Пассивті әдіс.
Активті әдіс.
Интерактивті әдіс.
Оқытуш
ы
1 студент
2 студент
3 студент
Оқытушы
1 студент
2 студент
3 студент
Оқытушы
1 студент
1
студент
1 студент
беріледі. Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – студенттерді оқыта отырып, сыни ойлауы
мен оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру
болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту студенттердің танымдық белсендiлiгiн, са-
баққа, мамандығына деген қызығушылығын аттыруға көмектеседi. Осы ойды кезінде кемеңгер
М.Әуезов «Жан дүниесі бай, талап-тілегі өскелең, ой-өрісі кең маман иесі ғана белгілі маман-
дықтың шеңберінен адамдық қасиеттің биік деңгейіне шыға алады» [7, 12 б. ] - деп көрегендікпен
атап кеткен болатын.
Қазіргі таңда педагогикалық технологияларға сүйене отырып оқытуда студенттердің топта
белсенді іс-әрекеттер танытуы мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға үлкен мән беріліп ке-
леді. Оқыту – екi жақты процесс. Сондықтан, оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген студент-
тердің көзқарасына, олардың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне тiкелей байланысты болады.
М.Әуезовтің әңгімелерін оқытқан кезде де осы қағиданы баса назарда ұстағанымыз жөн. Оған
әңгімені талдау барысында басымдық берілу қажет. Балалар әңгімені тақырыбына, идеясына, об-
раздар жүйесіне, сюжеті мен композициясына қатысты талдағанда тек оқытушының ғана көзқа-
расында қалып қоймай, өз беттерінше сыни ойлап бір-бірімен пікірталастыра отырып талдаған-
дары жөн. Бұл бір жағынан баланы топта жұмыс жасауға, өзгелердің пікірімен санасуға үйретсе,
екінші жағынан өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп өзгелерді тыңдата біліп, дегеніне иландырып
көшбасшылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Мәселен «Қаралы сұлу» әңгімесін талдаған
бір студент Қарагөздің Болат шалмен құмарын қандыру іс-әрекетін физиологиялық жаратылы-
стан туған қажеттлік деп кейіпкердің әрекетін жақтай түссе, екінші студент оның қазақи дүние-
танымға жат әрекетке баруын құптамастан кейіпкердің іс-әрекетіне қарсылық білдіреді. Ал, топ-
тағы үшінші бір студент тіптен бөлекше ой айтып Қарагөздің әрекеті сол кездегі бүлінген қазақ
қоғамының баламасы деп өз ойын ортаға салуы мүмкін. Осындай пікірталасқа толы сабақтың
нәтижесінде студенттер шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыта түседі. Яғни педагогикалық
оқытудың интербелсенді әдісі іске асырылады.
Осыған орай қазіргі жоғары оқу орындарында оқытудың мынадай үш түрлі формасы қалып-
тасқан:
1. Пассивті оқыту. Сабақта оқытушы білім беруші болып, студенттер тек тыңдаушы ретінде
қатысады.
2. Активті оқыту. Мұнда оқытушы сабақты баяндайды, студенттер керісінше оқытушыға
сұрақтар қояды, пікірлерін айтады.
3. Интербелсенді оқыту. Бұл әдісте оқытушы студенттерге білім береді, студенттер оқы-
тушыға және өздері бір-біріне өзара сұрақтар қойып пікірлерін айтады. Сабақта оқу үрдісі қо-
ян-қолтық араласқан күйде белсенді өтеді.
Осы аталған үш түрлі педагогикалық әдістемені төмендегі сызбадан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |