№3-комиссаров indd



Pdf көрінісі
бет39/136
Дата02.04.2024
өлшемі3.33 Mb.
#497356
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136
Наука и жизнь Казахстана №3 (59) 2018

Ключевые слова: преступник, личность преступника, причины, фактор, медицинский сотрудник, со-
циальный фактор, биологический фактор.
Психологияда қылмыскерлердің мінез-құлқы ерекше мәнге ие. Соның ішінде біз қылмыскер-
лердің делинквентті мінез-құлқын қарастырамыз. Жалпы қылмыскерлердің делинквенттілігі – 
бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең 
ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады. 
П.П. Бельскийдің тұжырымдамасын ұстана отырып, Г.Г. Бочкарева қылмыскерлердің үш 
типін бөліп көрсеткен, олар: «өкінетіндер», «даушыл еместер», «циниктер». Автордың бұл жік-
теуі айыпты адамның жасаған қылмысын бағалауына негізделген және белгілі-бір шамада оның 
құндылық бағдарын бейнелейді.[1,54-63бб]
Бағыттылықты талдаудың негізінде Г.М. Миньковский қылмыскерлерді төрт топқа бөлген бо-
латын оларға: а) кездейсоқ (коллизионды), тұлғаның жалпы бағыттылығына қарама-қайшы бо-
лып табылатындар; ә) бағыттылықтың тұрақсыздығын ескергенде мүмкін, бірақ қылмыс жасау 
жағдайы тұрғысынан жасағандар; б) тұлғаның жалпы жағымсыз бағдарының нәтижесі болып 
табылатындар; в) тұлғаның қылмыстық бағдарының нәтижесі болып табылатындар.
Қылмыскердің қылмыстық жолға түсуі ең алдымен тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің да-
мымағандығымен немесе деформациясымен байланысты. Қылмыскерлердің дамудағы ауытқу-
лары ең алдымен өнегелі сананың деформациясында көрінеді. Қылмыскерлер мен заңды ұста-
нушылардың құқықтық, өнегелік және моральдық тыйым салулары туралы білімдері жуықтап 
алғанда бірдей болғанымен, қылмыскерлерде оларды түсіну тереңдігі көп төмен болып табы-
латындығын зерттеулер көрсеткен. Олар сонымен қатар өздерінің және қоршаған адамдардың 
өнегелік, моральдық қасиеттерін мәнді шамада тұрпатты бағалайды. Құқық бұзушылар әдетте 
қарастырылып отырған құбылыстардың мазмұнын ашпастан және жиі жағдайларда олардың түп 
негіздік мәндерін түсінбестен ненің «жаман», ненің «жақсы» екендіктерін атаумен ғана шекте-


88
леді. Тұлғаның жағымсыз қасиеттерін бағалауда да, оларға танымал адамдарды анықтауда да 
қылмыскерлер – әдетте белгілі-бір «үлкендікті» көрсете отырып, біршама реалисттік позиция-
ны ұстану тән. Бұл жерде тікелей әсерінен олардың тұрмыстық саналары қалыптасқан қоғамға 
қарсы мінез-құлықтың белгілі-бір тәжірибесі мен микроортаның жағымсыз әсері білінеді деп 
болжам жасауға болады. Қылмыскерлер өздерінің жеке мінез-құлықтарын – «барлығы осылай 
жасайды», «бұл үшін жазаламайды», «ойланбастан әрекет етіппін», «барлығы жаман» және т.б. 
деп біржақты және тұрпайы бағалап отырады.
Сана бағыттылығының бұрмалануы олардың ұсынылған талаптарды түсінуін қиындататын-
дығы сөзсіз. Өмірдің жағымсыз жақтары, оның ішінде криминалды жоспар қылмыскерлердің 
кейбіреулері үшін жалпы қабылданған моральдық және өнегелі талаптарға қарағанда, біршама 
таныс және жақын болып келеді. [2; 27 б].
Қылмыскерлердің интеллектуалды сұраныстары, әдетте, аса кедей болып келеді. Олар көбіне-
се бастысы көңіл көтеру сипатындағы қызығушылықтармен алмасады. Бұл жерде осындай қы-
зығушылықтар бірінші орынға шығады. Қылмыскерлердің қызығушылықтары интеллектуалды 
және өнегелі примитивизммен ерекшеленеді.
Қылмысты топпен жасау қылмыскер ниеттерінің жүзеге асуына сенімділік береді және өзді-
гінен олардың көпшіліктері үшін олар формальды байланыстар мен қатынастар сферасында ала 
алмаған қауымдастық сезімінің арқасында тартымды болып табылады. Сонымен бірге қылмы-
скердің қылмыстық топқа қатысуы оның қалыпты ұжымнан шеттетілуін күшейтеді. Бұндай по-
зиция қалыс қалудан және жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылу мүмкіндігінен 
қорқудан және шартты түрде күштеп істелінген сипатқа да ие болуы мүмкін. Қалыптасқан қыл-
мыстық топтағы шеңберлік сипаттың болуы қылмыскердің арнайы ортадағы жеткілікті күрделі 
жағдайын одан ары тереңдетеді және оның әлеуметтік нашар халін күшейте түседі. Бұл жерде 
қылмыстық топтан кетудің әдетте басқа қатысушылардың тарапынан мүмкін болатын жазалау-
дан қорыққандықтан қиын болады, бұл жиі жағдайларда орын алады. [3; 31 б.].
Қоғамға қарсы бағытты топпен байланыс және осындай топқа кіру ешқашанда кездейсоқ бол-
майды. Бұл топ сол топтың әрбір мүшесінің тұлғасының алдын-ала болатын нашар өнегелі қа-
лыптасуларымен дайындалынады.
Қазіргі кезде әсіресе қылмыскерлерді қылмыстық іс-әрекетке тарту психологиясы туралы 
сұраққа баса назар аударған жөн. Қылмыс жасамаған адамды қылмыстық іс-әрекетке тарту бір-
неше факторлармен жүзеге асады. Біріншіден, қылмыскерлер өздерінің өз бетінше өмір сүре 
алатындықтарын дәлелдей отырып, үлкендерге деген табиғи талпынысқа ие болады. Осы үлкен-
дерге тартылу олардың бойындағы құрдастарымен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктерін еш 
күрделендірмейді, керісінше оны толықтырып отырады. [4; 28 б].
Қылмыскердің, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы бай-
ланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін. Сөйтіп, қылмыс жа-
саған қылмыскерлердің қылмыс жасауларының негізгі себептері мыналар: олардың дамуының 
нашар жағдайлары, жанұя мен қоғамның бақылауынан тыс қалуы, жағымсыз микроортаның, со-
ның ішінде антиқоғамдық мінез-құлық тәжірибесі бар адамдардың белсенді әсері екендігі көрі-
неді.
Қылмыскерлерде қоғамдық пайдалы еңбекке деген талпынысы антиқоғамдық мазмұнды при-
митивті, утилитарлы қажеттіліктермен және қызығушылықтармен алмасып кетеді.
Қылмыскерлердің қылмысқа бару себептерін қарастыруда әлеуметтік пен биологиялықтың 
арақатынасы мәселесі ерекше қатаң мәнге ие . Әлеуметтік құбылыстар аясындағы себептіліктің 
үнемі тек объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті де сипатқа ие болатындығы мәлім. 
Бұл қылмыс жасауға да – материалдық өмір, қоғамдық және жеке индивидуалды сана салала-
рын қозғайтын себептік тәуелділіктің өзіндік заңдылықтары бар әлеуметтік құбылысқа да қаты-
сты. Объективті түрде бар болып табылатын идеологиялық, моральдық, өнегелік және құқықтық 
ұстанымдар мен талаптар жеке индивидтің санасында орын алады, меңгеріледі, бағаланады, қа-
былданады, күшейтіледі немесе жоққа шығарылады.
Қылмыскерлердің қылмыс жасауының себебін криминологтар әлеуметтік және биологиялық 
факторлармен байланыстыра отырып толық және арнайы деп бөліп қарастырады. Қылмыскер-
лердің қылмыс жасауының толық себебі - қылмыс жасаумен себептік және шарттандырушы 


89
байланыста болатын әлеуметтік құбылыстардың бүкіл жиынтығын білдіреді. Ал арнайы себеп 
(өзіндік себеп) бағынбаушылық дәстүрлерге, эгоизмнің, тәртіпсіздіктің және т.б. әдептері мен 
салттарына жататын әр түрлі жағымсыз құбылыстармен байланысты себептер. Бұндағы бір ғана 
объективті жағдай қылмыс жасауға тура алып келмейді.Тек барлық аталған себептердің жиын-
тығы тұлғаға әсер етудің нәтижесінде ғана қылмыстық әрекет немесе қылмыс жасау әрекеттері 
мүмкін болады [5; 25 б].
И.И. Карпецтің ойынша, зерттелініп отырған мәселелерді дұрыс шешу үшін қылмыс жаса-
удың себептерін жалпы және нақтыларға, бірінші және екінші ретті себептерге, олардың ара-
сындағы шек қозғалмалы болғандығына қарамастан қылмыс жасауға жағдай жасайтын шарт-
тарды бөлудің мәні бар дейді. Сонымен қатар ол қылмыс жасауға экономикалық және басқа да 
факторлардың әсерлерін анықтаудың аса терең зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсеткен. И.И. 
Карпец бірінші ретті басты себептер ретінде мыналарды атайды: әлеуметтік құбылыстардың та-
рихи шарттанғандығын; сананың болмыстан артта қалуының объективті заңының әрекет етуі 
(бұл адамдардың санасы мен мінез-құлқындағы әр түрлі бастан өткерулердің болуында өзінің 
нақты көрінісін табады) [6;43-44бб].
Қылмысқа барған адамдардың қылмысқа бару себебін В.Н. Кудрявцев үш негізгі деңгейлерде 
қарастырудың жақсы талпынысын жасады, олар:
1) құрамында қоғамға қарсы мінез-құлықтардың объективті мүмкіндіктері бар негізгі әлеу-
меттік процесстер әрекет ететін қоғам;
2) адамдардың өзара қатынастарының объективті заңдылықтары жүзеге асырылатын өн-
дірістік ұжымдар мен кіші (формальды емес) топтар;
3) субъектінің белгілі-бір мінез-құлқының психологиялық себептері әрекет ететін жеке инди-
видуалды деңгей [7, 54-56 бб].
А.Б. Сахаровтың пікірі бойынша, қылмыс - жеке индивидуалды-тұлғалық қажеттіліктерді 
заңмен қорғалынатын қоғамның қызығушылықтарына қарама-қарсы қоятын жеке топтардың не-
месе нақты адамдардың жеке индивидуалисттік психологиясының көрінуі болып табылады [8; 
83-84 бб].
Өткен өмір туралы санадағы жалпы формуланы қылмыс жасаудың себептері ретінде нақтыла-
уға тырыса отырып криминологтардың біреулері (И.И. Карпец, И.Р. Ратинов) жеке индивидуал-
ды құқықтық сананың бұрмалануы (құқықтық сананың үзілістілігі және құқықтық инфантилизм) 
жайлы айтады. Басқалары (Н.И. Стручков) қылмыс жасаудың себептеріне тек бастан өткерулерді 
ғана емес, сонымен бірге дұрыс емес көзқарастар мен түсініктерді де жатқызады; енді біреулері 
(Д.В. Филимонов), қылмыс жасаудың себептерін жеке адамуализмнен, мансапқорлықпен, қоғам-
дық мүліктерге деген ұқыпсыз қатынастардан және басқа да құбылыстардан қарастыра отырып, 
оларды адамның қоғамдық өмірдің әр түрлі қырларына деген қатынастары позициясынан ашуға 
тырысқан; төртінші біреулері (С.С. Остроумов) осындай себеп ретінде анти қоғамдық құндылық 
бағдарды жариялайды; бесіншілері (Г.Г. Зуйков) өткен шақтағы бастан өткерулерді тұлғаның 
анти қоғамдық бағдарымен теңестіреді [3; 37-40 бб]. Басқаша айтқанда, нақты қылмыстарды жа-
саудың себептерін ең алдымен жеке адамтің санасына жататын қандай да бір ортақ фактормен 
түсіндіруге талпыныстар жасалды, алайда бұл жерде күрделі әлеуметтік және биологиялық тір-
шілік иесі болып табылатын адамның оны тұлға ретінде қалыптастыратын көптеген әлеуметтік 
факторлардың әсерінде жүретіндігі ескерілмеген. Шеттетіліп алынған тұлғаның кез-келген қаси-
еттері мінез-құлықтың мазмұнын толығымен анықтай алмайтындығы айқын.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың әлеуметтік табиғатын талдау, адамның қылмыс жа-
сау жолына түсуінің себебі ең алдымен ортаға және тұлғаның өзіне тән жүріс-тұрыстың әлеумет-
тік детерминанттарында жатқандығы туралы ойға алып келеді.
Осы орайда Е.А. Копыстынский қылмысқа барған адамдардың үлкен тобын зерттеген. Бұл 
зерттеу авторға құқық бұзушылардың мынандай бес тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді, олар: 
1. Интеллектуалды қабілеттіліктері жақсы және тұлғасының этикалық ядросы сақталған 
құқық бұзушылар жанұядан кетудің нәтижесінде кездейсоқ реформаториумға кез болғандар. 
Қылмысқа барғандардың бұл тобы 10%-ды құраған.
2. Нашар микроортаның (ата-аналарының қазасы, жанұядағы ішімдікке салыну, жанұялық 
жанжалдар, ұрлық, аштық, ішімдікке салынулар және т.б.) әсерінен көшедегі өмірдің төменгі 


90
жағына түскен құқық бұзушылар. Бұл топ өздерінің куәліктегі жастарына қарағанда 2 – 3 жасқа 
шамалы интеллектуалды артта қалулармен сипатталынады, бұл орталық жүйке жүйесінің ор-
ганикалық өзгерістерімен емес, «ақыл-ойлық қабілеттіліктердің жаттығуларының жоқтығымен, 
жанұяның төмен мәдениетімен, аз дамыған моральдық сезімімен шарттандырылған». Бұл топ-
тағы құқық бұзушылар 53%-ды құраған.
3. Туа берілген және жүре қалыптасқан ерте жастағы генездің біршама айқын көрінетін интел-
лектуалды дефективтілігі бар, орталық жүйке жүйесінің айқын көрінетін органикалық өзгерістері 
бар құқық бұзушылар. Бұл жағдайда дебильділіктің, тұлғалық ерекшеліктердің ұзақ мерзімдік 
эпилепсиясының, зақымдық церебростенияның, энцефалопатияның және басқа да аномалиялар-
дың әр түрлі нұсқалары туралы айтылуда. 4. Материалдық негізінде мәнді шамадағы церебраль-
ды, эндокриндік, сөздік және соматикалық түзелмейтін бұзылыстары басым қатал ақыл-ойлық 
артта қалған құқық бұзушылардың тобы. Бұл топ 4%-ды құрады.
5. Генезисинде психопатиялық даму (аффективті-тұрақсыз, аса қозғыш, органикалық, истери-
ялық және псевдологтар) жатқан құқық бұзушылар. Олар 16%-ды құрады [9; 57-59 бб].
Қылмыскерді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік 
анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Қылмыскердің қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелін-
ген қылмысқа себеп болатын, жеке адамның типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып та-
былады. Қылмыс негізінен жеке адам қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін 
түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағы-
на қатысты шартталынған адамның ой құрылымы жүйесінің бұрмалануынан іске асады. Қыл-
мысқа барған қылмыскердің тұлғасын бағалай отырып, оның мінез-құлқының жалпы үлгісін, 
өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек. Не-
гізінен адамның мінез-құлқы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның 
мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның 
жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы. Жалпы адам-
ның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. Қылмыстың мотивациясы қылмыскердің 
жағымсыз, яғни пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты 
тұлғалық қасиеттерден құралады. Мұндай әрекеттің ниеттенуі жасырын болып, «ниетсіз»қыл-
мыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, 
әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажет-
тіліктердің тым шектен шығушылығымен ерекшеленеді [10; 44б].
Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотива-
циялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы 
керек. Қылмыскердің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, 
өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады.
Қылмыскердің жеке тұлғасы бұл- қоғамдық қарым қатынастарға қарсы бағытталған қылмыс 
жасаған адамның жеке басы. Қылмыскердің жеке басының түсінігі заң бойынша қандай адам 
қылмыстың субъектісі болып табылатындығын анықтауда қолданылады. Адамның жеке басы 
бұл- әртүрлі сапаны қамтитын, оның басқа да адамдардан айырмашылығын ашып көрсететін 
күрделі ұғым. Қылмыскердің жеке басы құрамына криминологиялық талдау жасау, оның қыл-
мыстылық жүріс-тұрысының механизмы мен ниетінің іске асырылуын түсінуге, оның қылмы-
стылыққа қатысты болашақ мінез құлқын анықтауға және де аталған қылмыстардын алдын алу 
шараларын жүзеге асырудың нақты немесе тиесілі Осы тұрғыдағы қылмыстарды жасайтын қыл-
мыскерлердің көпшілігі 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс кез келген адам болғандықтан қылмыс 
жасаған адамның тұлғасы, криминалистика және психология ғылымдарында зерттеудің объектісі 
болып табылады. Көптеген авторлар «қылмыскер тұлғасы» деген ұғымға көп көңіл бөлген, сон-
дай-ақ олардың әр бірі оны өз пікірімен талқылаған. Бірақта, адамның ағзалары мен тіндерін алу 
үшін, осы тұрғыдағы қылмыстарды жасаған адамның арнайы медициналық таным болуы шарт. 
Көп жағдайларда осы тұрғыдағы қылмыстарды медицина қызметкерлері жасайды. М.И. Галю-
кованың пікірінше медицина саласында қылмыс жасаған тұлға ретінде, қылмыстық мінез-құлық 
сипатынның сыртқы шарттары мен жағдайларына әсер ететін, әлеуметтік маңызды қасиетінің 
жағымсыз жиынтығын білдіретін, қоғамға қарсы бағытымен айқын белгіленген, қылмысты жа-
саған тұлғаны түсінеміз дейді [11]. Бірақ медицина саласында жұмыс істейтіндер жоғары бiлiмді 


91
дәрiгерлiк мамандыктарға ие болған, көпшілігі әйел жынысты тұлғалар. Медициналық қызмет-
пен айналысатын ер азаматтардың үлесі едәуір. Медициналық қылмыстардын басқа қылмыстар-
мен салыстырғанда өзiне тән ерекшелiктерi бар яғни, жоғары денгейдегі ұйымдасқандығы мен 
жасырын түрде жасалынатындығымен сипатталынады. Қылмыскер тұлғасының құрылымына 
байланысты басқалардан өзгеше ойды Б.В. Волженкин білдіреді: 1) қоғам мүшесі ретінде жалпы 
белгілері; 2) барлық қылмыскерлерге тән, бірақ қарапайым азаматтардан өзгеше белгілері; 3) сол 
қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері. Ал А.Б. Сахаров пен Ю.Д. Блувштейннің 
пікірлері бір келкі. А.Б. Сахаров үшке бөлсе (әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологи-
ялық; әлеуметтік-биологиялық), Ю.Д. Блувштейн тұлғаны құраушы қасиеттерді беске жіктейді: 
демографиялық; әлеуметтік; құқықтық; психологиялық; биологиялық (медициналық та осыған 
кіреді). К.И. Джаянбаевтың айтуынша, «қылмыскердің тұлғасын зерттеуде әлеуметтік және пси-
хологиялық сипаттамасының кең ауқымын, соның ішінде жас мөлшерін, жынысын, мәдени және 
білімдік деңгейін, қажеттілік тәлімі мен құндылықты бағыттарының нормалары және стерео-
типтерін, мінезінің ерекшеліктері мен түрінің, сондай-ақ қабілеттілігі және қабілетсіздігі күйін 
ж.т.б. қамтуы тиіс» [12].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет