — осы онша көзге көрінбейтін, бірақ өте пайдалы жаңа нәсілдік қаситтерді топтастыруында, жинақтауында. Сұрыптау — табиғи сұрыптау және қолдан сұрыптау болып екіге бөлінеді. Табиғи сұрыптау деп жан-жануардың өз тіршілігінің ерекшеліктерін жалғастыру үшін ұрпақ қалдыруын айтамыз. Бұл процесс негізінен табиғи түрде өтеді.

Ал, қолдан сұрыптау деп адамның өзіне ұнаған, талапқа сай келетін малды жеке бөліп алып өсіруін айтамыз.

Сұрыптаудың бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байлалыста болады. Табиғи сұрыптаудың негізі табиғи түрде жүздеген немесе мыңдаған жылдар бойы ұдайы бір географиялық ортаның әсері арқылы сол ортаға төзімді жаңа түр шығаруда жатса, қолдан сұрыптаудың негізі — адамның өз талабына сай бір немесе бірнеше өнімділік белгілерін күшейте отырып, сол түрдің ішінен жеке тұқым шығаруда жатыр. Мұның бірнеше оңдаған жылдарға созылуы мүмкін.

Қой шаруашылығында селекциялық жұмыстар жүргізетін мамандар табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудың ерекшеліктерін қатар пайдаланып, бір-бірімен байланыстырып отырулары керек. Демек, құйрықты қой тұқымдарын асылдандыру үшін осы малдың өскей табиғи географиялық ортасының ерекшеліктерін жете білуі, содан соң селекционерлердің құйрықты қойдың қандай өнімділік белгілерін күшейткісі келсе, соған кі-рісулері керек. Себебі сыртқы ортаның қой шаруашылығындағы селекциялық жұмыстарға тигізетін әсері зор. Әрбір организм белгілерінің, оның мүшелері қызметінің үйлесімділігін, оның тіршілікке бейімділігін тек табиғи сұрыптау ғана анықтайды. Осындай табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі — қазақтың құйрықты қойы. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректе-терінде, СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 ва-рианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге ете шыдамды. Дене бітімі ерекше кезге түседі. Табиғаттың қатал жағдайына төзімді.

Қылшық жүнді құйрықты қойлардың негізгі өнімі — ет. Ет неғұрлым мол, әрі сапалы болса бұл тұқымның қойы да соғұрлым қымбат бағаланады. Экономикалық тиімділігі жоғарылап, интенсивтендіру дәрежесі арта түседі. Сондай-ақ бұл қой тұқымын өсіруге жұмсалған қаржы тез өтеліп, таза пайда көбейеді.

Малдың еттілік қасиеттерінің белгілеріне дене бітімі, жылдам жетілгіштігі, ірілігі, таза ет түсімі, сұрпы етінің шығымы, етінің химиялық, биохимиялық құрылымы т. б. жатады және оған бірнеше факторлар әсер етеді де бірнеше факторларға тікелей байланысты бо-лады.

Қылшық жүнді құйрықты қойлардың өзіне тән биологиялық ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа да өнімдерін өзгертуде алға қойған мақсатқа жету үшін әрбір организмде өтетін құбылыстардың негізін жете білу селекционерлерге өте қажет. Барлық жан-жануарлар денесінің морфологиялық құбылыс пен физиологиялық функциядан тұратыны белгілі. Демек малдың әр түрлі өнімдері, оның өсіп-жетілген кезеңдерінде болатын табиғи заңдылық. Мал тіршілігінің алғашқы күнінен бастап, соңғы күніне дейінгі өткен жолы онтогенез деп аталады. Онтогенез немесе жеке организмнің өсіп-жетілу жолы, өсуі және жетілуі сияқты негізгі екі процестен тұрады.

Қазіргі кезде өсу денедегі тканьдердің, клеткалардың сан жағынан көбеюі, сол арқылы бүкіл организмнін өсіп, ұлғаюын айтады. Өсу процесі сатылап жетілу шыңдалу процесіне ауысады. Өсудің негізгі элементі олардың жылдам, аз уақыттың ішінде тез жетілуінде, бұл организмдердегі тканьдердің, клеткалардың тез бөлініп көбеюіне байланысты. Сөйтіп, дене массасы ауырлайды. Бұл организмнің тұқым қуалағыштық қасиетіне және сыртқы ортаның әсеріне тығыз қатысты құ-былыс.

Құйрықты қойдың тірілей салмағы мен тез жетілгіштік қасиеттеріне қарай сұрыптау жұмысын жүргізуде негізгі көқіл аударатын мәселенің бірі осы. Себебі бір тұқымдағы, бір популяцияның өзіндегі малдың, тіпті бір жастағы, бір жыныстағы қойлардың бірдей күтімде тұрғанның өзінде массалары мен тез жетілгіштігі әр түрлі болады. Сондықтан да бұндай қасиетті тұқым қуалағыштық және нәсілден нәсілге тарайтын әр малдың жеке басының ерекшелігі деп танимыз. Осы ерекшеліктерін ескере отырып сұрыптау жүргізгенде қойдың эмбриондық сатыда және эмбриондық сатыдан кейінгі кезеңдерде қалай өсетінін, қандай себептер әсер ететінін білуіміз қажет. Қозы іште жатқан кезеңде барлық қажетті қоректер, температура, ылғал, тағы басқа да жас организмге керекті заттар енесінің сүтімен келеді. Сөйтіп, сыртқы ортадан мүлде оқшау жатады. Бірақ, бұған қарап сыртқы ортаның әсері мүлдем болмайды деуге келмейді. Себебі сыртқы ортаның енесіне еткен әсері: енесінің азықтану шамасы, сыртқы температура, ауа қысымы, денсаулығы, рационның құрамы, мационы, тағы басқалар сол енесінің организмі арқылы жатырда жатқан ұрыққа да әсерін тигізуі ық-тимал.[15]

Мұның ұрықтың әрі қарай өсіпжетілуіне де зор әсері бар. Әрине, енесінің ішінде жатып өсіп-жетілу әр малда әр түрлі болады. Бұл туралы К- Б. Свечик (1953) өзінің тәжірибесінде қозының эмбрионда өсіп-жетілу қарқыны, денесінің, салмағының есуі торайдың өсіп-жетілуімен салыстырғанда 4 есе жылдам екендігін көрсеткен.

Ал бір тұқым малының өз арасындағы өсіп-өну жылдамдығына келетін болсақ көптеген ғалымдардың деректерін келтіруге болады. Д. X. Эммонд (1937) бірнеше қой тұқымы төлдерінің өсу жылдамдығын зерттегенде, еркек қозылардың ұрғашы қозыларға қарағанда салмақты болып туатындығын және жылдам өсетіндігін байқаған. Ол сондай-ақ еркек қозының туғандағы тірілей салмағы ұрғашы қозының тірі салмағымең салыстырғанда орта есеппен 103—116% артатындығын дәлелдеген.

Біз жүргізген зерттеудің мақсаты — қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойларының өсу жылдамдығы мен салмағының арасында және осы көрсеткіштермен жүн түстерінің арасында қандай байланыс бар екенін табу еді.

Тәжірибеге қойылған малға ерекше күтім жасалған жоқ, жалпы совхоз малына қандай азық берсе, оларға да сондай азық берілді. Тәжірибе июнь, июль, август айларында жүргізілді. Бұл, әрине, бір тұқымның қойында әр түрлі факторларға байланысты төмендеп қалып, кейін ыңғайлы жағдай туғанда генетикалық ерекшеліктеріне байланысты өз шамаластарын салмағы жөнінен қуып жетуі мүмкін. Біз 7—8 жылдық тәжірибемізде қойдың тірілей салмағы оның жүнінің түсіне байланысты-байланыссыз жағына ерекше зер салғанымызда, қойдың тірілей салмағы жүнінің түсіне байланысты емес екені дәлелденді. Біздің бұл пікіріміз А. В. Голоднов, А. Ахатов (1971) сияқты ғалымдардың деректерімен сәйкес келеді.

Құйрықты қойлардың тірілей салмағына қарап сұрыптау жүргізгенде, олардың еттілігін зерттеу де селекционерлердің тікелей міндетіне жатады. Қойдың еттілігі мен жүн түсімінің байланысын көп зерттеген ғалымдар М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1976), И. Н. Попов (1965), М. А. Алетов (1975), Қ. Қанафин (1973), А. Ахатов (1971), Т. Кептілеуов (1980) т. б. Олардың көрсетулеріне қарағанда еділбай қойының еттілік қасиеттері бурыл қойларда жақсырақ жетіледі екен. Ал кейде ақ түсті еділбай қойларының тез жетілгіштік қасиеттері басқа түсті қойлармен салыстырғанда кем түс-пейтін көрінеді.

Біздің «Жеңіс» совхозының қойларына жүргізген тәжірибеміз де осы айтылған ғалымдардың деректеріне сай келеді. Енесі де, әкесі де ақ әр түсті қозылардың еттілік қасиетін байқау үшін түсі әр түрлі 5 еркек қозыны 6 айлығында сойып, ет шығымын, майын және құйрық майын жеке өлшеп, тағы басқа көрсеткіштерін салыстырып көрдік. Енді сол деректерді келтіре кетейік. Мысалы, қара қозының сояр алдындағы тірілей салмағы 42,5 кг, бурыл қозыныкі 43,4, қызыл козыныкі 41,8, ақ қозыныкі 42,3 кг, олардың сойыс салмағы тиісінше 22,1, 22,4, 22,2, 22,2 кг, сойыс шығымы да тиісінше 52,0%, 51,7, 50,8, 52,5%, етінің шығымы 41,9, 42,0, 40,7, 41,5%, іш майының шығымы 1,17, 0,69, 0,95, 1,18%, құйрық майының шығымы 6,5, 6,9, 6,4, 6,8% болды.

Әр түсті жүнді қозылардың еттілік қасиеттерінің арасында бәлендей көзге түсерлік айырмашылық болған жоқ. Тек бурыл түсті қозының ет шығымы мен құйрық майының шығымында басқа қозылармен салыстырғанда аздаған ғана артықшылық бар сияқты.

Ал біздің пікірімізше, етті-майлы бағыттағы қой тұқымдарын өсіруде олардың тірідей салмағының көрсеткіштері негізгі бір селекцияға ерекше қажет көрсеткіштерінің бірі деп ойлаймыз. Оған дәлел ақ қылшық жүнді құйрықты етті-майлы қойлардың тірілей салмағы мен тез жетілгіштік жағынан сұрыптау жүргізгенде бірнеше вариантты тәжірибелер жасадық. Қозының туған кездегі және одан кейінгі кездердегі тірілей салмағына ата-енелері салмақтарының, олардың жүндерінің түстерін ескере отырып, қандай әсері барлығын зерттедік. Әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық шешімге келдік. Әрине, бұл мәселелер хақында бірнеше ғылыми тәжірибелер бұрын да жүргізілген болатын. Айталық, Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) ірі қараға жүргізген тәжірибелерінде бұзаудың туғандағы салмағы мен одан кейінгі есу саты-ларындағы салмақтарының арасында оң корреляция бар екендігін дәлелдейді. Уолтон, Хэммондар (1938) шайр тұқымы жылқысының биесін шотландияның пони тұқымды жылқысының айғырымен шағылыстырғанда алынған құлындарының салмағы шайрдың да, понидың да таза тұқымды құлындарынан 3 есе үлкен болып шыққан. А. А. Кондрашева (1968) ірі қараға жүргізген тәжірибесінде енесі неғұрлым үлкен, эмбриондық уақыты ұзақ болған малдан ірі бұзау туады деген тұжырымға келеді.

Қорытынды.

Жоғарыда келтірілген деректердің қылшық жүнді, етті-майлы бағыттағы құйрықты қойлардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға күнделікті берілетін жемшөп нормасын анықтау үшін өте пайдасы зор. Себебі қай тұқымның малы болса да организмде жүріп өтетін физиологиялық процестер бірдей болады. Тек әр тұқымның ез ерекшеліктеріне байланысты әрбір процестің әр түрлі мөлшерде, әр түрлі жылдамдықпен етуі мүмкін. Сондықтан етті-майлы құйрықты қойлардың да биязы жүнді қойлармен биологиялық процестері жағынан ұқсастығы бар. Тек есте болатын бір жайт — қылшық жүнді құйрықты қойлар қай жерде болмасын жыл бойы жайылымда жайылады да, тек жыл маусымьь на қарай қойдың физиологиялық жағдайларына байланысты жеммен қосымша азықтандырылады. Сондықтан әр қойға берілетін жемшөп нормасын анықтау үшін жергілікті жердің жайылым шөбінің құнарлылығын анықтап алу қажет.[16]

Кейбір мемлекеттер өзінің символы ретінде сол елдердің негізгі байлығы — өсімдік немесе жануарлар дүниесінің ерекшеліктерімен бейнелейді. Бұл халықтың сол тіршілік дүниесіне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Мәселен, Австралия гербінде жер шарының басқа жерінде кездеспейтін түйеқұс — эмуді көреміз. Сол сияқты Жаңа Зеландияның символы ұшпайтын құс — киви, Танзанияда мемлекет символы — жираф, Угандада — тәжілі тырна (венценосный журавль) болып саналады. Ливан халқы өз туында атақты ливан самырсынын, ал канадалықтар — үйеңкі жапырақтарын бейнелейді.

Дүние жүзінің көптеген қалалары өздерінің символы ретінде ертеден-ақ хайуанаттардың бір түрін қалап алған. Мысалы, Берлин мен Ярославль қалаларының символы аю болса, ал Горький мен Ростов бұғыға кеп мән берген.

Соңғы жылдары табиғат .бейнелері мемлекеттік қағаз және металл ақшаларда да кәріне бастады. Австралиялықтар өздерінің долларын кәдімгі түйеқұс — эмумен сәндесе, бетінде жан-жануарлар бейнеленген ақшаларды көптеген Африка елдері шығарады. Норвегиялықтар ақшаларының бетінде бұлан, шымшық (дрозд) және ақ тиін бар.

Тіпті, табиғат бейнелері транспорт, сауда және өнеркәсіп орындарының жарнамасы қызметін де атқарады. Мәселен, қалталы кенгуру — Австралия әуе флотының эмблемасы. Аю мен зубрді Ярославль мен Минск қала-ларынан шығатын «ЛАЗ» және «МАЗ» ауыр жүк машиналарынан көреміз, өйткені бұл жануарлар алып күш иелері ғой. Балмұздақ сататын сауда орындарында ең суық аймақ — Антарктидада тіршілік ететін құс —пингвин бейнеленген. Сондай-ақ кейбір қалаларда жас жұбайларға арналған бұйымдарды сататын дүкендер эмблемасында дегелектің суреті көзге шалынады. Өйткені бұл құстың тіршілігі адаммен тығыз байланысты. Олар ұяларын кебіне үйлер шарбағына салады. Аумағында дегелек қоныстанған үй иесінің қуанышында шек болмайды. Өйткені халық аңыздарында дөңгелек немесе ақ ләйлек «бақыт құсы» есебінде бейнеленеді. Ауыл тұрғындары оның ұясын бұзуды қылмыс деп санайды. Оны көздің қарашығындай қорғайды .

Сол сияқты қарақұйрық мекендерінде заказниктер белгілеу де орынды. Оларды Бозашы түбегінен, Қызылқұмнан және Бетпақдаладағы Шолаққорған жайылымынан ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар қарақұйрық және басқа сирек ұшырасатын аңдарды жартылай қолда өсіретін питомниктер салу қажет. Бұл питомниктерге қарақұйрықты тұздылығы ар-тып, деңгейі төмен түсіп бара жатңан Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығынан апаруға әбден болады.

Сонымен қоршаған ортаның белгілі бір бөлігінде жануарлыр қорының молайып, сол қалпында сақталуы ең алдымен көбіне сол жердің жергілікті адамдарының қоршаған орта мен оның табиғатына деген көзқарасы мен жанашырлығына байланысты болатынына толық көзіміз жетті. Сондықтан да адамдардың табиғатңа жанашыр болуы болашақ ұрпақтарына жаны ашығандығы болып табылады. Өйткені, бүгінгі мол табиғат байлығы — ертеңгі таусылмас халық қазынасы, бар игіліктің бастауы.Сондай-ақ жоғарыды келтілген мысалдардың барлығы кәсіптік маңызы бар жануарлар,бұлай деп атауымыздың себебі мал тұқымдарынан түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын ет өнімі, оның сапасы, қой-


дың бордақылау немесе жайылымда семірту кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929), М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ү. Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) еңбектерінен жан-жақты мағлұматтар алуға болады. ,

Қазіргі техникалық прогресс заманында халық шаруашылығының әрбір саласына терең ғылыми көзқараспен қарау қажет.



Сілтемелер.

1.Арғынбаев X., Казақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялықочерктер. А., 1969;

2.А. Бекенов, X. Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

3.Есентаев.Е.ақ жүнді құрықты қойлар.-Алматы,1985.

4. Ә. Жұмадилов., А. Бекенов., X. Қыдырбаев. Қазақстан қорықтары.

"Қайнар" баспасы, Алматы,— 1980.

5.Иойриш.Н.П. Ара шарушылығының өнімдері және оны пайдалану.-Алматы,1998.

6. Кененбаев Ырым. Інжу-маржандар.— Алматы, Жалын, 1980, 184

бет.


7. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1—12 том, Алматы қаласы, 1972—

1978.


8.Қыдырбаев.Х. Қазақстанның жануарлар әлемі.-Алматы,1977.

9.Құсайынұлы.Қ. Қазақ шаруашылығы отаршылық дәуірде.-Алматы,2001.

10.Мадиев.Ө.Қ. Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-Алматы,1995.

11.Марзабеков.Ж. Қарақұйрық.-Алматы,1986.

12.Мұқанов С.,Халықмұрасы.Тарихи-этнографиялық шолу, А., 2002; Сәбденов К,, Төрттүлік, А., 2002;

13.Сәтімбеков Р., Байжанов А., Мал шаруашылығы селекциясыңдағы жетісгіктер, "Биология жөне салауат негізі", 2003, №5, 5-8 беттер.

14.Селекционные достижения Казахстана (Сб.). К 10-летию независимости Казахстана, Кн. 2, А., 2001;

15.Шаңырақ (қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) (Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев.— Алматы, Қаз. Сов. энцикл. Бас редакциясы, 1990) Ред. коллегия Ж. А. Адаев., X. А. Арғынбаев, Н. А. Барлыбаева т. б.— 568 бет.

16.Шопан сыры.-Алматы,1999.

Әдебиеттер тізімі.

1.Арғынбаев X., Казақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялықочерктер. А., 1969;

2.А. Бекенов, X. Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

3.Есентаев.Е.ақ жүнді құрықты қойлар.-Алматы,1985.

4. Ә. Жұмадилов., А. Бекенов., X. Қыдырбаев. Қазақстан қорықтары.

"Қайнар" баспасы, Алматы,— 1980.

5.Иойриш.Н.П. Ара шарушылығының өнімдері және оны пайдалану.-Алматы,1998.

6. Кененбаев Ырым. Інжу-маржандар.— Алматы, Жалын, 1980, 184

бет.


7. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1—12 том, Алматы қаласы, 1972—

1978.


8.Қыдырбаев.Х. Қазақстанның жануарлар әлемі.-Алматы,1977.

9.Құсайынұлы.Қ. Қазақ шаруашылығы отаршылық дәуірде.-Алматы,2001.

10.Мадиев.Ө.Қ. Былғары және мех химиясы мен технологиясы.-Алматы,1995.

11.Марзабеков.Ж. Қарақұйрық.-Алматы,1986.

12.Мұқанов С.,Халықмұрасы.Тарихи-этнографиялық шолу, А., 2002; Сәбденов К,, Төрттүлік, А., 2002;

13.Сәтімбеков Р., Байжанов А., Мал шаруашылығы селекциясыңдағы жетісгіктер, "Биология жөне салауат негізі", 2003, №5, 5-8 беттер.

14.Селекционные достижения Казахстана (Сб.). К 10-летию независимости Казахстана, Кн. 2, А., 2001;

15.Шаңырақ (қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) (Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев.— Алматы, Қаз. Сов. энцикл. Бас редакциясы, 1990) Ред. коллегия Ж. А. Адаев., X. А. Арғынбаев, Н. А. Барлыбаева т. б.— 568 бет.

16.Шопан сыры.-Алматы,1999.

+






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет