3 ІІ негізгі бөлім І тарау. ІІ- ші Дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы



бет4/4
Дата24.02.2016
өлшемі302.5 Kb.
#13332
1   2   3   4

Қорытынды.

Ондаған ұлттармен ұлыстардың басын күштеп бір ноқтаға теліген зорлықшыл тоталитарлық жүйе кезеңіндегі миллиондаған жазықсыз жандардың ғұмырын қыйған әкімшіл-әміршіл жүйедегі алпауыт империя ыдырап ,оның құрамындағы одақтас елдер бостандық алып ,құлдық қамытынан босанды.Міне еліміз тәуелсіздік алып,көк байрағын желбіреткелі де он жеті жылдан асты.



Осынша жыл өтсе де, соғыс басталған сәттегі сәтсіздікке байланысты шындық ақырына дейін әлі толық айтылған жоқ. Мәселен, соғыс басталған 4 айдың ішінде 4 миллионға жуық адам(анығы – 3 миллион 900 мың), ал бір жылдан соң тағы бір миллион, жалпы, соғыс барысында 5,5 миллион кеңес жауынгерлері тұтқынға түсіп, немістердің осынша адамды не істерін білмей қалғаны туралы дерек көздері әдейі тасада қалдырылып келді.
Ресейдің орталық басылым беттерінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-ның №1 қас жауы атанған генерал-лейтенант, гитлерлік Германиямен ауыз жа­ла­сып, еріктілерден орыстың азат­тық армиясын жасақтаған Андрей Власовты ақтап, оны сталиндік жүйе­мен күресуші, суперагент, ба­тыр ретінде дәріптейтін мақалалар жиі жариялануда. Власов бұрын атын атауға тыйым салынған, ота­ны­на опаздық жасаған сілімтік бол­са, қазір Ресей халқын азат ету ко­митетінің аты шулы көсемі, со­ғыс тарихындағы сұрапыл тұлға ре­тінде суреттеле бастады.

Не керек, бұрынғы одақтас рес­пуб­ликалардың бәрінде легио­нер­лер­ді баяғы сталиндік тоқпаққа са­лып, отанын сатқан опасыз, сілім­тік сатқындар емес, керісінше, ұлт пат­риоттары, ста­линдік жүйенің қас жауы, тә­уел­сіздік үшін арпа­лыс­қан күрес­кер­лер ретінде қа­рас­тыру басталды. Бұл үрдіс қолға түс­кен қазақ, қыр­ғыз, ұйғыр, өзбек, түрік­мен жа­уынгерлерінен құрыл­ған «Түркі­стан» легионына да бай­ла­­нысты.

1941 жылы Үшінші рейхтың шы­ғыс министрі Альфред Ро­зен­берг Түркістан мұсыл­мандарын Кеңес өкіметінен азат ету ко­ми­тетін құруды ұсынды. Бұл идея Гер­ман армиясының жоғары бас­шы­лы­ғының көңілінен шықты. Сөйтіп, 1941 жылы күзде төрт ротадан тұра­тын «Түркістан полкі» құрылды. Фашистер оның басына беделді кө­сем ретінде қазақ Мұстафа Шо­қай мен өзбек Вали Каюм ханды тарт­қаны мәлім. 1942 жылы осын­дай барлығы 24 батальон жасақ­тал­ды. Бұдан бөлек, 1944 жылы «Жаңа Түркістан» СС дивизиясы және «Шығысмұсылман» СС полкі құрылды. Түркістан легионы бірін­ші рет 1942 жылы Астрахань бағы­тын­дағы соғысқа жіберілді, көп­шілігі Паулюстің армиясында бол­ды. Гитлершілдердің ойынша, олар ары қарай Қазақстанға көктей өтуі керек еді.Неміс армиясының қатарында Түр­кістан легионынан басқа, 11 мың татар еріктілерінен құралған 12 дала батальоны болған. Вла­сов­тың 130 мың адамдық армиясында 20 мың татар болғанын да айта ке­те­лік. Сондай-ақ Кавказ легионы, әзір­байжан батальоны, грузин ле­гионы жасақталған. «Давид Құры­лыс­шы», «Тамара патшайым», «Геор­гий Саакадзе» деген атау бе­ріл­ген грузин батальондары бол­ған. Бес мың адамдық қалмақ кор­пусы құрылған. Түркістандықтар мен кавказдықтар 150 мың адамды құраса, шығыс батальоны мен ро­та­лары 80 мың адамнан тұрды. «Ре­сейді тек орыстар ғана жеңуі мүм­кін» деген Шиллердің сөзін бет­ке ұстады ма екен, гитлершілдер ең басты күшті қолдарына неміс қар­уын алған орыстардан жасақ­та­ды. Оның басында орыс эми­грант­тары тұрды. 1945 жылы неміс әс­кери қызметіне жегілген орыс­тардың саны мынадай: вермахта – 600 мың адам, әскери әуе күш­терін­де – 60 мың, флотта – 15 мың. 1942 жылы Новочеркасскіде Дон ка­зактарының жиыны өтіп, Қызыл Армияға қарсы казак бөлімдері құрылады. Сөйтіп, Еуро­пада әр­қай­сысы 1200 адамнан тұра­тын 11 ка­зак полкі жасақ­тал­ған. Ал ге­нерал-лейтенант Вла­сов­тың орыс-азаттық армиясында 130 мың адамдық үш дивизия болды. Тарих­шылардың есебінше, неміс­тер­мен жалпы саны 1,5 миллион Кеңес сол­даты ауыз жаласып, ерік­ті, по­лицей, т.б. болып шыбын жа­нын сақ­таған.

Түркістан легионында «Бір­тұтас Түркістан» журналы, «Ұлт әдебиеті», «Жаңа Түркістан» газеті шығып тұрды. 1944 жылы Берлинде қырғыздың «Манас» эпосы ба­сыл­ған. «Болашақ үлкен Түркістан»-ның картасы жарық көрген. «Түр­кістан тарихы», «Түркістан про­б­лемалары» атты еңбектер басылып шық­қан. Осындай басылымдарда еңбек еткен қазақ зиялылары: Асан Қайғы (Мәулекеш Қай­бал­ды), Қобызшы Қорқыт (Мәжит Айтбаев), Қанат Қарысбай, Сай­ран (ақын Хамза Абдуллин), Дәу­лет Тағыберлі, Таһир Шағатай, Аб­дулуаһап Оқтай, т.б. тәуелсіздік жолында қалам тербеді. Тарихты жаңғыртуға тырысты. Мәселен, бәрімізге таныс Абылай ханның кес­­кіндеме-суреті бізге осылар ар­қылы жетті. Түркістан легионында неміс­тер арнайы молдалық штат ашып, үгіт-насихат жұмысын білімді мол­далар жүргізген. Легио­нер­лер­дің оң жақ жеңінде «Аллаһ бізбен бірге», төменгі жағында «Түр­кі­стан» деген жазу болған және ме­шіт­тің суреті бейнеленген. Ал жар­ты ай мен жұлдыздың суреті бар Туының жоғары жағы қызыл түске, төменгі жағы жасыл түске суарыл­ған. Легионерлер арасында орыс ті­лін­де сөйлеуге тыйым салынған, өзара ана тілдерінде сөйлескен. Әс­кери бұйрық неміс тілінде беріл­ген. Қолдарын жүрек тұсына қо­йып, ант берген. Орта Азия рес­публикаларынан шыққан әскери тұтқындарды немістер іріктеп алып, топ-топқа бөліп, алдымен Лю­кенвальд, сонан соң Бран­денбург лагерлерінде шпиондыққа дайындап, террорлық істерге тыңғылықты түрде оқытып, үйретіп отырды, әр топтан екі адам міндетті түрде Варшавадағы радистік курс­ты бітіріп шықты. Герма­ния­ның осын­дай барлау мектептерінде не­міс тұтқынындағы мың сан адам КСРО-ның тылдағы өнеркәсіп кәсіпорындарын, маңызды деген кө­пірлері мен мұнай құбырларын жаруға дайындалды. Немістер ле­гио­нерлерді, негізінен, көпірлерді, қой­маларды, траншеяларды қорғау мен тыл жұмыстарына жеккен. Украина, Белоруссия, Италия, Францияда болған со­ғыс­тарға салған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында фа­шистердің арнайы барлау қыз­ме­тінің Орталық Азия елдеріне па­рашют арқылы агенттер мен тер­рор­шылар тастағаны және олар­дың тылда жасаған ойран-лаңы туралы кеңестік тарих жұмған ау­зын ашпай келді. Фашистердің «Цеппелин» атты диверсиялық бар­лау органының 1942-1944 жыл­дары Қазақстанға да әуеден кілең қазақтардан құралған бірнеше агент­тік топтар түсіргенінен ха­бар­сыз болып келдік.
Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің мұра­ғат-деректеріне сүйенсек, 1943 жыл­дың 2 маусымында Батыс Қа­зақ­­стан облысының Урдинск ауда­нында сол кездегі қауіпсіздік қыз­меті немістер ұшақпен тас­та­ған осындай жансыздар тобын қол­ға түсірген. Қазақ жеріне 5 ма­мыр күні парашютпен түсірілген тағы бір неміс барлауының агент­тері Аст­рахань облысының жерінде ұс­тал­ған. Қызыл Армияның бұрынғы аға лей­тенанты, 35 жастағы ұлты қазақ Әлихан Ағаев басқаратын 18 жау де­сантының парашютпен Сол­түс­тік Қазақстанға түсірілген құпия­сын білген республиканың мемле­кет­тік қауіпсіздік органы қызмет­кер­лері тарапынан жерімізге іш­керілей енген жау десанттарын қыра­ғылықпен аңду басталады. 24-26 тамыз күндері әрқайсысы 5 адамнан құралған 2 арандатушы топ ұсталады. Ары қарай фашис­тер дайындаған арандатушы топ­тар­дың Әлихан Ағаев басқарған 18 адамнан басқасы тегіс Гурьев об­­лысының аумағында қолға тү­сірі­­леді және қарсылық білдір­ген­де­рінің көздері жойылады.

Қазақстандағы аса қауіпті әрі бел­сенді топ Қызыл Армияның бұрын­ғы аға лейтенанты, кейіннен вер­­махттың обер-лейтенанты, «Алаш» батальонының жетекшісі Әли­хан Ағаев (соғысқа дейін Жи­ло­косинск аудандық жер бөлі­мінде агроном болған, 1941 жылы атты әскер взводының командирі болып жүріп Мәскеу түбіндегі шайқас­тар­дың бірінде немістердің қолына түс­кен, кейіннен шын аты Әмірхан Ті­леумағамбетов екені анықталған) бас­қарған топ болған. 1944 жылғы ма­мыр айының 19-ынан 20-сына қара­ған түні Ағаев бас­қар­­ған бан­ды­лармен Ақшелек деген жерде қиян-кескі шайқас болып, жау тобының басым бөлігі тұт­қын­ға алынады. Ал Әлихан Ағаев пен оның жақын серіктері ұрыс үстінде тиген оқтан өледі. Олардан 2 пу­ле­мет, 25 пистолет-автомат, граната, оқ-дәрі, 1 рация, 1 радиоқа­был­да­ғыш, әртүрлі әскери бөлімдердің мөрі мен штампы, Кеңес Одағының геог­рафиялық картасы, 737170 рубль, қазақ тілінде жазылған үн­па­рақтар мен басқа да заттай ай­ғақ­тар жиналып алынған. Ағаев­тың қалтасынан оның өз қолымен жаз­ған 263 түркістандық легио­нер­дің тізімі табылған.


Соғыс аяқталған соң түркі­стан­дық легионерлерді Сталиннің бұйрығымен 25 жылдық лагерьдегі айдау күтіп тұрды. Олардың кей­біреулерін америкалық және ағыл­шын барлауы өз қызметтеріне алып қалса, біразы Түркия сияқты шет-елдерге бас сауғалап кетті. Соғыс­тан соң Алматыда 600 легионерге сот болды. Кейіннен КГБ қыз­мет­кері Серік Шәкібаевтің «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кіта­бы жарық көрді. Онда М.Шоқай сатқын ретінде көрінді. 1987 жылы жазушы Әнуар Әлімжанов Г.Кол­бин­нің алдына Түркістан легио­ны­ның негізін салушы М.Шоқай­ды ақтау мәселесін көтерді. Кол­бин үндемей құтылды.Қалай десек те, тұтқындар проб­лемасы Ұлы Отан соғысының (егер осылай атауға болса) ең нә­зік, шетін тұсы. Жарайды, М.Шо­қай өзін-өзі ақтады. Қазіргідей ар­дагерлердің көзі тірі кезінде басқа со­ғыс тұтқындарын ақтап алу, бір жа­ғынан, қисынсыз да болар. Есеп­­тесек, сол сұм соғыста 450 мың қазақ шейіт болыпты. Қазақ­стандықтардың 520-дан астамына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Құдайға шүкір, ерлерден кенде емеспіз, батыр халық ретінде бетіміз жарық. Дегенмен қазақтың неміс жағында да соғысқанын жасырып-жабатын, ұялатын кез өтті. Әрине, Отанға қарсы шыққан кез келген қылмысты ақтауға бол­май­ды. Бірақ Отан дегенде, тұт­қын­дардың көз алдында не тұрды: 40 миллион малдың 4 миллионын қалдырып, қазақтың 40 пайызын қырған отызыншы жылдардың зобалаңы. Алашорда үкіметімен байланыста болған қазақтың бетке шыққан қаймағы – зиялы қауы­мын қойша қырған сталиндік зұл­мат. Қытай, Ауғанстан, Иранға тоз-тозы шығып, ауып кеткен қа­зақ­­тар... Жау қолына қапыда түсіп, са­насы уланған бейбақтар­дың өз же­ріне келген соң да кө­лең­кесінен қор­қып, қайда тығы­ларын білмей, бас­тарын көз-көрекі құрбандыққа ті­­ккендері де, (кез­дей­­соқ жау тұт­қы­нында болған­дар­дың барлығын соғыс аяқталған соң жаппай жиырма бес жылға сот­таған сталиндік жүйеге не дер­сің), саналы түрде әрекет еткендері де болған шығар. Қалайық, қа­ла­майық, бүгін болмаса да, уақыт өте ке­ле кейінгі ұрпақтың оларды «тәуел­сіздікті аңсаған ұлтшылдар еді, сталиндік жүйеге қарсы шық­қан көтерілісшілер еді» деуіне негіз жоқ емес...


Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Белан П.С. Правда о “Гростуркестане” и “Туркестанском легионе”:

История Казахстана белые пятна- Алматы 1991 – с 295-315.

2. Шанибаев С. Падение “Большого Туркестана” Алматы: жазушы

1972 – с. 73.

3. Мұстафа Шоқай. Таңдамалы – Алматы: Қайнар 1999.

4. Туркестан в начале ХХ века: к истории истоков национальной

независимости. Абдуллаев Р.М., Агзамходжаев С.С., Алимов И.А. и

др. -Ташкнт, 2000. с 95

5. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеасы және Мұстафа Шоқайұлы.

А., 1997.

6. Из историй Россиской эмиграций: Письма- А.З. Валидова и М.

Чокаева ( 1924- 1932 г) М., 1999.

7. Чокай Мария. “Я пишу Ван из ножана: Воспоминания письма,

документы” Алматы. Қайнар. 2001.

8. Большая Советская Энцикломедия М., 1938. с. 267-68.

9. Бакиров А. Операция “франц” - Қызылорда. 2000. с 24.

10. Какен А. “Түркістан легионы” Астана 2000.

11. Яш Туркестан. Париж 1949- 50 с. 8.

12. В составе германского вермахта // Родина 1999

13. Х. Әміров “Легионның күйреуі” А., 1971

14. Э. Хоскинс “История Советского Союза” М., 1989.

15. Бахыт Садыкова История Туркестанского легиона в документах.

А., 2002.

16. Гильязов “Пантюркизм, пантуранизм және Германия:

Этнографиялық шолу” А., 1989.

17.Кул – Мұхаммед М. Генезис и этапы становления партии Алаш. -

Алматы. 2000.

18.Бенингиен А., Лемерье -кельнешей Ш. преса и национальное

движения среди мусульман России до 1920 года. /Альманах. “Алем”

выпуск/ алматы 1990.

19.Дейтон Вторая мировая: Ошибки, промахи, патери// Деловая

неделья. М. 2000. №72

20.Судьба военнопленных и депортированных граждан СССР:

Материалы комисси по реоблитации жертв политических

репрессий // новая и новейшая история России 1996 № 2 с: 92.

21.Хамза Сайран Абдулла. Менің Мұстафа Шоқайды білетіндерім//

Жас Түркістан № 3. 2000. 8 бет.

22. Гильязов И. Восточные легионы: Тюрки в составе Германского

вермахта. // Родина 1999 № 7 с. 77.

23. Шелленберг В. Секретная служба Гитлера: Мемуары начальника

управления шпионата и диверский службы безопаснисти

СД/ Киев. 1994.

24. Әбжами Байшуақұлы “Түркістан легионы туралы шындық”/

Қазақ әдебиеті. 1997.

25. Бахыт Садыкова. “Түркістан легионы: Жазылмайтын жан жарасы”

Түркістан 1998. № 2 с 22

26. Гүлжауһар Көкебаева “Мұстафа Шоқай және Түркістандық соғыс

тұтқындары”// Қазақ тарихы. 1997. № 2 Наурыз сәуір.

27. Цит по: Верченов Л.Н. Закат тоталитаризация сумерни России

/Россия и современный мир. 1995. №3

28. Пономарев М.В. Смирнова С.Ю. Новая и Новейшая история стран

Европы и Америки. Учебное пособие: В. 3 частях М. 2004.

29. Новейшая история отчества: ХХ век. Учебник В 2 томах. / Под.



Ред. А.Ф. Кислева, Э.М. Щагина




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет