3-модуль. Акт құралдары 1



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата20.02.2024
өлшемі1.62 Mb.
#492597
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
АКТ құралдар

3-модуль. АКТ құралдары
26 
 
https://nearpod.com/ 
NEARPOD 
 
Nearpod – мұғалімдердің сабақтарға арнап таныстырылымдар 
жасауына және оларды оқушыларға тура сабақ уақытында көрсетуіне 
мүмкіндік беретін платформа. Ұялы телефондар үшін тиімді жасалған.
Электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы 
таныстырылым кодын жіберу қажет, сөйтіп, балалар өздерінің ұялы 
телефондарынан ортақ іске қосылады. Сабаққа өз бетінше қарқын 
бере отырып, слайдтарды парақтауға болады, балаларды 
шығармашылық тапсырмаларды орындауға тартып, нақты уақытта 
нәтижені қадағалап отыруға болады. 
Nearpod басқа қосымшаларға тәуелсіз. Сессияларға кез келген 
құрылғыдан және кез келген платформадан (iOS, Android, Windows 
Phone) қатысуға болады. Таныстырылымдармен жұмыс істеу үшін 
планшеттер мен ноутбуктер де жарайды, бірақ әзірлеушілер 
интерфейстің ұялы телефоннан қосылуға ыңғайлы болуына айрықша 
назар аударған. 
Nearpod-пен жұмыс істеуді бастау үшін сайтта тіркелу қажет (ол 
үшін әлеуметтік желілердегі өзіңіздің профиліңізді немесе 
электрондық поштаны пайдалануға болады). Құрылған сессияға 
шақырту бойынша қосылатындар үшін тіркелу талап етілмейді.
Платформада кириллица жоқ екенін есте ұстаған жөн. 
Таныстырылым құрастырған кезде сіз өз мәтініңізді дұрыс көре 
аласыз, алайда басқалар үшін ол көрінбейді. 
Nearpod-тың тегін нұсқасы суреттері, мәтіндері мен 
аудиожолақтары бар слайдтар жасауға, сонымен қатар онлайн 
сессияға қатысуға 30 оқушыға дейін шақыруға мүмкіндік береді. 
Nearpod Gold ақылы нұсқасы анағұрлым көп мүмкіндіктер 
ұсынады: слайдшоу жасау, бейнефайлдар енгізу, викториналар жасау, 
ашық сұрақтар, сурет салуға арналған құралдар, графиктер мен 
диаграммалар қосу. 
Құрастырылған таныстырылымдарды 
PDF 
форматында 
сақтауға және офлайн жұмыс үшін таратуға болады. Тағы бір пайдалы 
функциясы — үй тапсырмасы. Мұндай режимде оқушылар жалпы 
сессияға қосылмай-ақ таныстырылыммен өз бетінше жұмыс істей 
алады. 


#шебердіңқолыалтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет