3 сессия жауаптары Механизмдер мен машиналарды жобалау


Тозуға төзімділік. Жылуға төзімділік. Дірілге төзімділік



бет40/54
Дата02.01.2022
өлшемі1.98 Mb.
#454287
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54
3 сессия жауаптары механизмдер мен машиналарды жобалау

Тозуға төзімділік. Жылуға төзімділік. Дірілге төзімділік

Жылуға төзімділік – деп бөлшектердің белгіленген уақыт аралығында, белгілі бір төменгі және жоғарғы температура бойынша жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Бөлшектің шамадан тыс жылу бөлуі: Бөлшектердің беріктігінің кемуі Май қабаттарының қорғалуының төмендеуі Қозғалмалы қосылыстарда саңылаудың үлкеюі Үйкеліс коэффициентінің төмендеуі Аталған теріс құбылыстарды болдырмас үшін машина бөлшектерін қызуға есептейді. Қосымша жасанды суыту жұмысын енгізеді.

Дірілге төзімділік – деп бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігінде жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Тозу – деп бөлшек беттерінің тегіс болмағанынан немесе жұмыс атқару барысында пайда болатын шаң-тозаңның себебінен туындайтын үйкелістің әсерінен машина бөлшектері пішіндерінің кішірею мен өзгеруге қарсыласу қабілеттілігін айтады.

Тозудың келесідей түрлері қарастырылған:

А) Механикалық тозу (беттердің кедір-бұдырлығынан немесе қатты бөгде бөлшектердің сызып кетуінен пайда болады);

Ә) Молекуляр-механикалық тозу – бөлшектердің бір-бірімен қабысып немесе ұстасып қалуы;

Б) Коррозия –механикалық тозу бөлшектердің механикалық тот басуы. Бөлшектердің тозуға төзімділігін арттыру үшін олардың беттерін химия-термиялық өңдеуден өткізеді және үйкелісетін беттерді майлайды, үйкеліске қарсы материалдар қолданылады.

6. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың  келесі  жолдары  қабылдануы  мүмкін:

қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;



  • өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;


  • өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды  бақылау  жүйесінің  өзгеруі;


  • өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;


  • нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;


  • өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;


  • жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;


  • импорт құрылымы  мен  импортталатын  өнім  түрлерінің  өзгеруі





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет