Жұмыстың мазмұны:
1-тапсырма. Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторының көмегімен жеке есімхат әзірлеу.
Есімхатта: фамилиясы, есімі, әкесінің аты; мекен жайы; телефоны; оқу орнының толық аты; факультеті; туылған күні; зодиак белгісінің суреті болу керек.
Есімхатты әзірлегенде келесі растрлік графикалық қосымшаның құралдарын пайдалану керек: тіктөрт бұрыш, дөңгелек; тұйықталған аймақты құю; бүріккіш (распылитель);
2-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы.
Кескіндердің көмегімен сурет салу. Контурдың тиімділігін пайдалану (7.1-сурет). Суретті салу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
Құрама кескіндерді құру керек:
Э ллипс.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш.
Эллипс (шеңбер).
Екі бірдей шеңбер.
Үш нүктелі көпбұрыш (полигон).
Суретте көрсетілген кескінді (каркас) салыңыз. Орындалу реті объект номерімен сәйкес келеді:
1-объектіні қою қоңыр бояуға бояңыз. 2 және 3 объектілерді Weld командасымен біріктіріп, алдыңғы көрініске қоямыз. Interactive Fill Tool құралының көмегімен ашық түсті қоңырдан қою түсті қоңырға ауысатын радиалды градиентпен бояймыз. Жиегін алып тастаймыз. 4-объект қара түске боялып, жиегі алынады. 5-объект қара сұр түске боялып, жиегі алынады.
Pick құралдың көмегімен барлық объектілерді қосып топтастырамыз (Ctrl+G). Мұртшаларды бояуға кірісеміз. Point Curve Tool 3 құралын таңдаймыз (үш нүкте бойынша қисық). Бұл құралдың атқаратын қызметі алдыңғы құралдарда айтылғандай. Үш нүкте бойынша тіктөртбұрыш және үш нүкте бойынша Эллипс. Алдымен (тышқанның сол жағымен екінші нүктені ұстап тұрып) қисық нүктені белгілеңіз, сондан кейін үшінші нүктеге кішкентай имек жасаңыз.
Мұртшаның ұшына кішкентай эллипсті орналастырып, қара түске бояу қажет. Жасалған сол мұртшаны топтастырамыз. Объектіні көшіріп, көлденеңінен қойыңыз. Оң жақ мұртшаны толығымен симметриялы болу үшін бұрыңыз.
Барлық объектілерді тағы да топтастырамыз. Қанаттарын жасауға кірісеміз. Polyline немесе Pen көмегімен сол жақ қанатын жасаймыз. Барлық сегменттер кәдімгі түзу сызық.
Shape аспабымен қанатшаның жоғарғы жағын бөліп аламыз. Select All Nodes панельден кнопканы басамыз (барлық жүйелерді қосамыз). Осы жерден 70 дейін (Curve Smoothes) созу белгісін орнатыңыз. Қанатшаның жоғарғы бөлігі жасалып келеді.
Осы операцияны қанатшаның төменгі бөлігіне Curve Smoothes 80 дейін орнатыңыз. Жоғарғы жағы қызғылт сары түске боялады. Төменгі жағын ашық түске бояңыз.
Қанатшаларды ашық түстерге бояу қажет. Ол үшін (интерактивті контур) Interactive Contour құрал көмегімен (анықтама: Интерактивті контур). Қанатшаның жоғарғы жағына бұл құралды қолданамыз. Төменгі суреттегідей панельдің параметрлерін белгілейміз.
Оң жақ тышқанмен жоғарғы жақтағы түстер палитрасын аламыз. Аналитикалық үлгіде қанатшаның төменгі жағы алынады. Сізде мынадай сурет пайда болуы қажет.
Екі бөлік қанатшаны топтастырып денесіне орнатамыз. Содан кейін «артқы жаққа» қоямыз.
Pick құралымен сол жақ қанатын белгілеңіз. Scale палитраны шақырамыз (басқа тізім арқылы Arrange-Transformations-Scale немесе Alt+F9 клавишасымен). Суреттегідей көлденең параметрлер орнатамыз.
Apply to Duplicate кнопкасын басыңыз (дубликатқа қолдану). Pick аспабымен оң қанатын денесіне жақын орналастырамыз. Көбелектің барлық денесін бірге топтастырамыз. Біздің көбелек дайын.
7.1-сурет – Тапсырма нәтижесі
3-тапсырма. Corel Draw графикалық редакторы. Нұсқа бойынша тапсырманы орындаңыз.
7.1-кесте – Тапсырма нұсқалары
Достарыңызбен бөлісу: |