3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Серіппелер. Жалпы түсінік



бет54/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Серіппелер. Жалпы түсінік

Қазіргі  заманғы  техникаларда  серіппелердің  көптеген  түрлері  
қолданылады. Серіппелерді тежегіштерде, сүйкелісті берілістерде жəне  
тербелістерде соққы əсерлерін баяулату үшін т.б. жағдайларда қолданады.  
Бөлшектер жұмысы кезінде туындайтын тербелістерде, соққы əсерлерін  
баяулату үшін немесе деформация кезінде серпінді күш есебінен механикалық  
энергияларды беру үшін қолданылатын бөлшектерді серіппелер деп атайды. 
Сыртқы күштің əсерінен кейін серіппелер өзіндік серпінді күшінің  
арқасында бастапқы пішініне (форма) қайтып келеді. Бұл серіппелердің  
басты қасиеті болып табылады. Серіппе сызбаларын орындау жəне оларды  
шартты белгілеу ережелері стандарт бойынша тағайындалған. Серіппелер  
деформациялануының түріне қарай төртке бөлінеді: сығылу, керілу, бұралу  
жəне иілу серіппелері (263-сурет). Сыртқы пішініне қарай серіппе цилиндр,  
конус, шиыршық, қақтама жəне табақ тəрізді болады. Көлденең қималарына  
қарай серіппелер тіктөртбұрышты жəне дөңгелек қималы болып келеді.  
Орамының бағытына қарай серіппе оң (оңқай) жəне теріс (солақай) болып  
бөлінеді. Серіппенің жұмыс сызбасын орындау. Сығылу жəне керілу серіппелерінің  
жұмыс сызбаларын орындау үлгілері 264, 265-суреттерде көрсетілген.  
Серіппелер бос күйінде, сыртқы əсерлер ескерілмей кескінделеді. Жұмыстық  
сызбада серіппе тек оң бағытта орындалады. Ал, серіппе орамының шын  
бағыты техникалық талаптарда көрсетіледі. Проекциялаудағы геометриялық  
заңдылықтарды сақтасақ, серіппелердің көріністері синусоидалар деп  
аталатын қисықтар болады. Сызбаны салуды оңайлату үшін қисықтарды  
түзу кесінділермен алмастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет