Тозуға төзімділік. Жылуға төзімділік. Дірілге төзімділік
Жылуға төзімділік – деп бөлшектердің белгіленген уақыт аралығында, белгілі бір төменгі және жоғарғы температура бойынша жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Бөлшектің шамадан тыс жылу бөлуі: Бөлшектердің беріктігінің кемуі Май қабаттарының қорғалуының төмендеуі Қозғалмалы қосылыстарда саңылаудың үлкеюі Үйкеліс коэффициентінің төмендеуі Аталған теріс құбылыстарды болдырмас үшін машина бөлшектерін қызуға есептейді. Қосымша жасанды суыту жұмысын енгізеді.
Дірілге төзімділік – деп бөлшектің немесе жүйенің зиянды тербеліссіз қажетті айналым жиілігінде жұмыс атқару қабілеттілігін айтады. Тозу – деп бөлшек беттерінің тегіс болмағанынан немесе жұмыс атқару барысында пайда болатын шаң-тозаңның себебінен туындайтын үйкелістің әсерінен машина бөлшектері пішіндерінің кішірею мен өзгеруге қарсыласу қабілеттілігін айтады.
Тозудың келесідей түрлері қарастырылған:
А) Механикалық тозу (беттердің кедір-бұдырлығынан немесе қатты бөгде бөлшектердің сызып кетуінен пайда болады);
Ә) Молекуляр-механикалық тозу – бөлшектердің бір-бірімен қабысып немесе ұстасып қалуы;
Б) Коррозия –механикалық тозу бөлшектердің механикалық тот басуы. Бөлшектердің тозуға төзімділігін арттыру үшін олардың беттерін химия-термиялық өңдеуден өткізеді және үйкелісетін беттерді майлайды, үйкеліске қарсы материалдар қолданылады.
6. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:
қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды бақылау жүйесінің өзгеруі;
өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;
жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
импорт құрылымы мен импортталатын өнім түрлерінің өзгеруі
Достарыңызбен бөлісу: |