№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет116/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Summary. The proposed article considers the professional competence of the teacher to improve the quality of education. 
The problems of definition and terms of professional competence are given, where they are considered in the works of both 
domestic and foreign scientists. The authors note that, based on the results of the research, they solve the problem of improving 
the quality of the teacher’s professional competence.
Қазақстан Республикасында сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда 
мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту негізгі шешуші рөл атқарады. Білім беру жүйесін-
де білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, 
әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзіретті ұстаз [1].
Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар мақсаты - саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп 
шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлға-
ны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым сөзіне сәйкес білім беру жүйесінде кәсіби жетіл-
ген, білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес, өздері 
меңгеретін және осы арқылы ойлау жүйесін, шығармашылығын, рефлексиялық машығын дамы-
татын құзіретті ұстаз болуы тиіс [2].
Қазіргі заман мұғалімі бұл қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны сергек, 
жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігімен қабілетін, өздігінен еркін да-
муын ұйымдастыра алатын әрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс. Мұғалім 
қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, балалармен қарым- қатынасқа түсе 
алатын ұйымдастырушылық қабілеті жоғары және мол тәжірибе жинақтағанда ғана оның бой-
ынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады.
Кәсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагоги-
калық және теориялық білімнің кәсіби біліктілігі мен дағдысының бір арнада тоғысуы. Болашақ 
маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және қа-
рым- қатынас мәдениетін меңгеріп әлемдік білім кеңістігіне талпынуы керек.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да 
білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына ал-
мастыру қажеттілігі көрсетілген [3]. «Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық 
ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр - жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілет-
тілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық - өз ісін жетік 
білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты 
меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар 
ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады [4].
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға білім алушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстар-
ды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практика-


250
лық өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек 
нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді 
шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік 
мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені 
шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі 
бола алады» [5]. Ғалым С.М. Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде «құзыреттілік (ла-
тын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының 
білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берген [6].
А.В. Баранниковтің айтуынша «құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілет-
тілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді» 
[7]. Дж. Равен «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген 
анықтама береді [8].
К.Құдайбергенова құзыреттілік ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның су-
бьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым [9].
Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан - жақты ха-
бардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде 
шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді [10].
Ш.Таубаева «құзыреттілік бұл тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында мең-
герген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде 
айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырылады [11].
Л.М. Митина «құзыреттілік» ұғымына «білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тіл-
десімде, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері», - деген анықтама береді [12].
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
1. Түйінді құзыреттер;
2. Жалпыланған пәндік біліктіліктер;
3. Қолданбалы пәндік біліктіліктер;
4. Өмірлік дағдылар.
Кәсіби құзыреттілік адамның өзіндік деңгейіне, тәжірибесімен және өзіндік қабілеттерімен 
ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетілдіру, іске 
деген шығармашылық және жауапкершілік қатынасымен анықталады.
Дегенмен, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігі-
не, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл 
болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика са-
ласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған 
ұғым. Құзыреттілік бұл белгілі сала бойынша жаң-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти 
отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенде білдіреді. 
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары (сурет 1).
Осыған орай, кәсіби құзыреттілік адамның өзіндік деңгейіне, тәжірибесімен өзіндік қабілет-
терімен ерекшеленіп, оның түрткі болған талпынысы, үздіксіз өз бетімен білім алу, білімін жетіл-
діру, іске деген шығармашылық және жауапкершілік қатынасымен анықталады.
Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді 
және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдени-
етін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға 
талпынуы керек. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, 
педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық 
ортаға тез бейімделуді қажет етеді. Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласында бәсекеге қабілет-
ті ұрпақ тәрбиелеу үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда.
Мұғалімнің кәсіби мүмкіндігі оның бойындағы өзін-өзі дамытып отыру дайындығына тікелей 
байланысты. Осы мәселеге әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан келу үшін мұғалімнің субьект 
ретіндегі алдына қойған міндеттерін орындауға деген әзірлік деңгейіне көз жеткізу қажет. Де-
генмен, даралық-тұлғалық қалыптасу, іскерлік-әдістемелік жетілдіру, кәсіптік-пәндік білімін то-
лықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі туады. 


251
Сурет 1. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары
Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі, өйткені, ол өзінің әлеуметтік 
бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген. Сонымен. болашақ кәсіби құзіретті маман осы 
ақпараттық қоғамнан қалыспай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымда-
стырушылық қабілетті, нақты бағы-бағдар беруші болып шығуы бұл қазіргі заманның талабы. 
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның - қазіргі болашақ педа-
гогтардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсен-
діліктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету 
арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылады. Осыған 
орай, еліміздегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесіне қаншама өзгерістер еніп 
жатыр. Елбасы өз сөзінде: «Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ын-
таландыруға жеке назар аудару қажет деп айтқан».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет