3 Тақырып. Қан кетулер кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі. Акушериядағы қан кету кезіндегі көмек



бет2/7
Дата29.04.2023
өлшемі37.19 Kb.
#473005
1   2   3   4   5   6   7
қан кетулер анықтамасы

Артериялық қан кету – өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара – көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар.
Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады.
Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.

  • Сыртқы ортаға, ағзаларға және тіндерге қатынасына байланысты тін ішілік, сыртқы және ішкі қан кету деп бөлінеді.

Тін ішілік қан кету. Қан тамырдан шығып оның айналасындағы тіндерге сіңгенде, қан құйылу пайда болады, егер қан тіндерді ажыратса гематома түзіледі.
Сыртқы қан кету кезінде қан сыртқы ортаға ағады және оны анықтау қиынға түспейді. Егер қуыс сыртқы ортамен тікелей байланыста болып қан сыртқа ағатын болса ондай қан кетуді сыртқы қан кету деп атайды (мұрын қуысынан қан кету, асқазаннан қан кету, несеп жолдарынан, іш қуысына, кеуде қуысына, буын ішіне, үлпершек ішіне).
Қан ішкі қуыс ағзалардың ішіне немесе организмнің табиғи қуыстарына құйылатын болса ондай қан кетуді ішкі қан кету деп атайды.
Ішкі қан кетулер айқын және астыртын қан кетулер болып екіге бөлінеді.
Қан өзгеріске ұшыраған түрде болсын, белгілі бір уақыт өткеннен соң, сыртқа шығатын болса мұндай қан кетуі ішкі айқын қан кету деп аталады және күрделі тексеру жүргізу мен арнайы белгілерді анықтауды қажет етпейді. Мұндай қан кетулерге асқазан – ішек жолдарының қуысына қан кету жатады («кофе тұнығы» түстес құсықпен, нәжістің қара түске (мелена)
боялуымен көрініс береді). Ішкі қан кетуге сонымен қатар, өт жолдарынан қан кетуді, бүйрек пен несеп жолдарынан қан кетуді жатқызады.
Астыртын қан кету кезінде қан ішкі қуыстарға құйылады, сондықтан көзге көрінбейді.
Олардың қан құйылған жерге байланысты арнаулы атаулары бар. Серозды қуыстарға қан кетудің бір ерекшелігі қанның фибринінің серозды қабықтарға шөгуі. Сондықтан, серозды қуыстардағы қанның құрамында фибрин болмайды да қан ұйымайды. Астыртын қан кетулерді анықтау өте күрделі. Сондықтан, қан кетудің кәдімгі белгілерінен басқа жергілікті белгілерді анықтайды, диагностикалық пункциялар жасалады және қосымша анықтау тәсілдері қолданылады.

  • Қан кетудің басталу мерзіміне байланысты біріншілік және екіншілік қан кетулер болады.

Жүректің, қан тамырының, паренхиматозды ағзаның жарақатынан кейін бірден болатын қан кетуді біріншілік қан кету деп атайды.
Егер қан кету өздігінен тоқтап, белгілі бір уақыт өткен соң сол жерден қайталанатын болса ол екіншілік қан кету деп аталады. Оның қайталану мерзіміне байланысты екіншілік қан кетуді ерте және кеш екіншілік қан кету деп екіге бөледі. Ерте екіншілік қан кету деп тоқтағаннан кейін бірнеше сағаттан 4-5 тәулікке дейінгі аралықтағы қан кетудің қайталануын, кеш екіншілік қан кету деп 4-ғ тәуліктен кейінгі қан кетуді айтады.
Егер паренхима мен оның қабығы бір мезетте зақымданып қан қуысқа бірден құйылатын болса мұндай қан кетуді бір мезеттік қан кету деп атайды. Егер паренхима зақымданып, қан қабық астына жиналып, қабық кейін жыртылған кездегі қан кету екі мезеттік қан кету деп аталады.
Ерте екіншілік қан кетудің екі негізгі себебі бар:
Алғашқы операция кезінде тамырға салынған байлаудың босап кетуі.
Жүйелік қан қысымы көтеріліп, қан айналысы жылдамдаған кезде, қан тамырының спастикалық жиырылуы (жедел қан кетудегі) бәсеңдейді де қан тромбты жуып жібереді.
Кеш екіншілік қан кетулер немесе аррозиялық қан тамырларының жарадағы инфекциядан ыдырауымен сабақтасты.
Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.
Қан кетудің ауырлық дәрежесіне байланысты түрлері.
Қан кетудің науқастың өміріне қауіптілігі мен организмдегі қан айналысының бұзылу сипаты қан кетудің ауырлық дәрежесімен анықталатын болғандықтан, қан кетудің ауырлық дәрежесін анықтаудың маңызы аса зор. Қан кетудің ақыры үшін 2 фактордың шешуші маңызы бар: жоғалтқан қанның көлемі және қан кетудің жылдамдығы. Қан кетудің ауырлық дәрежесінің әртүрлі жіктеулері, негізінен 3- 4- дәрежелік жіктеулері қолданылады.
Дегенмен, қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр).
жеңіл дәрежесі – АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
орташа дәрежесі – АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
ауыр дәрежесі – АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 – 2000мл)
массивті дәрежесі – АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет