3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Бұрамдық берілістердің жіктелуі



бет19/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Бұрамдық берілістердің жіктелуі

Бұрамдықтық беріліс — біліктер арасында айналысты бұрама (бұрамдық 1) және онымен түйіндескен бұрамдық доңғалағы 2 арқылы беруге арналған механизм.

Біліктердің геометриялық осьтері осы кезде 90° бұрышпен тоғысады. Мұнда жетекші элемент әдетте бұрамдық болып табылады (ережеге сай, трапециялық бұрандасы бар бұрама), жетектегі – бұрамдық тармақтарымен өзара жиектеу нәтижесінде алынатын ерекше пішінді тістері бар бұрамдық доңғалағы.

Бұрамдықтық берілістердің екі түрі болады: цилиндрлік,глобоидты.

Бұрамдықтық берілістерді машина жасаудың түрлі салаларында шағын және орташа қуаттар кезінде қолданады.

Бұрамдығы мен доңғалағында бөлгіш және бастапқы беттері цилиндрлік болатын бұрамдықтық берілісті цилиндрлік бұрамдықтық берілі деп атайды.

 

 

1— бұрамдық; 2— бұрамдықтық доңғалақ



 

Бұрамдықтық берілістер

 

Орам бейінінің пішініне байланысты былай бөлінеді:



-       архимед бұрамдығы (3.18, а-сурет) — орамының шетжақ бейіні архимед спиралі болып табылатын цилиндрлік бұрамдық. Осы бұрамдық трапециялық бұрандаға ұқсас;

-       эвольвентті бұрамдық (3.18, б-сурет); шетжақ қимада орамның эвольвентті бейіні болады (қиғаш тісті доңғалақтағыдай);

-       конволюттік бұрамдық; орамының шетжақ бейіні ұзартылған немесе қысқартылған эвольвентті болып табылады.

а)                                            б)

 

а — архимедтік; б — эвольвентті



 

Цилиндрлік бұрамдықтардың конструкциялары

 

Машина жасауда цилиндрлік бұрамдықтардың ішінен архимед бұрамдықтары анағұрлым кең таралған. Оларды әдеттегі токарьлық немесе бұранда кескіш білдектерде кесуге болады.



Кіру саны бойынша бұрамдықтары бір кірмелі және көп кірмелі деп бөледі, орамының бағыттары бойынша оң немесе сол деп бөледі. Берілістік u санға тәуелді бұрамдық кірмелерінің саны z1 оң бағыт анағұрлым кең таралған; z1-ді доңғалақ тістерінің z2 санын қамтамасыз ететіндей етіп таңдайды.

Бұрамдық кірмелерінің саны артқан сайын бұрама сызығының көтерілу бұрышы жоғарылайды, бұл берілістің ПӘК арттырады. Сондықтан бір кірмелі бұрамдықтар әрқашан қолдануға ұсынылмайды.

Көптеген жағдайларда бұрамдықтарды білікпен біртұтас етіп, кейде – біліктен бөлек әзірлейді, сосын соған бекітеді.

 

 

а — архимедтік; б — конволюттік; в — эвольвенттік



 

Бұрамдықтардың негізгі алуан түрлері және бейіннің түзілу принципі





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет