Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін,
көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығұшылығын,
шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңілкүйін, тілі, жадысы, ынтсы, қиялы мен
қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі:
1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:
сынып деңгейі;
оқушылардың пәнге қызығұшылығы;
сыныптың жұмыс қарқыны;
білім, білік, дағдының қалыптасуы;
әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынасы;
оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы;
оқушылардың жалпы тәртібі;
1.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу:
жүйке жүйесінің типі;
тіл табысушылығы;
көңіл күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;
оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы;
көңіл күйді төмендеуін жеңе білуі;
өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;
импровизация жасай білуі;
техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын, түрлі оқу
құралдарын пайдалана білуі.
3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау:
Жалпы ережелер:
1.Сабақтың тақырыптағы, тақырыптың жылдық курстағы орынын анықтау, сабақтың
жалпы міндеттерін бөлу;
2.Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі, ғылыми, ғылыми-көпшілік,әдістемелік
кітаптарды таңдап алу,олардың мазмұнымен танысу;
3.Оқу бағдарламасын қарап шығу,түсіндірме хатты қайта оқу,берілген тақырып
бойынша стандарт талаптарын оқып шығу,сабаққа байланысты мұғалімнен не талап
етілетінін анықтау;
4.Оқулық материалын еске түсіру,тірек білім,білік,дағдыны бөліп алу;
5.Сабақ міндеттерін нақтылау, басты міндетті бөліп алу, оны оқушыларға түсінікті,
олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;
6.Сабақта оқушы нені түсінуі керек, нені есте сақтау керек, нені біліп, сабақтан нені
үйренуі керектігін анықтау;
7.Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандаймөлшерде баяндау
керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын
анықтау;
8.Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу, жаңа білім, білік, дағдыны
қалыптастыратын, жаңа материалды игертетін тиімді тәсілдерді таңдап алу;
9.Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;
10.Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барасын сабақ
жоспарына жазу.
Жекелеген ережелер:
1.Жинақы болу, оқушылар алдына міндеттерді нақты, түсінікті қою,материалды
баяндау логикасын сақтау.
|