3. Жұмыс істейтін халықтың жəне жұмыс күші құнының қозғалыс статистикасы Еңбек ресурстары статистикасының негізгі түсініктері


Жұмыс уақытын пайдалану көрсеткіштері



бет4/4
Дата21.11.2022
өлшемі1.15 Mb.
#465306
1   2   3   4
Еңбек ресурстары статистикасы (1)

Жұмыс уақытын пайдалану көрсеткіштері.

  • Жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері – жұмыс уақытын пайдалану дəрежесін көрсетеді жəне жұмыс уақытының (күннің немесе кезеңнің) нақты (орташа) ұзақтығының оның белгіленген ұзақтығына қатынасы ретінде есептеледі.
  • Жұмыс уақытының қорларын (күтізбелік, табельдік, барынша көп) пайдалану коэффициенттері – жұмыс уақытының қорларын пайдалану дəрежесін көрсетеді жəне жұмыс істелген уақыт қорын жұмыс уақытының теориялық тиісті ықтимал қорына бөлуден алынған бөлінді ретінде анықталады.

Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері.

  • Еңбек өнімділігі еңбектің еңбек шығынының бірлігіне өнімнің белгіленген санын өндіру қабілеті. Өнімді статистиканың жалпы теориясы тарауында қарастырылғандай натуралды (заттай), шартты жəне ақша бірлігінде өлшеуге болады. Еңбек шығыны еңбек түрінде, яғни адам-сағатта, адам-күнде, жұмыс істейтіндердің немесе жұмысшылардың (адам) санымен есептеледі.
  • Қоғамдық еңбектің өнімділігі – ЖІӨ-нің экономикалық белсенді халықтың орташа жылдық санына қатынасы ретінде анықталады.
  • Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері тікелей жəне кері, табиғи жəне құндық, жеке жəне жалпы (жиынтық), еңбек өнімділігінің динамикасы мен факторларының көрсеткіштеріне (индекстері) бөлінеді.

Өнімділіктің жиынтық (жалпы жəне топтық) индекстері – жиынтықтың (кəсіпорынның, өңірдің, елдің барлық жұмысшыларының, жұмыс істейтіндерінің) барлық бірлігі өнімділігінің бірлесіп өзгеру нəтижесін көрсетеді.

  • Өнімділіктің жиынтық (жалпы жəне топтық) индекстері – жиынтықтың (кəсіпорынның, өңірдің, елдің барлық жұмысшыларының, жұмыс істейтіндерінің) барлық бірлігі өнімділігінің бірлесіп өзгеру нəтижесін көрсетеді.

Жұмыс күші құнының көрсеткіштері.

  • Жұмыс күшінің құны қызметкердің жəне оның отбасының күнкөріс құнын білдіреді. Кəсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын шығынның құнына:
  • еңбекақы қоры (кəсіпорын қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін ақшалай жəне натуралды (заттай) нысанда есептеген сома);
  • кəсіпорынның қызметкерлер тұратын тұрғын үйге жұмсайтын шығыны;
  • қызметкерлерді əлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығын;
  • кəсіптік оқытуға жұмсалатын шығын;
  • мəдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын;
  • жұмыс күшін пайдаланумен байланысты шығын;
  • жұмыс күшін ұстауға арналған басқа да шығыс (жұмыс орнына ке- луді төлеу, тегін берілген формалық киім-кешектің, сүттің, тамақ өнімдерінің құны, іссапар шығындары жəне т.б.) кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет