IP-адрес - бұл мысалы, 109.26.17.100 түріндегі тетрадамен жазылатын бірегей идентификатор. Бұл нөмір компьютерге тұрақты түрде немесе динамикалық түрде бекітілуі мүмкін, яғни қолданушы провайдермен қосылғанда, кез келген уақытта Интернетте IP-адрестері бірдей екі компьютер болмайды. Бұл адрес желілік деңгейде қолданылады.
Символдық адрес немесе DNS-атауы администратормен бекітіледі және бірнеше бөліктен тұрады, мысалы, машинаның атынан, мекеменің атынан, домен атынан SERV1.IBM.COM. Мұндай адрес қолданбалы деңгейде қолданылады. Мысалы, Тelnet немесе FTP хаттамаларында.
IР-адрес компьютерді нақты сәйкестендіреді, бірақ бұл жеткілікті емес. Электронды поштаны, файлдарды, гипермәтіндік ақпаратты т.б. беруді қамтамасыз ететін Internet-тің әрбір байланысында әртүрлі қызметтері жүктелуі мүмкін. Әр қызмет өзінің жұмысында сол немесе басқа қолданбалы деңгей хаттамасын қолданады. Файлдарды жіберу қызметін FTP - (File Transfer Protocol) хаттамасы, web-парақтарды жіберу қызметін - HTTP (HyperText Transfer Protocol) гипермәтін ақпаратын жіберу хаттамасы, электронды поштамен жұмыс жасау үшін - SMTP, POP3, IMAP және т.б. хаттамалар атқарады.
0-ден 65534-ке дейінгі сандардан тұратын әрбір қызметке жеке порт жүргізілген. Көп қолданылатын қызметтерге порттардың стандартты нөмірлері резервтелген. Сондықтан FTP үшін бұл 21, HTTP үшін 80, SMTP - 25, POP3 - 110.
Сондықтан, желіге қосқанда TCP-дағы кез келген байланыс арнасы екі мәнмен анықталады: ЭЕМ-ның IP-адресімен және порт нөмірімен. Бұл комбинация сокет деп аталады (абоненттік нүктенің соңы).
Интернетте ақпаратқа қол жеткізу (қажет Web-парақты іздеу үшін) үшін домендік атаулар ғана емес, URL (Universal Resource Locator) ресурстардың көрсеткіштері қолданылады.
WWW (World Wide Web – бүкіләлемдік тор) – бұл HTML тілі және http хаттамасы қолданылатын, Интернеттің әртүрлі ресурстарына - құжаттарына, графикаға, аудио және видео жазбаларға рұқсат беруді жүзеге асыратын қызмет.
Іздеу жүйесі – бұл Интернет ресурстарын автоматты түрде қарайтын, олар таба алатын және олардың мазмұнын индекстейтін күшті компьютерлердің және бағдарламалардың комплексі.
Интернет желісіндегі сервер – бұл желідегі қолданушыларды қамтамасыз ететін компьютер: дисктерге, файлдарға, принтерге, электронды поштаға еркін енуді бөліседі. Негізінде сервер – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың жиынтығы.
Сервердің қызметіне қол жеткізе алатын кез келген компьютерді желінің клиенті немесе жұмыс парағы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |