3-модуль. Акт құралдары 1


Әңгіме хабарламасына жауап беру



Pdf көрінісі
бет10/33
Дата20.02.2024
өлшемі1.62 Mb.
#492597
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
АКТ құралдар

 
Әңгіме хабарламасына жауап беру 
Каналдардың әңгімелері күні бойынша, кейіннен тізбек бойынша 
реттеледі. Тармақтардағы жауаптар бірінші хабарламаның астында 
болады, бұл бірнеше әңгімені оңай қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
• Өзіңіз жауап қалдырғыңыз келетін әңгіме тізбегін тауып алыңыз. 
• «Жауап беру» түймешігін шертіңіз, өз хабарламаңызды қосыңыз да, 
«Жіберу» түймешігін басыңыз. 
Файлдар жіберу 
• Каналдағы әңгімеде «Салу» түймешігін және өзіңіз хабарлама 
енгізетін жолдың астында «Файл таңдау» түймешігін басыңыз. 
• Осы нұсқалардың бірін таңдаңыз: 
▪ 
Соңғылары 
▪ 
Командалар мен каналдарға шолу 
▪ 
OneDrive 
▪ 
Менің компьютерімнен жіберу 
• Файл> сілтемемен бөлісуді таңдаңыз. 
• Егер сіз файлды компьютерден жіберетін болсаңыз, файлды 
таңдап, «Ашу» түймешігін шертіп, содан соң «Жіберу» түймешігін 
басыңыз. 
• Сіз каналға жіберілген файлдарды кез келген уақытта «Файлдар» 
қосымша бетінен қарай аласыз. 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
13 
@Қолданушыларды белгілеу 
• Өз хабарламаңызды енгізетін жолға @ қойып, содан кейін адам 
есімінің алғашқы бірнеше әрпін жазыңыз. Сіз сондай-ақ @ тұтас 
командалар мен каналдарды белгілей аласыз. 
• Өзіңізге кім керек, соны таңдаңыз. @ белгілегіңіз келетін 
адамдардың барлығы үшін осы рәсімді қайталаңыз. 
• Сіз @ белгілеген әр адам өзінің белсенділік легіне ескерту хат 
алады. 
 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
14 
 
https://www.youtube.com/?gl=KZ 
YOUTUBE 
Youtubeқолданушыларға бейнені сақтау, жеткізу және көрсету 
қызметтерін ұсынатын бейнехостинг. Қолданушылар қандай да болсын 
бейнежазбаларды жүктеп, қарап, баға беріп, пікір қалдырып, таңдаулыға 
қоса алады және бөлісе алады. 
Кез келген ресурсты қолданушы жеке интернет-арнасын құрып, 
соның шеңберінде белгілі бір аудиторияға бағытталған бейнеконтентті 
салып отыра алады. 
Егер сіз бейнехостинг қолданушысы болып, оның құрылымын 
бағдарлау мүмкіндігін иеленгіңіз келсе, сайтқа тіркелгеніңіз жөн. Әрине, 
бейнелерді тіркелмеген қолданушылар да қарай алады, бірақ 
авторизациядан өткен жағдайда сізде бірнеше қосалқы мүмкіндіктер 
пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет