3-сұрақ Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері


Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз



бет2/7
Дата03.01.2022
өлшемі25.68 Kb.
#451480
1   2   3   4   5   6   7
3-сұрақ

Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз — оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы -барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.

Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны — оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық білік-тілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті — оқушыларға табиғат пен қоғам дамуының заңдарын меңгертетін ғылыми дүниетінуды қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет