Муфталар. Жалпы мағлұматтар. Тұйық муфталар
Муфта[1] (нем. 'Muffe' немесе нидер. 'mouwtje') – техникада біліктерді, құбырларды, болат арқандар мен кабельдерді, т.б. жалғастыруға арналған құрылғы. Ол біліктерді өзара жалғастыру әрі соққы әсерінен қорғау, жетекші білікті жалғастыру не ажырату, ұзын біліктердің температуралық ұлғаюына қарсы шара, күрделі механизмдерді құрастыруды жеңілдету үшін және әр түрлі қорғауыш құрылғыларда басқару элементтері ретінде пайдаланылады. Муфтаны жалғастыру, машина мен механизмдер жетегінің муфтасы, ал пайдалану мақсатының ерекшелігіне қарай тұрақты жалғастыру муфтасы, басқару жүйесі арқылы біліктерді жалғастыру немесе оларды ажыратуға арналған басқарылмалы (ілінісу) муфта, жұмыс ырғағына сәйкес біліктерді жалғастыру немесе ажыратуды өздігінен автоматты түрде іске асыратын басқарылмалы муфта, машиналардың қалыпты жұмыс ырғағы қалыпты жағдайдан ауытқыған кездерде біліктерді ажыратып жіберуге арналған қорғауыш муфта және айналу моментін беруге арналған сырғанама муфта деген түрлерге ажыратылады. Құбырларды өзара жалғастыратын муфтаның бір түрін фитинг деп атайды.
машиналар жеке-жеке тораптардан құрастырылады, ал тораптар болса, бірбірімен муфталар арқылы қосылады және олар тораптар арасындағы күш байланысын қамтамасыз етеді. Техникада муфта деп, біліктерді жалғастыратын тетікті айтамыз. Муфталар машиналарда көбінесе қозғалтқыш пен редукторды және редуктор мен атқарушы механизмді жалғастыру үшін қолданылады. Машина жасау өндірісінде муфталар көбінесе мынадай жағдайларда қолданылады: а) біліктерді өзара жалғастыру үшін; ә) қозғалтқыштар мен жұмыс істейтін механизмдерді қосу және ажырату үшін; б) жұмыс істеп тұрған машина бөлшектерін шамадан артық түсетін күштен сақтау үшін; в) динамикалық күштерді азайту үшін; г) машина тораптарын құрастырғанда пайда болатын қателіктерді жою үшін. Муфталар өздерінің ішкі кұрылысына және атқаратын қызметіне қарай бөлінеді: а) механикалық муфталар; ә) электрлік муфталар; б) гидравликалық муфталар. Машина бөлшектері курсында тек механикалық муфталар ғана қарастырылады. Механикалық муфталар. Механикалық муфталардың өзі атқаратын қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: а) баскарылатын; б) басқарылмайтын; в) автоматтандырылған (өзін-өзі баскаратын). Ал басқарылмайтын муфталарға: 1) тұйық муфталар; 2) теңелту муфталары; 3) еркін қозғалыс муфталары жатады. Муфталар арқылы берілетін айналу моментінің мөлшері олардың негізгі сипаттамасы болып табылад
Достарыңызбен бөлісу: |