3-модуль. АКТ құралдары
37
https://kahoot.com/
KAHOOT
Kahoot — кез-келген оқу пәні мен кез-келген жасқа сай келетін
ойын түрінде оқытуға арналған тегін платформа. Оның көмегімен
тест, сауалнама, оқу ойынын жасауға немесе білім марафонын
ұйымдастыруға болады. Қосымша жұмыс үстелі нұсқасында да,
смартфондарда да жұмыс істейді. Kahoot қосымшасының көмегімен
онлайн сауалнамалар, пікір-таластар және викториналар жасауға
және жүргізуге болады.
Kahoot-та жасалған тапсырмалар оларға суреттерді және тіпті,
бейнефрагменттерді қосуға мүмкіндік береді. Викториналарды,
тестілерді орындау қарқыны әр сұрақ үшін уақыт шегін енгізу
жолымен реттеледі. Ықыласы болған жағдайда мұғалім қойылған
сұрақтардың жауаптары үшін балл енгізе алады: дұрыс жауаптары
және жылдамдығы үшін. Табло мұғалім компьютерінің мониторында
көрсетіледі.
Тестілеуге қатысу үшін оқушылар сервисті ашып, мұғалімнің өз
компьютерінен ұсынатын PIN-кодты енгізуі керек. Оқушы үшін өз
құрылығысынан дұрыс жауапты таңдау ыңғайлы. Жауап нұсқалары
геометриялық фигуралармен беріледі.
Kahoot көмегімен онлайн іс-шараны өткізу сауалнама, пікірталас
немесе викторинаны жүргізуші тарапынан іске қосылған кезде ғана
синхронды режимде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, егер сұрақта
сурет немесе бейнефрагмент кездесетін болса, оларды тек
оқытушының экранынан ғана көруге болады.
Қазіргі уақытта бағдарлама толығымен тегін.
Бағдарламамен жұмыс істеу үшін сайтқа тіркелу қажет.
Аудиторияда сауалнама, пікірталас немесе викторина өткізу үшін
техникалық
құрылғылар
қажет:
оқытушыға
бейне/суретті
трансляциялайтын жеке компьютер; оқушыларға Интернет желісіне
шығатын смартфондар немесе планшеттер.
Kahoot ерекшеліктерінің бірі — уақытты үнемдеуге мүмкіндік
беретін тестілерді қайталау және өңдеу мүмкіндігі.
#шебердіңқолыалтын
Достарыңызбен бөлісу: |