3-модуль. Акт құралдары 1



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата20.02.2024
өлшемі1.62 Mb.
#492597
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
АКТ құралдар

3-модуль. АКТ құралдары
33 
Сонымен қатар сіз өз оқушыларыңыз үшін аккаунт құрып, дәл 
осы сайтта олардың білімін тексеру үшін өз ресурстарыңызды 
қолдана аласыз. 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
34 
https://edpuzzle.com/ 
 
EDPUZZLE 
 
Eddpuzzle аудио және мәтіндік ескертулер, сұрақтар және 
тапсырмалары бар бейнефрагменттерді жасауға арналған тегін 
сервис. Edpuzzle Google-класспен ықпалдасқан. Бір бейне негізінде 
ашық сұрақтар түрінде немесе бірнеше жауаптың біреуін талап ететін 
интерактивті 
викторина 
жасауға, 
бейнесюжетке 
дауыстық 
түсініктемелер мен түсіндірмелер беруге немесе оны толығымен 
дыбыстауға болады. Сынып құруға және оқушылардың қайсысы 
бейнежазбаны көргенін және ұсынылған тапсырмаларды қалай 
орындағанын бақылауға мүмкіндік бар. IPhone және iPad үшін 
сервистің мобидьдік версиялары бар. 
Қызметке тіркелу электрондық пошта мекен-жайын, сонымен 
қатар Google+ аккаунтын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тіркелу 
үшін аккаунттың екі түрі бар: мұғалім (Teacher) және оқушы (Student). 
Мұғалім ретінде сайтта бейнесабақтар жасауға, сыныптарды 
ұйымдастыруға және оларға оқушыларды шақыруға болады. Оқушы 
ретінде құрылған сыныптарға қосылуға және бейнежазбаға арналған 
тапсырмаларды орындауға болады. 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
35 
https://www.vialogues.com/
 
VIALOGUES 
 
Vialogues — YouTube, Vimeo немесе компьютерден (1 Гб шектеу) 
жүктелген бейнероликтерді ұжым болып талқылауға мүмкіндік 
беретін сервис. 
Бейнероликтің белгілі бір кадрларына оқытушы талқылауды 
ұйымдастыру үшін пікірталасқа сауалнама қоса алады. Сервисте 
тіркелген оқушылар (студенттер) бейнероликке (жауаптарға) 
пікірлер жазып, бекіте алады. Оқытушы сынып, топ құра алады. 
Сервисте тіркелу электрондық пошта мекен-жайы бойынша жүзеге 
асырылады. 
Бейнероликпен жұмыс істеу үшін қатысушылар алдын-ала 
сервисте тіркелуі тиіс. Олар сілтеме бойынша бейнесабақты ашады, 
роликті қарайды және мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді не 
болмаса өздерінің комментарийлерін қалдырады. 
https://corp.hapyak.com/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет