3-сынып Оқу сауаттылығы 1-нұсқа Берілген бес жауаптың біреуі дұрыс



бет5/14
Дата01.03.2024
өлшемі180 Kb.
#493512
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
3-4-сынып оқу сауаттылығы 1-2-нұсқа (5)

Оқу сауаттылығы 2-нұсқа

1-мәтін
Райымбек батыр ерлігі.


Ерлік табиғаты қалың көпшіліктің түсінігіне сия беретін іс емес. Махамбет: Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме ? деген. Ерлік болмысында тентектік бар. Ерлікті түсіну үшін де мерзім керек. Ер адам мерт болам демейді, себебі оған қуат беретін – намыс.Бұл жөнінде мақал да тура айтылған: “Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді”. Ерлік деген бір сәттік көрініс емес, ерлік – батырдың қалыпты жағдайы. Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз болмысынан шығады. Ерлік жасап атымды қалдырам дегендер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал, бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам – Райымбек бабамыз. Көкойнағына мініп ойқастап, атойлап дұшпанына қарсы шапқан Райымбектің Ойрантөбедегі шайқасы тарихта ерекше аңыз болып қалған. Бұл шайқас қазіргі Алматы қаласынан Нарынқолға қарай 160 шақырым жерде болған. Осы Ойрантөбеде Райымбек қалмақтың "мен" деген батырларын кезек-кезек жекпе-жекке шақырып, шетінен бірін қалдырмай қырып тастайды. Осылайша, ол Түргенді, Сөгетіні, Ойрантөбені және Жалағашты дұшпандардан босатады. Сол кезде алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды,


Секер, Барақ жойылды.Райымбек келді де,Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.
1. Райымбек батырдың мінген аты
А. Арғымақ
В. Көкшолақ
С. Байшұбар
Д. Көкойнақ
Е. Керқұла
2. Райымбек пен қалмақтардың қай жердегі шайқасы тарихта аңыз болып қалды?
А. Орбұлақ
В. Таушілік
С. Отырар
Д. Қарабұлақ 
Е.  Ойрантөбе
3.Ер адам мерт болам демейді, себебі, оған қуат беретін – … не нарсе?

А. Намыс


В. Өжеттік 
СІскерлік
Д. Еңбекқорлық 
Е. Спорт



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет