3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
− білім мен білікті қолдану арасындаүйрену мен оқытуға қатысты талап етілген және 
жеткен деңгей арасында;
− күрделі танымдық міндеттер мен оны шешудің бұрынғы жеткіліксіз тәсілдері 
арасында.
Оқыту үрдісін танымның өзіндік үрдісі ретінде үнемі қозғалыста және дамуда болатын 
үрдістің қарама-қайшылығында қарастыруға болады. Осыған байланысты мұғалім онда бір 
және мәңгілік бірсызықтылықтың, ақиқат жолында тұрақты механикалық қозғалыстың 
жоқтығын, онда үлкен және кіші өзгерістер, төмендеулер, ойдың кездейсоқтығы бар 
екендігін табуы қажет. Таным қарама-қайшылықтан туындайды. Онда индуктивті және
дедуктивті, мазмұндық және формальды қатаң логикалық талқылау бар. Негізгі қарама-
қайшылықтар оқыту үрдісінің қозғаушы күші болып табылады, ол таным үрдісі сияқты 
сарқылмайды.
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерін М.А.Данилов тұлға дамуының қарама-
қайшылықтарымен байланыстырады. Ұсынылатын танымдық, еңбектік, практикалық, 
қоғамдық сипаттағы талаптар мен оларды іске асыру бойынша білімалушылардың нақты 
ммүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық педагогикалық үрдістің ішкі қозғаушы 
күштері болып табылады. Демек, әрбір индивидті оқытудың қозғаушы күші бір жағынан, 
оған қойылатын талаптар мен екінші жағынан, оның құралдары мен мотивтері арасындағы 
қарама-қайшылықтар болып саналады. Сәйкес келтін мотивациясыз оқыту болмауы мүмкін. 
Сондықтан оқушының мотивациясы индивид пен ұжымды оқытудың қозғаушы күшін 
құрайтын қарама-қайшылықтың маңызды компоненті ретінде қатысады. Қарама-қайшылық 
оқытудың қозғаушы күші бола алады, егер ол мазмұндық, яғни оқушы үшін маңызды болса, 
ал қарама-қайшылықты шешу олардың саналы түсінетін қажеттілік. Оқытудың қозғаушы 
күші ретінде қарама-қайшылықты қалыптастырудың шарты оның оқушының танымдық 
әлеуетімен мөлшерлілігі. Оқу үрдісінің барысына дайындық, оның логикалығы, 
оқушылардың тек қана «ұстап алуы», «күшейтуі» ғана емес, дербес шешу тәсілін табуы да 
маңызды.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды үйрену үшін оқушының білімді 
меңгеруінің негізгі кезеңдерін білуі керек. Ол кезеңдерге жатады: қабылдау, оқу материалын 
жете ұғыну, бекіту, практикалық іс-әрекетте білімді пайдалану.
1 кезең – қабылдау. Психологиядан қабылдаудың – мақсатты бағыттағы танымдық 
үрдіс екні белгілі. Ол таңдау сипатына ие. Сондықтан алдымен оқушыға тақырыпты, 
олардың нені оқытынын айту керек. Міндетті қою және оны түсіндіру. Егер оқушы оқу 
міндетін түсінбесе, материалмен таныстыруға көшпеу қажет. 
Сосын мұғалімнің жетекшілігімен оқушы дайындық жұмыстарын орындайды. Оқу 
материалымен алдын ала таныстыру өтеді. Ол нақты немесе бейнеленген заттар, 
құбылыстар, жағдаяттарды бақылаудан, қол жетімді тәжірибені өткізуден тұрады.
Бірінші кезең оқушының қандай құбылыстарды, жағдаятты, заттарды оқитыны 
туралы жеткілікті түсінігі, оқу міндеттерін ұғынуымен сипатталады.
2 кезең – оқу материалын саналы жете түсіну. Ол білімдегі теориялық аспектіні 
бөлу және талдаумен қорытындыланады. Негізгі ойды табу, ұғымдарды бөліп көрсету, оның 
белгілерін негіздеу, түсіндірілетін материалдың сипатын айқындау, мысалдар мен 
келтірілетін фактілердің жиынтығын зерттеу қажет. 
Мұнда негізгі, қосымша, толықтырылатын, түсіндірілетін элементтерін көруге 
мүмкіндік болатындай оқушының білімінде жүйе қажет. Ол репродуктивті, яғни мұғалімнің 
түсіндіру логикасын қайталап, қайтадан өңдеуі арқылы, не шығармашылық, яғни талқылауда 
өзінің мысалын, фактісін, шешу тәсілін енгізе отырып, зерттелінетін жағдайды негіздеуі, 
дәлелдеуі қажет.
Бұл кезеңді егер, оқушы оқу міндеттерін шешу тәсілдерін және білімдегі жүйені жете 
үғынса, өтілген деп есептеуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет