Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
5. Тұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясы. Тұтас педагогикалық
үдеріс теориясы педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі ретінде.
6. Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы. Ұжымдық-танымдық іс-әрекет
технологиясы.
Дәрістің негізгі мазмұны
Қазіргі заманғы педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті
технологияландыру
білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жетілдіру,
өзін-өзі іс жүзінде көрсете алу, өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің
субъектілі негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты.
Қазіргі таңда ғылым саласында
педагогикалық технология ұғымының мазмұндық
негізін анықтауға зерттеушілер белсенді түрде ат салысуда, өйткені ол білім беру саласында
(В.П.Беспалько, В.А.Бухвалов, М.В.Кларин, В.М.Монахов және т.б.), тәрбие саласында да
(В.М.Коротков, Н.Е.Шуркова, және т.б) анықталған белгілі бір түсініктемеге келген жоқ.
Білім беру, оқыту және тәрбиеге деген технологиялық тәсілдердің түрлі қырларын
П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Н.Ф.Талызина; қазақстандық ғалымдар Г.К.Нұртаева,
Г.Т.Хайруллин. М.М.Жанпейісова, Г.А.Нуридинова және т.б. қарастырғаны айқындалды.
«Педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жатқан салыстырмалы түрде
жаңа
ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілгеніне тағы да көңіл бөлу
қажет. Қазақстандық ғалымдар (Н.Д.Хмель, Г.Хайруллин және т.б.) мен Ресей педагогтары
(Т.В.Селевко, В.Монахов, В.Гузеев және т.б.) берген анықтамалары ұсынылады.
В.Монахов «педагогикалық технологияны - мұғалім мен оқушы үшін жағымды
жағдайды қамтамасыз ететін оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру
және өткізуде барлық
бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі ретінде
анықтайды және технологияның міндеттерін түсіндіре отырып, педагогикалық технологияны
жобалаудың жетекші қағидасы – оқушының жеке белсенділігінің, қалыптасқан
қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі болуы» - деп есептейді.
В.Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан
айырмашылығын көрсете
отырып, «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы
қолдануға болатын. Қазіргі ұқсас жағдайлардың бар екенің өзі қарама – қайшы келеді» - деп
жазады.
Т.В.Селевко
«педагогикалық технология - оқытудың
анағұрлым тиімді жолдарын
зерттеуші ғылым ретінде де, оқытуда қолданылатын әдістер, ұстанымдар, жүйесі ретінде де,
сонымен қатар шынайы оқыту процесі ретінде де өзін таныта алады. Анықталғаны, қазіргі
күні педагогикалық технологияның негзгі көрсеткіштері: құрылым, технологиялық
критерийлер;
тұжырымдамалық, жүйелілік, басқару нәтижесі, жұмсалған күш үйлесімділік,
өнімділік» - деп түйіндейді.
Г.Хайруллин «педагогикалық технология – педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мен
жүзеге асырудың жобасы» деп есептесе, Н.Д.Хмель «педагогикалық технологиялар –
теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін тәжірибе жүзінде іске асыруға
бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін
кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның
да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін
– өздері
дамытуларына мүмкіндік туғызатын жүйелі іс -әрекеттер кешені» - деп санайды.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланатын білім беру
технологияларын мұғалімдердің дұрыс таңдауы білім мен тәрбиенің
сапасын арттыратыны
мәлім.
Г.К.Селевконың қазіргі таңдағы білім беру технологияларының топтамасы:
I. Педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына негізделген технологиялар:
ынтымақтастық педагогикасы;
ізгілік-тұлғалық (Ш.Амонашвили);