3-модуль. Акт құралдары 1



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата20.02.2024
өлшемі1.62 Mb.
#492597
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
АКТ құралдар

3-модуль. АКТ құралдары
21 
www.slideshare.net
  
 
SLIDESHARE 
 
SlideShare — бұл таныстырылымдарды орналастыру және 
сақтауға арналған танымал сервис, оның беттерінде слайд түрінде 
өзіңізге қажетті ақпаратты орналастыра аласыз және тауып ала 
аласыз. 
Сервисті жобалардың таныстырылымдарын, портфолио және 
т.б. сақтау үшін пайдаланған өте ыңғайлы. Жалпы қолжетімділік
рейтингтер, пікірлер жүйесі сервис беттерінде талқылауға және өзара 
әрекеттесуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар сайттан сіз 
педагогикалық практикаңызға пайдасы тиюі мүмкін көптеген дайын 
таныстырылымдарды да таба аласыз. 
https://www.canva.com/ 
CANVA 
Canva – бұл сапалы мұқабалар, таныстырылымдар, әлеуметтік 
желілерге арналған посттар, баннерлер және басқа да материалдар 
жасауға көмектесетін онлайн-сервис. Аталмыш редактормен жұмыс 
істеу арнайы білімді талап етпейді. Бар болғаны, аккаунт ашу керек. 
Қалған іс-әрекет интуитивті түрде түсінікті болады. Сондықтан сервис 
үлкен аудиторияға пайдалы болатыны анық. 
Таныстырылымдарға арналған Canva бағдарламасы кез келген 
тақырыпта таныстырылымдар жасау үшін жүздеген керемет 
дизайнерлік макеттерге тегін қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жай 
ғана мінсіз суреттерді, шрифтілер мен түстерді таңдап алыңыз да, өз 
идеяңызды аудиторияға үлкен талғаммен жеткізе біліңіз! 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
22 
https://www.google.com/slides/about/ 
GOOGLE ТАНЫСТЫРЫЛЫМДАРЫ
 
Google таныстырылымдарыGoogle компаниясынан 
таныстырылымдарды жасауға, редакциялауға және жариялауға 
арналған онлайн-сервис. 
Google таныстырылымдары – аудиторияға жаңа идеяларды 
ұсынудың тамаша тәсілі. Көптеген тақырыптар, шрифтілер, 
кіріктірілген бейнелер, анимация тәсілдері мен басқа да құралдар 
Сіздің иелігіңізде болады. Әрі мұның бәрі тегін! 
Таныстырылымдарды кез келген құрылғыда – телефонда, 
планшетте немесе компьютерде жасауға, редакциялауға және қарауға 
болады. Осының барлығын Интернетке қосылмай-ақ жасауға болады. 
Бірнеше қолданушының бір таныстырылым бойынша бірлесіп 
жұмыс істеу мүмкіндігі, сонымен қатар кіріктірілетін бейне
баяндамашының ескертпелері, анимация және т.б. сияқты 
құралдардың мол жиыны ыңғайлы функция болып табылады. 
Өзгерістердің барлығы жұмыс уақытында автоматты түрде 
сақталып отырады. Бұдан өзге, өзгерістер тарихының арқасында, 
өзгертілген күні мен авторы бойынша іріктелген таныстырылымның 
бұрынғы нұсқаларының тізімін көруге болады. 


#шебердіңқолыалтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет