Тетіктер мен жинау бірліктерін стандарттау оларды арнаулы кәсіпорындарда жаппай өндіруді ұйымдастыруға, бағасын төмендетуге және өндіру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Стандарттау нысандарына қойылатын талаптарға байланысты ол мынандай дәрежелерге сұрыпталады:
Мемлекеттік стандарт (МемСТ) – өндірісаралық қолданылатын өнімдердің жаппай және көп сериялы өндірілуіне қойылатын талап. Біздің еліміздің барлық ұжымдары мен кәсіпорындары мемлекеттік стандартты сақтауға міндетті.
Салалық стандарт (ССТ) – берілген салаға тән өнімдерге, техникалық жабдықталуына және саймандарға қойылатын талап. Олар МемСТ-қа кірмейтін нысанды қамтиды.
Республикалық стандарт (РСТ) – республикадағы республикалық және жергілікті басқарыстағы кәсіпорындардың шығаратын өнімдеріне қойылатын талап. РСТ нысанына шикізат, материалдар, отын, республика ішінде өндірілетін және өңделетін пайдалы қазбалар, республика министрліктерінің салаларына сәйкес жаппай және сериялы өндірілген кейбір өнімдер түрлері жатады.
Кәсіпорындық стандарт (КСТ) – теук берілген кәсіпорындағы қолданылатын нормаларға, ережелерге, талаптарға, әдістерге және өнімнің құрамдас бөліктеріне шектеу қояды. КСТ қолданылатын тетіктердің номенклатурасына, жинастыру бірлігіне, материалға шектеу қоя алады. Әкелінетін өнімдерге КСТ ықпал жасай алмайды.
Кәсіпорынның және тағы да басқа ұжымдардың стандартталмаған өнімдеріне техникалық шарт (ТШ) жасалады.
Машиналарды жобалаудың техникалық-экономикалық негіздері. Жаңа машиналарды жобалауда қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – құрылымның технологиялы болуын қамтамасыз ету.
Технологиялы болу деп бұйымдардың өндіру және тұтыну талаптарына сәйкестігін айтады. Технологияны қамтамасыз етудің мақсаты – кең көлемде өзіндік құнын төмендете отырып, еңбектің өнімділігін арттыру және өнімнің сапасын көтеру. Конструкцияның технологиялығы төменде сипатталады:
Механикалық өңдеуді көп қажет етпейтін, конфигурациясы қарапайым тетіктерді жаңа машинада қолдану. Қалыптау, дәл құю, фасонды илем, пісіру кеңінен қолданылады;
Берілген конструкцияның үйлестірімділігі, яғни машиинаның әртүрлі тораптарында бірдей бөлшектердің қолданылуы;
Тетіктердің стандартты конструктивтік элементтерін, сонымен қатар стандартты дәлдік топтарын және қондыруды кеңінен қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: |