3-сұрақ Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері



бет7/7
Дата03.01.2022
өлшемі25.68 Kb.
#451480
1   2   3   4   5   6   7
3-сұрақ

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
-  тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.

Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Тәрбие түрлерін оқу пәндерінде қолдануға болады. Мысалы:әдебиеттік оқу пәнінен адамгершілік тәрбиесі оқыған мәтін бойынша берілуі мүмкін,жаратылыстанудан құқықтық тәрбие жолдарын тақырыппен байланыстырып өткізуге болады. Әр түрлі кештер,сенбіліктер арқылы тәрбие жұмыстары жүргізіліп тұрады.


Қазіргі таңдағы мұғалімдерге оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастыруды қатаң талаппен сұрайды. Оған негізінен мынадай үш түрлі басты міндет жүктеледі.

— тәрбие жұмысын үйлестіріп отыру;

— сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, оған бағыт беру;

— мектеппен отбасының байланысын жасау;



Мұғалім, ұстаздардың жұмысы қиын, жауапты, өте күрделі. Сондықтан балаларға сүйіспеншілікпен қарап, барлық күш-жігерін салмаса, оны талапқа сай орындау қиын. Қазіргі оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттеу т.б. мәліметтерді әр кезде біліп отыру, тестік әдісті қолдану мектептерде орын ала бастады.Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі. Ойымды тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет