№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет123/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

РезюмеВ статье всесторонне рассмотрены педагогико-методичесские и теоретические основы об-
учения рассказов классика казахской литературы М.Ауэзова в высших учебных заведениях. Учитывая но-
визну современной системы образования, указан наиболее оптимальный вид использования новых методик 
преподования рассказов великого писателя. Изучив труды исследователей творчества М.Ауэзова, показа-
на необходимость педагогической основы новизны обучения творческого наследия писателя.
Summary. In the article pedagogicalmethodical and theoreticalbases of educating of stories of classic of 
Kazakh literature M.Auezov in higher educations institutions are thoroughli descrided. According to the modern 
education system, the most optimal form of using new methods of teaching the stories of the great writer is 
indicated. Having studied the works of researchers of M.Auezov' s creativity, the neccessity of pedagogical short 
stories of teaching the writer's creative heritage is shown.
Әлемдік кеңістіктің бір бөлігін құрайтын Қазақ Елі ХХІ ғасырда босағасы берік, aбыройы 
асқақ, болaшaқ бaғдaры aйқын eл рeтіндe төрткүл дүниeгe тaнылып, рухани жаңғыру жағдай-
ында ұлттық сананы жаңғыртуға мықтап кірісті. Тaрихи тaғдыры тaлaпaйғa түcкeн халқымы-
здың бүгіні бeрeкeлі, кeлeшeгі кeмeл. Cол бeрeкeнің бacтaуына өзінің өткен тарихында түрлі 
соқпақты кезеңдерде туған халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде мәң-
гілікке сақталған қайраткер ұлы тұлғаларының рухани мұраларын жаңғырту арқылы қол жеткізу-
де. Қазақ халқының өткен тарихында мұндай тау тұлғалар аз болмаған. Олардың қай-қайсысы 
да өз елінің ғаламдық өркениет көшінен қалыс қалмауына бар қажыр-қайратын, ынта-ықыласын, 
қарым-қабілетін, ақыл-ойы мен күш жігерлерін жұмсады. Осындай ұлт қайтаркерлерінің бірі де 
бірегейі халқымыздың жоғары мәдениеті мен әдебиетін дамытып, әлемге қазақ деген халықты 
танытқан алып өнер иесі Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды.
Қазіргідей өзгермелі уақыт ыңғайында небір заманауи тақырыптарды жандандыра түскен 
туындыларды өмір өзі екшеп отырады. Солардың ішінде адами құндылықтар, ұлттық мүдде, 
жалпығаламдық мәселелер төңірегінде озық үлгіде ой пікір танытып, ілгерінді көзқарас, баста-
машыл рухымен ортаға оң әсер, тың серпін берген рухани дүниелерге деген сұраныстың тола-
стамасы сөзсіз. Ұлтының өткені мен бүгінін тегіс бағамдап, өз уақыты мен қоғамының тамыр 
соғысын жазбай таныған ұлы жазушы М.Әуезов шығармалары қашанда туған халқының рухани 
мол мұрасы. Осындай рухани мұраларымыздың қайнарын тұтас тамырымен тыңғылықты оқыту 
ісін қоғамдық гунамитарлық пәндер ғана іске асыра алатындығы анық. Сондықтан, қазіргі таңда 
еліміздің білім жүйесінде гуманитарлық пәндерді оқытуға ауқымды бет бұрыстар жасалуда. Бұл 
туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа-
ласында «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және фи-
лология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды 
жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гу-
ма¬нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. 
Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын 
білімді адамдар да ауадай қажет» [1,6 б.] - деп гуманитарлық білімнің маңыздылығын ерекше атап 
көрсетті. Ал, гуманитарлық пәндерді оқытуды әдіснамалық, әдістемелік тұрғыда оқыту үрдісін 
негізінен педагогика саласы іске асырады. Бүгінгі отандық ғылымның жеткен жетістіктері мен 
ауқымды ғылыми жобалардан алынған нәтижелер де педагогикалық негізде заманауи техноло-
гияларды қолдану арқылы оқытылуда. Бұл қазіргі жаңа қоғамның қойған өзекті мәселесінің бірі. 


263
Осыған орай жорғары оқу орындарында ұлы жазушы М.Әуезовтің шығармашылық мұраларын 
оқып-үйренудің жаңаша педагогикалық негіздемесін жасау қажеттігі туындап отыр.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласында осы уақытқа дейінгі зерттеулерде М.Әуезовтің 
шығармашылығын түрлі жолдар мен әдіс-тәсілдер арқылы жан-жақты оқыту ісін белгілі әдіскер 
ғалымдар Қ.Бітібаева, Т.Ақшолақов, Қ.Тасболатұлы, Т.Жұмажанованың еңбектерінде кезде-
стіруге болады. Аталмыш ғалымдар қарымды қаламгердің шығармашылығын өз заманына сай 
зерделеп, негізінен орта білім беру мекемелеріне қатысты деңгейде әдістемесін жасап әзірледі. 
Мәселен, белгілі ғалым Қ.Бітібаева М.Әуезов шығармашылығын орта мектепте тұтастай оқыту, 
рухани жан дүниесіне бойлату, жасөспірімдерге таныту мәселесін қарастырды. Осы тақырып-
ты барынша терең зерделеген ғалым «Ұстаздар қауымы М.Әуезов тағылымын оқу мен тәрбие 
беруде тиімді пайдалану, қажетке айналдырудың көзін тауып, қонымды жолын ізденуі керек» 
- деп қорытынды жасады. Әдіскер-ғалым Т.Ақшолақовтың еңбектерінде М.Әуезовтің шығар-
машылығын орта білім беретін мектептерде оқытудың әдістемелік жүйесі жан-жақты ұсынылып, 
негізінен «Абай жолы» роман-эпопеясын оқытудың жолдары мен талдаудың түрлеріне басым-
дық берілді. Ол туралы ғалым «Көркем шығармаға талдау жасау» атты монографиялық еңбегін-
де М.Әуезовтің «Қараш-қараш» повесі мен «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың және
тағы басқа кейіпкерлердің характерлерін талдау негізінде өрбітіп, роман-эпопеясын үздік шығар-
малар қатарында жан-жақты талдады. Ал профессор М.Қаратаевтың жетекшілік етуімен ғалым 
Қ.Тасболатов 1970 жылы "Қазақ орта мектептерінде М.Әуезов шығармашылығын оқыту» атты 
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап М.Әуезов шығармашылығын жүйелеп оқытуға үл-
кен күш жұмсады. Әдебиетті оқыту әдістемесін жете зерделеп жүрген зерттеуші Т.Жұмажанова 
М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын оқытудың жолдарын ұсынды. Дегенмен, М.Әуезовтің 
тұтастай шығармашылығын концептуалдық түрде жоғары оқу орындарында оқытудың жүйелі 
әдістемесіне қатысты әлі күнге дейін іргелі зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оған қатысты тиісті 
әдістемелер ұсынылмай келеді. Мұның өзі қазіргі жаңа қоғамдағы уақыттың сұранысы мен оқы-
ту технологиялары классик жазушының шығармаларына қатысты өз деңгейінде қолданылмай 
отырғандығын аңғартады. Қазіргі қазақ әдебиеттануында М.Әуезов шығармашылығын жоғары 
оқу орындарында оқытудың тиімді жолдары мен педагогикалық әдістемесін әзірлеу, оны қолда-
нысқа енгізу бүгінгі оқыту үрдісінің қойған талап деңгейінен туындайды. Осыған орай, тәуелсіз 
еліміздің жастарына ұлы жазушының шығармашылығын заманауи озық технологиялар арқылы 
оқып-үйренулеріне жағдай жасауымыз қажет. Бұл қажеттілікті негізге алғанда бүгінгі еліміздің 
жоғары оқу орындары әлемдік білім беру тенденцияларынан бөлінбей, шығармашылық тұрғыда 
ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, ұлттық мәдениетті жете меңгерген, интелектуалдық 
өрісі жоғары, өзін-өзі үнемі дамыта алатын белсенді, қабілетті жастарды дайындауды мақсат етіп 
отыр. Осы мақсатқа қол жеткізу барысында қазақ әдебиеті пәнінің рөлі ерекше. Себебі, қазақ 
әдебиеті – ізгілік пен адамгершілік, өнер мен мәдениеттің пәні болуы мен қатар адамзаттың көр-
кем шежіресі болып табылады. Олай дейтініміз – біз әдебиет арқылы әлем халықтарының өмір 
тарихы, тұрмыс-тіршілігін, болмыс-бітімін, табиғатын білеміз [2, 28 б.]. М.Әуезов шығармала-
рының уақыт өткен сайын өз маңызын жоймай, тамырын тереңдетіп келе жатқандығының басты 
ерекшелігі де онда көркем әдебиет пәнінің негізгі тұғырлары ізгілік пен адамгершілік, ұлттық 
болмыс, жоғары мәдениет секілді адамзаттық құндылықтардың кеңінен орын алуында жатыр. 
Барша руханияттың өзегіне айналған осынау адами құндылықтарға негізделген терең философи-
ялық дүниетаным классик жазушының тырнақ алды туындыларынан бастау алып, бүкіл шығар-
машылығының соңына дейін жалғасып отырған. Бұл ретте оның көркем әңгімелерінің алар орны 
ерекше. 
Бүгінгі күнге дейінгі М.Әуезовтің шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектердің денін-
де жазушының басты шығармасы «Абай жолы» роман-эпопеясы талданды. Бұл өз кезегінде 
орынды жүргізілген жұмыстар. Себебі, ұлы жазушы М.Әуезовтің әдеби, ғылыми зерттеу еңбек-
терінің биік нысанасы – өзінің 40 жылдан астам уақыт бойы тапжылмай айналысқан, ұлы ақын 
Абай жайлы зерттеулері екендігі сөзсіз [3, 267 б.]. Дегенмен, тек «Абай жолы» роман-эпопеясы, 
«Өскен өркен», «Қилы заман» сияқты мол пішілген, көлемді шығармаларға ғана емес М.Әуе-
зовтің қаламынан туған әңгімелердің де көркемдік құрылымына зер салғанымыз жөн. Олай 
дейтініміз, М.Әуезовтің жазушылық даму жолының жарқын бір бөлігін құрайтын туындылары 


264
оның көркем әңгімелері болып келеді. Заңғар жазушының шығармашылық даму эволюциясында 
суреткерлік, даналық, көркемдік ізденістері мен прозалық жанрдағы алғашқы тәжірибелері ХХ 
ғасырдың басында жазған көркем әңгімелерінен байқалды. Хронологиялық тұрғыдан қарағанда 
М.Әуезовтің 1927 жылы жазған көлемді прозалық туындысы (повесі) «Қараш қараш оқиғасы-
на» дейін «Қорғансыздың күні» (1921), «Оқыған азамат» (1923), «Үйлену» (1923), «Сөніп жану» 
(1923), «Кім кінәлі?» (1923), «Қыр суреттері» (1923), «Қыр әңгімелері" (1923), «Жетім" (1925), 
«Барымта» (1925), «Кінәмшіл бойжеткен» (1925), «Қаралы сұлу» (1925) секілді ондаған әңгіме-
лері жазылған. Ең алғашқы әңгімесі «Қорғансыздың күніне» дейін қазақ әдебиетінде роман, по-
вест те, драма да болған. Үлкен көркемдік табыстарға да жеткен. Дегенмен, қазақ прозасындағы 
әлемдік әдебиет жеткен көркемдіктің ең биік шыңы деңгейінде жазылған тұңғыш шығармасы 
ретінде «Қорғансыздың күні» әңгімесін айтуымыз керек. Әңгіменің романдық стильмен, кең-мол 
эпикалық стильмен жазылғаны анық. Сөйтсе де барлық қырынан алғанда классикалық әңгімеге 
жатады. Көлемі, алынған өмірлік материалдар ауқымы, кейіпкерлер саны, фабулалық, сюжеттік 
ағымы, композициялық құрылымы – бәрі де әңгімелік элементтер [4, 160 б.]. Осы элементтерді 
бүгінгі күннің биігінен концептуалдық тұрғыда қарастырсақ, оларда тек теориялық толғамдар 
ғана емес шынайы өмір құбылыстары суреттелгендігін аңғарамыз. Әңгімеде сол кезеңдегі қазақ 
қоғамындағы өмір шындығы мейілінше анық баяндалған. Суреттелген оқиғалардың әр бір бөлігі 
өзіндік ерекшелік танытады. Оқиғалардың шынайылығы мен қатар нақты өмірлік фактілер де 
оқырман назарын аудармай қоймайды. Әңгіменің фабуласы бойынша Ақан болыстың жандай-
шап Қалтай мен қысты күні қаладан келе жатып бір үйге қонуы, ол үй жесір әйелдің үйі болуы, 
үйінде 15 жасар Ғазиза қыздың болуы, түнде төсек саларда қыз далаға шыққанда Ақан болыстың 
зорлауы, осы зорлыққа ыза болған Ғазиза қыз үйіне келе алмай, әкесінің моласына кетуі, сол кез-
де боран соғып, қыздың үсіп өлуі барлығы да шынайы өмір фактілерінен алынған жанашырлық 
деректер болатын. Бұл ұлы жазушының көркем прозадағы ең алғашқы әрі реалистік, әрі модер-
нистік сипаттағы туындысы еді. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Майтанов «Қорғансыздың күні» 
модернистік ыңғайдағы шығарма дей келіп: «Оған алдымен ұлттық прозада мұндай көрініс бер-
меген хронотоп құбылысының терең де күрделі қатпарлары, мезгіл мен мекеннің уақытшылық, 
тұрақтылық, мифологиялық, тарихилық, айналмалық, түзу сипаттылық, секірмелік қасиеттері, 
пейзаж бен жекелеген әрекеттердің символикалық мәні, семиологиялық егіздеулер, автор образы 
поэтикасының икемділігі мен алуан өрістілігі, шындықты көру нүктелерінің кеңдігі мен әртарап-
тылығы куәгерлік етеді» [5, 48 б.] - дейді. 
З.Қабдоловтың «М.Әуезов – үлкен тақырып. Бұл тақырыпқа кім-кім де қалам тартып жүр» 
дегеніндей Әуезовке соқпай кеткен қазақ әдебиетін танушы тұлғалар кемде-кем. Әңгіме, повесть, 
роман, драмалық шығармаларымен қатар аудармашылық қызметі, публицист ретіндегі еңбегі – 
бәрі де жоғары деңгейде атқарылған жұмыстар. Бұл салалардың барлығы да жан-жақты зерттел-
ген. Дегенмен, жоғарыда атап көрсеткеніміздей қаламгердің прозасына тоқталғанда зерттеушілер 
үнемі алдыңғы орынға «Абай жолы» роман-эпопеясын қойып, басты назарларын соған аударған. 
М.Әуезовтің әңгімелерін зерттеу еңбектері саны жағынан да, талдау тереңдігі жағынан да ро-
ман-эпопеяға қатысты зерттеулермен теңесе алмайды. Ұлы жазушының шығармашылығын ар-
найы зерттеген әдебиеттанушылардың өздері де монографиялық еңбектерінде әңгімелерге 5-10 
бет шамасында ғана тоқталып, көлемді шығармаларын талдауға, «Абай жолын» байыптауға бет 
алып кетіп отырған. Бұл тұрғыда М.Х.Әдібаевтың «О поэтике повестей и рассказов М.Ауэзова 
двадцатых годов» атты диссертациялық жұмысын ерекше атап өтуіміз керек. Жұмыста М.Әуе-
зов әңгімелерінің зерттелуін, тақырыптық, идеялық ерекшелігін, суреткерлік стилін, кейіпкерлер 
жүйесін байыптап тексеріп шыққан. М.Әдібаев М.Әуезов әңгімелерін жанрлық тұрғыдан «но-
велла, эссе, әңгіме-символ, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық әңгімелер» деп 
жіктеген. Бұған дейінгі зерттеушілерде де жанрлық тұрғыдан жіктеудің мысалдары кездеседі. 
Ы.Дүйсенбаев жіктеуінде М.Әуезов әңгімелері үш топқа бөлінген: 1) Қазақ әйелдерінің жай-күй-
ін көрсеткен әңгімелер («Үйлену», «Сөніп-жану», «Кім кінәлі», «Қаралы сұлу» т.б.), 2) Қазақ 
еңбекшілерінің ауыр тұрмысын көрсеткен әңгімелер («Жетім», «Барымта», «Жуандық» т.б.), 3) 
Әңгіме-суреттемелер («Қыр суреттері» топтамасындағы әңгімелер). Е.В.Лизунованың жіктеуі 
бойынша әңгіме, новелла, шағын суреттеме. 


265
Ал, зерттеуші Р.Әбдіғұлов осы және басқа да зерттеушілердің еңбектеріне, М.Әуезов әңгіме-
лерінің көркемдік құрылымының өзіндік ерекшеліктеріне сүйене отырып төмендегідей топтарға 
бөледі:
1. Балаларға арналған әңгімелер.
2. Романдық-эпикалық сипаттағы әңгімелер.
3. Психологиялық пландағы әңгімелер.
4. Новеллалық сипаттағы әңгімелер.
5. Өмірбаяндық сипаттағы әңгімелер.
6. Әңгіме-суреттемелер [4, 162 б.].
Көріп отырғанымыздай, М.Әуезов әңгімелеріне қатысты зерттеуші-ғалымдардың арасында 
бірізділік пікір байқалмайды. Әр зерттеуші өзіндік жіктемелер жасап, түрліше сипаттаған. Де-
генмен, мұның өзі әдебиеттану ғылымы үшін қуанарлық жағдай. Себебі, ғылымда қалыптасқан 
қағида бойынша бір тақырып аясында түрлі зерттеушілердің тер төгуі шынайылыққа жеткізетін 
сара жол болып табылатындығы аян. Сондықтан, М.Әуезов әңгімелеріне қатысты теориялық 
талдаулардың қанат жайып келе жатқандығы бұл тақырыптың зерттеу аясын тереңдете түсетін-
дігі анық. Бұл құбылысты әдебиеттегі «дәстүр және жаңашылдық» деген ұғыммен де қатыстыра 
зерделесек орынды. Оған ұлы жазушы М.Әуезовтің өз еңбектеріне сүйене отырып түйін жасауға 
да болады. Мәселен, 1960 жылы Мәскеуде өткен шығыстанушылардың ХХV Халықаралық Кон-
гресінде М.Әуезов «Дәстүр және жаңашылдық» тақырыбында баяндама жасаған. Сол баяндама-
сында кемеңгер жазушы «Әдеби дәстүр болмысты көркем образдарға айналдырудың ғасырлар 
бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой 
таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтарға мирас болып келе жатқан қағидаларынан құра-
лады, халықтың эстетикалық талғамына төтеп беріп, ғасырдан ғасырға әкеп тапсыратын эстафе-
та іспеттес болады» [3, 263 б.] - деп анықтама берген. 
Уақыт озып, қоғам өмірінің өсіп дамуына сәйкес ұлттық түр, ұлттық дәстүр өзгеріп, диалекти-
калық даму процесінде болатынын айтып: «Жаңа ұлттық форма өмірдің өз әсерінен туады. Бірін-
шіден, өткенде жасалған туындылардың бәріне сын көзқарас, дұрыс баға беріледі. Халықтың 
ұғымына, психологиясына төтеп бере алатын туындылар іріктеледі. Озған прогрессивтік нәр-
селер өзінің бұлжымас орнын алады.... Екіншіден, жаңа дәстүрлер жаңа көркемдік элементтер 
жасап, ұлттық форма өзгеріп отырады. Үшіншіден, мәдени дамудың қазіргі жағдайында ұлттық 
форма жаңа сипаттармен байи түседі. Отанымыздың басқа халықтарының әдебиеттерінің қолы 
жеткен формаларын қабылдай отырып, жаңа қасиеттерге ие болады» [6, 145 б.] - деп әдебит-
тегі дәстүр мен жаңашылдықтың сипатын ашып көрсетеді. Шынында да ұлы суреткердің осы 
ойлары бүгінде өз маңызын жоймай, керісінше қазіргі педагогика ғылымының қойып отырған 
талап-тілегінің үдесін шығып отыр. Еліміз бұл күнде рухани жаңғырудың жолына түсіп бар-
лық орта және жоғары білім беру мекемелерінде жаңаша білім мазмұнына байланысты басқалай 
жүйе қалыптасуда. Орта мектептердің кезең-кезеңімен жаңартылған білім мазмұнына көшуіне 
байланысты жоғары оқу орындарында дайындалып жатқан болашақ мамандардың да оқу пәндері 
мен білім мазмұны оқу-әдістемелік жағынан түбегейлі жаңартылуда. Барлық пәндерді оқытудың 
жаңа технологиясы жүзеге асырылуда. Білім мазмұнын жаңа педагогикалық технология мен ин-
новациялық қызметтің әлемдік деңгейінде қамтуға ұмтылған, кәсіби шеберліктерін жетілдіруді 
өркениеттің талаптарына лайықтап бағдар түзеген қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздарының да ал-
дында үлкен міндеттер тұр. 
Осыған орай, жоғары оқу орындарында М.Әуезовтің шығармашылығын оқытудың жаңа пе-
дагогикалық жүйемен әзірленген негіздемесін жасау уақыттың қойған талабынан туындап отыр. 
Педагогикалық жүйемен берілген білім ғана болашақ мамандардың бәсекелестік қабілеттерін 
арттырып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашады. Қазіргі білім беру көрсеткіштері де 
педагогикалық жаңа технологиялармен өлшеніп көрінеді. Дәстүрлі немесе схоластикалық жүйе 
деп аталып жүрген өткен жүйеде студенттер көбіне тек білімді меңгеруге ұмтылатын. Өйткені, 
болашақта жұмыс жасауларына қажет болатын басты нәрсе деп ойлайтын. Мұндай жағдайда 
жастарымыз шығармашылық, дивергентті ойлау қабілеттерін жоғалтып конвергентті ойлауға ба-
сымдық беретін. Ал, қазіргі жаңартылған білім беру жүйесінде «білімді беру» ұғымы «білімді 
алу» түсінігімен алмастырылған. Яғни студенттердің өздігінен білім алуларына басымдық 


266


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет