3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет38/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
3 кезең – есте сақтау немесе бекіту. Алынған білімді ұзақ уақытқа сақтау 
міндетінен тұрады. Мұнда танымдық іс-әрекет өзіне тән жаттығулар, дербес репродуктивті 
және шығармашылық жұмыстардан тұрады. Теориялық материал, ұғым, ереже, дәлелдеулер 
әр алуан жаттығулар түрінде қайталанады. Ұғымдар белгілері тұрақты бекітіледі, ереже, 
теорема, заңдар жақсы есте сақталады. 
Мұғалім оқушылардың жаттығуларды саналы түрді жете ұғынып, орындауын 
қадағалауы тиіс. Мұғалім есте сақтаудың әр алуан тәсілдерін біледі және оларды оқушыларға 
ұсынады.
Үшінші кезеңнің соңында оқушылар теориялық материалды білуі және оны 
жаттығуларды орындау, мәндеттерді шешу, теоремаларды дәлелдеу және т.б. үшін қолдана 
алуы тиіс. Оларда оқу біліктіліктері мен дағдылары қалыптасқан.
4 кезең білім, білік және дағдыны практикалық іс-әрекетте қолданумен сипатталады.
Мұнда сыныптан және мектептен тыс жұмыстар үлкен мүмкіндіктерге ие.Балалардың 
жас техниктер, жас натуралистер үйірмелеріне, спорттық, көркем шығармашылық 
секцияларға және басқа ісм-шараларға қатынасуы оқу біліктілігі мен дағдыларын 
практикалық іс-әрекет түрлерімен байланыстыруға көмектеседі. Баланың назарын 
тұрмыстық еңбектің қол жетімді түрлеріне қатысуға аудару қажет, ол оқу білімін, білігін, 
дағдысын бекітеді. Оқытудың оқушылардың практикалық іс-әрекетімен байланысы 
адамгершілік қасиеттерін, оқудың жағымды мотивациясын қалыптастыруға, қызығушылығы 
мен қабілеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Оқыту қағидалары оқыту үрдісінің заңдылықтарынан туындайды, олар көпжылдық 
тәжірибені қорытып талдауды көрсетеді және қазіргі мектеп жағдайында оқыту үрдісінің 
өзіндік ерекшеліктерін ескереді. Қағида – бұл педагогтың өзінің практикалық іс-әрекеті мен 
мінез-құлқында басшылыққа алатын бастапқы, алғашқы ережесі. Демек, қағида 
заңдылықтардан тұлғаға тәуелділігімен ажыратылады: оны қабылдайды немесе 
қабылдамайды. Заңдылықтар тұлғаның еркіне тәуелсіз көрінеді: ол іс-әрекетті 
ұйымдастыруда ескеріледі.
Оқыту қағидалары – бұл оқытудың мазмұнына, ұйымдастыруға және әдісіне 
қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі ережелер. Оқыту үрдісін құрылымдауда 
оқыту қағидасына нақты сүйенетіндіктен, олардың әрқайсысын нақтырақ сипаттаймыз.
1) Оқытудағы саналылық, белсенділік және дербестік қағидалары біліалушылардың 
сабақтың мақсаты мен міндеттеріне, оның практикалық маңызына жауапкершілігін жете 
ұғынуы; білімалушылардың танымдық белсенділігін артыратын тиімді әдістер, тәсілдер, 
техникалық оқыту құралдары (ТСО) және басқа да көрнекілік құралдары, қазіргі әдістеме 
және әсіресе оқыту тәсілдері арқылы ынталандырады; оқу материалын зерттеу және оны 
практикада пайдалану үрдісіндегі ынтаның, шығармашылықтың көрінуіне мүмкіндік береді.
2) Көрнекілік қағидасы көрнекілікті сабақтың мақсаты мен мазмұнына жауап беруіне, 
айқын бейнесін көрсетуіне, түсінікті және қол жетімді болуына, педагогикалық 
психологияның талаптарына сәйкес келуіне, шығармашылықпен және әдістемелік тұрғыдан 
дұрыс қолдануға бағдарлайды.
3) Жүйелілік, бірізділік және кешенділік қағидасы: оқу пәнінен білім жүйесін беруді; 
жаңа білімді алдыңғы меңгерілген біліммен байланыстыруды; оқыту үрдісін ұйымдастыру 
мен нәтижесін жүйелі әрі әрекетті бақылауды қамтамасыз етуді; оқу сабақтарын айқын 
жопарлауды жүзеге асыруды; оқу материалының логикалық байланысын және орнласуын 
қатаң сақтауды талап етеді.
4) Оқытудың жоғары деңгейдегі қиындықтар қағидасы: білімалаушылардың ақыл-
ой және физикалық (дене) мүмкіндіктерін үнемі ескеруге; меңгерілетін материалдың, оны 
мазмұндау қарқынының (темпінің) олардың шамасына шақ болуына; білімалушылар 
дайындығының бастапқы деңгейіне сүйене отырып, оқу материалын біртіндеп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет