Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
12-дәріс. Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Жоспары:
1. Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ – педагогикалық үдерістің уақыт бойынша
шектелген, логикалық аяқталған бөлігі.
2. Сабақ – тұтас жүйе, оның компоненттері мен міндеттері (білімділік, дамытушылық,
тәрбиелік).
3. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар.
4. Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақтың логикалық-психологиялық,
дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы.
5. Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа
білімді алу әдісі. Сабақты талдаудың типологиясы мен түрлері (толық, дидактикалық,
психологиялық,
тәрбиелік,
жүйелі,
қысқа,
құрылымдық,
аспектілі,
кешенді,
ұйымдастырушылық, біріктірілген және т.б.).
Дәрістің негізгі мазмұны
Сабақ- оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақ – бұл жастары шамалас,
құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және
бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің
барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару
қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Педагогикалық
процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды,
топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында; мұғалімге
материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің
дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді,
оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй
тапсырмаларын атқаруын ынталандырады; оқушылар сабақта тек білім, білік және дағды
жүйесін ғана емес, сонымен қатар танымдық қызмет әдістерінің өзін де иемденеді; сабақ
педагогикалық қызметтің мазмұны мен әдістері арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге
мүмкіндік береді.
Қазіргі сабақ – бәрінен бұрын ол мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау
қабілетінің жылдам өсуіне, білімді ойлы және терең иегруіне, онда адамгершілік негіздерді
қалыптастыруға бар мүмкіндіктерін пайдаланатын сабақ.
Мектептегі сабаққа қойылатын негізгі талап сабақта оқытудың жалпы білім беру,
тәрбиелеу және дамытушы қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. Бұл қызметтер әрбір
сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы –
сабақтың білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін ұтымды сабақтастыра отырып, осы
қызметтерге басшылық жасау.
Сабақтағы білімді игеру деңгейлері: қабылдау, пайымдау және есте сақтау деңгейінде;
білімді үлгі бойынша қолдану деңгейінде; білімді және жаңа жағдаяттарды қолдану
деңгейінде.
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:
1.Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы
керек. Әр сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
2.Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен
өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
3.Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын
дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
4.Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру
мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
|