3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе


-модуль.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
daris

 
5-модуль.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары 
 
14-дәріс. Оқытудағы диагностика және бақылау 
Жоспары: 
1. Оқыту сапасын диагностикалау.
2. Ұғымдар: оқушының оқу жетістігін бақылау, бағалау, белгілеу. Үлгерім – 
оқушылардың оқу жетістігінің сипаттамасы.
3. Оқушылардың іс-әрекет нәтижесін бақылаудың мақсаты мен қағидалары. Бақылау 
қызметінің өзара байланысы мен өзара негізділігі.
4. Бақылаудың теориялық негіздері және оқу жұмысының нәтижелілігін есепке алу. 
Бақылаудың түрлері. 
Дәрістің негізгі мазмұны 
 
Диагностика білім алушының эмоционалдық-танымдық, тұлғалық қасиеттерінің 
қалыптасуын, әлеуметтік рөлдерінің, кәсіби қызығушылығының даму деңгейлерін анықтауға 
бағытталған әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді көздейді. Педагогикалық диагностика – 
бұл педагогикалық процесте көрініс беретін баланың тұлғасын оқып-тану, оқып-үйрену 
процесі. Педагогикалық диагностика құбылыстың жүйесі ретінде оның бағыттарының 
қатарын анықтауға да көмектеседі: тәрбиеленушінің даму диагностикасы; педагогтың
тұлғалық сапасын көрсететін педагогикалық іс-әрекет диагностикасы; педагогикалық өзара 
әрекеттесу диагностикасы; т.б. Диагностикалауды өз деңгейінде жүргізу үшін бақылау, 
әңгімелесу, сауалнама, шығарма, тестілеу, ақыл - кеңес, өзін-өзі тану, рейтинг, саралау, 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
психологиялық-педагогикалық карта, тәрбиелік деңгейін зерттеу картасы, педагогикалық 
консилиум, социометрия, іскерлік ойын, мониторинг және т.б. әдістерді пайдаландық. 
Сонымен қатар диагностикалық әрекеттің келесі аспектілерін де бөліп көрсеттік: салыстыру, 
талдау, бағалау, интерпретация (түрлендіру), тестілеу, қорытындылау. 
Жалпы алғанда ппедагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру міндеттерін 
шешуге бағытталған бақылау мен бағалау тәсілдерінің, әрі педагогикалық үрдіс 
жағдайының себептерін анықтау, «педагог-оқушы» жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың 
арасындағы қарама-қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен 
әрекеттің жиынтығы. Осыдан педагогикалық диагностика - оқу үрдісін оңтайландыру 
міндеттерін шешуге бағытталған бақылау мен бағалау тәсілдерінің жиынтығы, сонымен 
қатар оқу бағдарламаларын, педагогикалық әсер әдістерін жетілдіру болып табылады
Педагогикалық диагностика, біріншіден, жекелей білім беру үдерісін оңтайландыруда; 
екіншіден, білім берудің нәтижесін қоғамның қызығушылығымен дұрыс анықтауды 
қамтамасыз етуде; үшіншіден, басшылықпен шығарылған өлшемдерге сәйкес, оқушыны бір 
оқу тобынан келесі оқу тобына көшіруде ешқандай қателік жібермеуде, т.б. танылады. 
Педагогикалық диагностиканың көмегімен оқыту үрдісі талданып, оның нәтижесі 
анықталады. Сонымен қатар диагностикалық іс-әрекет үдерісінің жүру барысында қажетті 
ғылыми ережелер сақталады, мұғалім оқушыны бақылайды және сауалнама жүргізеді, 
бақылау нәтижесінде сауалнамадан алынған сұрақтардың нәтижесін талдайды және жалпы 
алынған нәтиже бойынша мінез-құлқына мінездеме береді, оның мотивтерін түсіндіреді, 
болашақтағы мінез-құлқын айтып бере алады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай 
келе, педагогикалық диагностиканың мән-мағынасына сүйене отырып, құқықтық тәрбие мен 
білім беруді қалай жүзеге асырамыз?; болжамды қалай жетілдіреміз?, құқықтық тәрбие 
берудің әдістемесін қалай жасау қажеттілігі және т.б. өзекті мәселелерге жауап беруге 
әрекеттер жасап, дұрыс диагноз қоюға талпыныс жасалды. 
Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық диагностиканың оқу-тәрбие 
үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық 
сипатын зерделеуге, пайымдау жасауға, болжамдар арқылы оқу-тәрбие жұмыстарының 
нәтижесін арттыруға бағытталған бағалаулардың жиынтығы екені басшылыққа алынып, 
құқықтық тәрбие жұмыстарынан қажетті мәліметтерді толық жинақтап, оларды талдап, 
тиісті қорытындылар жасалынып, оңтайлы шешім шығару жоспарланды.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есепке алу мен бағалау тұтаспедагогикалық процестің 
маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, 
педпроцестің тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Оқыту нәтижесін тексерудің мәні – 
оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім стандартына сай білімді меңгеру 
деңгейін анықтау. Оқытуды бақылау бір жағынан, мұғалімдер мен мектеп жұмысын 
тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет 
етеді; екінші жағынан, о мұғалімнің оқушылар білімін тексруі және бағалауы. Бақылаудың 
мазмұны мен мәні ерекше. Мектеп ішіндегі бақылау белгілі бір дидакикалық талаптарға 
негізделеді: бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сай болуы; алынған ақпарат 
мазмұнының анықтылығы; бақылаудың жүйелілігі және т.б.
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең 
тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, 
оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, 
оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -
күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар 
Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол тақырыптық, тараулар 
бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген. 
Бақылаудың үш түрі бар: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет